22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАСПАНАЛЫ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...

БАСПАНАЛЫ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ... Қазіргі таңда баспаналы болу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес компаниялар тарапынан ұсынылған бағдарламалар көбейіп жатыр. Солардың ішінде кейінгі кезде шыға бастаған мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы және «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын атап өтуге болады. Осы екеуінің шарттарын түсіндіріп көрсек.

15 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып табылады.

Банктердің ең көбі жылдық 17% сыйақы мөлшерлемелерін 7 жыл бойы субсидиялау күтілуде. Субсидия осы кезеңде беріледі. Ипотеканың соңғы қарызгеріне ипотеканы 10% дейін төмендету үшін мемлекет сыйақы құнының 7% дейін жабуды қамтамасыз етеді.

«Біз биыл аталған бағдарламаның көмегімен тұрғын үй алуға шамамен 8000 ипотекалық қарыз бөлінеді деп жоспарлаудамыз», - деді ҚР ҰЭМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Бағдарлама сондай-ақ жеке үй салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыруға бағдарланған. Ол үшін қолжетімді кредиттік ресурстар енгізу болжанып отыр – мемлекет екінші деңгейлі банктердің жаңа тұрғын үй салуға беретін несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялайды. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған, олар 157 млрд теңге сомаға үй салушылардың банктік несиелерін субсидиялауға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша, бұл қосымша шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Олардың жартысы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшыларына ұсынылады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы әр қазақстандыққа 10 сотық жер бөлу туралы мәселені шешеді.

«ҚР-ның әр азаматының жер заңнамасымен регламенттелген жеке тұрғын үй құрылысына әкімдікпен инженерлік инфрақұрылым тартылған 10 сотық жерді тегін алуға құқығы бар. 10 сотық жер алу үшін әкімдікке өтініш беру керек, яғни жер теліміне ЖАО кезекте тұру қажет», – деді М. Жайымбетов.

Тұрғызылған дербес үйлер мемлекеттік қолдаумен ТҚЖБ жүйесі арқылы жер телімдеріне ЖАО кезекте тұрғандарға төлеп алуға ұсынылатын болады, яғни ЖТҚ сатып алуға несиелерді субсидиялау арқылы жүргізіледі. Мөлшерлеме 5% деңгейінде болады деп болжанған. Аталған шара жеке тұрғын-үй құрылысына едәуір әсер етеді.

«Биыл 100 мыңға дейінгі тұрғын-үйді пайдалануға өткізу жоспарланған. Бұл 10 млн-нан астам шаршы метр. Құрылыс салушыларға қарыз субсидияланатын болады. 600 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй», - деді Комитет төрағасы.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2031 жылға дейін 1,5 млн адам жеке баспанаға ие болады. Олардың 500 мыңнан астамы таяу бес жылдың ішінде (2017-2021 жж.) алады деп жоспарланған. Аталған бағдарлама аясында ЖТҚ-на 10 сотық бойынша 664 000 жер телімі беріледі, қазақстандықтар Қазақстандық ипотекалық компания мен Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы 35 000 арендалы баспана, 280 000 несиелік үй алады, 521 000 коммерциялық тұрғын үй ипотека бойынша беріледі.

2017 жыл мен 2021 жыл аралығында Бағдарламаны іске асыру бойынша 1,548 трлн теңге, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың – 802,8 млрд теңге қаражатын бағыттау жоспарланған. Ең бастысы, бағдарламаны іске асыру тұрғын үй қорын 18%-ға, халықтың қамтылуын 2015 жылмен салыстырғанда екі пунктке арттыруға мүмкіндік береді.

Үкіметтің 2017 жылға басым міндеттерінің бірі инфақұрылым мен тұрғын үй нысандарын тұрғызу арқылы баспананың қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Қалалық әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер түсіндіргендей, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасылар үшін баспана «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі.

