27 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЙДОС САРЫМ: ДЕТОТАЛИТАРИЗАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН МЫҚТЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ҚАЖЕТ

АЙДОС САРЫМ: ДЕТОТАЛИТАРИЗАЦИЯНЫ ЖҮРГІЗУ ҮШІН МЫҚТЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ҚАЖЕТ Жақында елімізге Германия Президенті Вальтер Штайнмайер мырза келді. Ақордада ресми кездесу өткізіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен біраз мәселенің басын қайырды. Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас, экономикалық әм іскерлік байланыстар сөз болды. Екі Президенттің кездесуі позитивті болғандығын, емен-жарқын әзілдескенінен-ақ ұқтық.

Одан кейін Германия Президенті қазақстандық қоғам белсенділерімен де кездесті. Саясаткер Айдос Сарым мен Досым Сәтпаевтың әлеужелідегі жазбасынан байқағанымыз, қатып қалған қағидан, ресми протоколдан тыс еркін дискуссия болған екен. Германия Президенті мен қазақ саясаткерлері не туралы сөйлесті? Біз Айдос Сарым мырзаға хабарласып, білдік.

-Айдос мырза! Естуімізше сіздер кеше Германияның президенті Франк Вальтер Штайнмайер мырзамен кездескен екенсіздер..

- Нұргелді, иә, рас. Германия Президентінің Қазақстанға іс-сапары барысында кездестік.

- Бұл кездесуде кімдер болды, ұйымдастырған кім?

- Кездесудің ұйымдастырушысы Германияның Қазақстандағы елшілігі. Жалпы алғанда Германия басшылығының жақсы бір мәдениетінің көрінісі деп айтса да болады. Кейбір елдердің басшылары елге келген кезде тек ресми билік өкілдерімен, бизнес-элитамен ғана кездесіп жатады. Штайнмайер мырза қажетті кездесулерін өткізе отырып, еліміздегі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуді де жөн санап, Қазақстандағы қоғамдық, саяси, экономикалық жағдай туралы жан-жақты ақпарат алғысы келетіндерін жасырмады. Кездесуге Қазақстанның азаматтық қоғамы өкілдері жағынан төрт адам болдық. Белгілі құқыққорғаушылар Евгений Жовтис пен Анар Ыбыраева, саясаттанушы Досым Сәтпаев пен өзім. Кездесу екі сағатқа жуық созылды. Германияның президенті Штайнмайер мырза Орталық Азиядағы жағдай туралы Еуропа басшылары арасындағы ең хабардар, Қазақстанға көп мәрте келген тұлға екені анық. Көптеген мәселелер бойынша хабары, түсінігі бар екенін айқын көріп отырдық. Кездесуге қатысқан азаматтарға нақты-нақты сұрақтар қойып, ақпаратын жаңартып отырды.

- Кездесуде қандай мәселелер айтылды?

-Барша азаматтар өздері айтып жатар, өз басым үш мәселе бойынша көзқарасымды, пікірімді айттым. Біріншіден. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы жаңа стратегия жобасы әзірленіп жатыр. Менің ойымша, бұл құжат жаңа геосаяси жағдайды ескере отырып қабылдануы керек. Мысалы, бүгінгі Ресей мен Батыс арасындағы қырғиқабақ қатынастардың Қазақстанға теріс ықпалын, Ресей тарапынан бізге жасалынып жатқан саяси қысымды ескеруі тиіс. Осыған орай, Еуроодақтың Ресей насихатына қарсы төтеп беретін аймақтағы тың саясаты қажет дедім.

Екіншіден. Германия басынан өткерген детоталитаризация сияқты үдерістерді біздер де басымыздан өткеруіміз қажет. Біздер тек декоммунизацияны ғана өткеріп жатқан жоқпыз, отарсыздану үдерісін де жүргізіп жатқан елміз. Бұған мықты ақпараттық, мәдени саясат қажет. Осыған Германия сияқты елдің тәжірибесі ауадай қажет.

Үшіншіден. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар бүгін ғана пайда болған жоқ. Көне тарихтан бері екі арада қатынастар, дәнекер тарихи тұлғалар, ғалымдар, саяхатшылар болған. Мысалы, 1938 жылы сталиндік репрессия жылдары Алматыда атылып, Жаңалық зиратында жерленгендердің біразы осы Германияның азаматтары болатын. Қазақстан өз атын әлемге шығаруға, оның ішінде Германияға паш етуге мүдделі. Осы тарих айтылып, жазылуы керек. Соған екі жақты қоғамдық, мәдени қатынастарды еселеп күшейту қажет дегендерді айттым.

- Еліміздегі саяси қуғын-сүргінге түсіп жүрген азаматтардың жайы (әріптесім Жанболат Мамай бар, кешегі Жер дауы кезінде қамалған Талғат Аян мен Макс Боқаев т.б.) айтылды ма?

-Кездесуге қатысқан төртеуміз де осы мәселелерге нақты, ортақ пікірімізді жеткіздік. Қапаста отырған Мақсат Боқаев пен Талғат Аянды босату қажеттігін баса айттық. Сонымен қатар, бүгінде жазықсыздан-жазықсыз қудаланып, істі болып жатқан Жанболат Мамай бауырымыздың тағдырына алаңдайтынызды да жеткіздік. Бұл мәселелер туралы Германия басшылығы хабардар екендігіне көзімізді жеткіздік.

-Әңгімеңізге рақмет, ісіңізге сәттілік!

-Өздеріңізге де рақмет!

Дереккөз: Abai.kz
Просмотров материала: 2 735

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 224 258 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 964 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 457 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 491 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 856 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 946 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 974 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 308 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 023 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 223 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 922 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 049 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 672 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 555 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 591 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 786 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 545 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 955 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 736 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 551 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 397 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 239 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 613 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 488 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 969 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 410 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 300 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 538 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 931 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 276 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 219 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 363 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 299 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 548 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 674 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031