Осы бағдарлама бойынша жас отбасында ұсынылған баспанада жеңілдікпен тұрып, 8 жыл бойына тұрғын үй сатып алу үшін жарналар жинақтауға және кейіннен 15 жылға дейінгі мерзімге банктен тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндігі болады. Жалға берілетін баспана салудың және сатудың осы механизмі жас отбасыларға арналған баспаналардың қолжетімділігін арттырады.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1) өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет;

2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы;

3) өтініш берілген елді мекенде тіркелуі;

4) ерлі-зайыптыда және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

5) соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын төмендету фактілерінің болмауы;

6) соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы Атырау қаласы үшін – төменгі күнкөріс минимумының 4 есе мөлшері (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТКМ – 17 439 теңге).

Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) аталмыш бағдарламаға қатысу өтініштерін қабылдауды жалға берілетін тұрғын үй құрылысы басталған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей бастайды және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер аз болған жағдайда ЖАО өтінішті қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары» мемлекеттік мекемесі «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап Сәтбаев, 23 мекен-жайындағы халыққа қызмет көрсету орталығында өтініштер мен құжаттарды қабылдауды бастады.

Қалалық ТКШ, ЖК және КЖ бөлімінің бастығының атына жазылған өтініш бланкасына жеке бас куәлігінің, неке туралы куәліктің, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері, өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама (түпнұсқа), еңбек кітапшасының, үй кітабының көшірмелері немесе тіркелген мекен-жайы бойынша мекен-жай анықтамасы, тіркелген мекен-жайы бойынша пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін (үйдің жоспары мен сату-сатып алу келісім-шартының көшірмелері), баспана алуға үміткер кәмелетке толған барлық отбасы мүшелеріне берілген әділет департаментінің №1 формадағы анықтамасының түпнұсқалары тіркелуі қажет. Өтініш бергеннен кейін төлемге қабілеттілігін растау үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Атырау филиалына жолдама беріледі.

Жас отбасыларды іріктеу баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Баллды есептеу тәртібі:

1) некеге тіркелген әр жыл үшін – 5 балл;

2) бір балаға – 20 балл, әрбір келесі балаға – 30 балл;

3) ҚР үкіметінің бекітілген тізіміне сәйкес мүгедек боп табылатын немесе кейбір созылмалы сырқаттың ауыр түріне шалдыққан әрбір отбасы мүшесіне – 10 балл;

4) мемлекеттік бағдарлама аясында алдыңғы іріктеу кезінде салынған үй тізіміне енбеген үміткерлерге қосымша 5 баллдан.

Іріктеуден өткен азаматтарға қайтадан төлем қабілеттігін растау шегінен өту үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Атырау филиалына жолдама беріледі. Қаржылық ауқаттылығы расталғаннан кейін жалға берілетін баспананы бөлу баллдық жүйе бойынша кезектілік тәртібімен және салынып жатқан үйлерді пайдалануға беру ретіне қарай жүзеге асырылатын болады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» үш ай ішінде жарна төлемі болмағандығы туралы ақпарат түссе, өкілетті орган жалға алушыны жалға берілген баспанадан шығарады.

Қолайлылықтың 4 деңгейіндегі пәтерлерді алудың шамамен есебі (1шаршы метрдің құны – 120 мың теңге):

1) алаңы 45 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем (төлегенге дейінгі алғашқы 8жылда жинақ салымы) 25 440 теңге және төлегеннен кейін 16 800 теңге құрайды (15 жылдық тұрғын үй қарызын өтеу);

2) алаңы 62 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем – 38 160теңге және төлегеннен кейін 25 200 теңге;

3) алаңы 75 шаршы метр болатын пәтер: ай сайынғы төлем – 50 880теңге және төлегеннен кейін 33 600 теңге.

Келесі мақалаларда басқа да банктер мен компаниялардың жеңілдетілген несиелерін қарастырамыз.

Нұрлан Жанай, Intellect Incubator, директор
Просмотров материала: 8 396

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 156 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 988 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 630 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 655 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 961 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 714 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 900 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 047 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 425 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930