3 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



НҰРЛАН ЖАНАЙ: 91 ТОБЫН ҚОЛДАЙТЫНЫМНЫҢ 7 СЕБЕБІ

НҰРЛАН ЖАНАЙ: 91 ТОБЫН ҚОЛДАЙТЫНЫМНЫҢ 7 СЕБЕБІ Ninety One тобы жайлы ең алғаш 2015 жылы естідім, бірақ басында мән бермей жүрдім. Ресми түрде 2-әні «Қайтадан» шыққан кезде дұрыстап тыңдап қарасам, әндері ерекше ұнады. Бірақ түрлері мен стильдерін сәл-пәл қабылдай алмай, сондай-ақ көпшіліктің алып-қашпа әңгімелеріне еріп, Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделханмен кездесуге бел будым.


1. МАРКЕТИНГ ПЕН СТРАТЕГИЯ. Ерболат Беделханмен кездесу барысында тапжылмай отырып, екі сағат сөйлескенде біраз дүниеге көзім жетті. Ол маған топтың стратегиясы мен маркетингінің шет жағасын айтқанда, топтың фанатына айналғанымды түсінбей қалдым. Музыканың үлкен индустрия екенін және мәдениет арқылы халықты әлемге танытуға болатынын естіп, көзі ашық продюсерге ризашылығымды білдірдім.

2. БРЕНД. Шет елдерде әншілер өз әндерімен қоса түрлі ұлттық, коммерциялық, басқа да өнімдерін пиарлайды. Тек әнмен ғана емес, басқа да табыс көздерін өз өнері арқылы жүйелеп отырады. Алысқа бармай-ақ Ресейлік Тиматиді алсақ, ол өзінің фастфуд желісін жолға қойды. Сол сияқты Ninety One тобы да қазақтың тағамдарын, сусындарын және өзге де өнімдерін болашақта шығаруы мүмкін. Қазірдің өзінде JUZ брендімен киімдер, асхана бизнесі жолға қойылды.

3. ҚАЗАҚ ТІЛІ. 91 тобының жігіттері барлық әндерін қазақша айтады. Тек сахнада ғана емес, жалпы өмірде де қазақша ойлап, қазақша сауатты сөйлеп жүр. Қазақстанда және әлем бойынша топтың әндерін тыңдап, қазақша үйренген адамдардың саны күн санап артып келеді. Оған қоса қазақша альбомдар мен комикстер шығарып, ана тіліміздің кең таралуына өз үлестерін қосып жүр.

4. САПА. Жігіттердің әндері мен клиптерін көрген адамдар олардың сапасына, креативтілігіне күмән келтірмейтін шығар. Оны қарапайым тыңдарманнан бөлек кез келген әншінің өзі де мойындап жүр. Ең бастысы топтың жігіттері көрші елдегі музыканттардың еңбегін көшірмейді, плагиатпен айналыспайды. Сөздері мен әуендерін өздері ізденіп, заманға сай қылып жазып, оригинал туындылар өндіріп жатыр. Осындай істері мақтауға да, құрметке де лайық.

5. ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ. Ninety One тобы ресми түрде 2015 жыл қыркүйек айында шыға бастады. Бұйыртса алдағы қыркүйекте 2 жыл болады. Бұл аралықта топ мүшелері 10-нан аса ән жазып, 6 клип түсірді, бүкіл Қазақстан бойынша 2-3 рет концерт беріп шықты. Ең басты жаңалық 24 тамызда өздерінің өмірі мен өнері туралы фильм шығармақшы. Бізде қай әнші осылай еңбек етіп жатыр? Айтыңыздаршы.

6. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. Топтың барлық жігіттері әрдайым жаңашылдыққа ұмтылады. Корей елінің K-pop өнерін жергілікті қазақ аудиторияға икемдеп, Q-pop деп жаңа бағыт ашып алды. Киіну стильдері мен образдары бәрі нағыз заманға сай. Ал олардың гей деп жүрген ағайынға айтарым, ештеңенің байыбына бармай бұлай жала жабу екі дүниеде де кешірілмейтін күнә емес пе?!

Кезінде бәріміздің ата-анамыз өз заманына сай Modern Talking, ABBA, Boney-M сияқты шаштары желбіреген, беті боялған әншілердің фанаты болса да, азғындалып құрып кеткен жоқ. Сондықтан тәрбие беретін 91 тобы емес, отбасындағы ата-ана екенін ұмытпағайсыздар.

Жігіттердің арман-мақсаттары бар, тоқтамай дамып жатыр, тек қана алға деймін. Ең басты айтатын дүние, топтың өз фандомы бар, мыңдаған қолдайтын фанаттары бар, бізде бұрын бұндай болмаған. Оған қоса фанмитинг, фансайн, декодинг сияқты қаншама шоу-бизнес терминдерін біздің елімізде дамыта бастады.

7. НАҒЫЗ ШОУ-БИЗНЕС. Біздің эстрададағы әншілердің негізгі табыс көзі де, Инстаграмдағы айтатын әңгімесі де «қазақтың тойы бітпесін» екенін білесіздер. Себебі ол жерге бір асқан талант пен жанды дауыс қажеттілігі шамалы. Сондықтан болса керек, жылына бір клип түсірмесе де, көптеген қазақтың әншілері тойдан шықпайды. Бірақ нағыз шоу жасап, оны бизнеске айналдырып жатқан, ешқандай тойсыз концертпен де дамуға болатынын дәлелдеген 91 тобына ризамын.

Ninety One тобындағы інілеріме, Ерболат Беделхан мырзаға алғысым шексіз, дами беріңіздер. Ештеңеге мән бермеңіздер, себебі сіздер дұрыс бағытта келе жатырсыздар. Алға өрлеп, Қазақ елін өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер.

Нұрлан Жанай, IT саласының маманы
Просмотров материала: 10 324

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 797 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 372 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 896 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 954 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 304 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 276 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 378 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 666 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 094 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 209 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 569 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 436 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 566 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 212 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 686 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 457 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 149 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 550 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 319 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 258 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 934 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 228 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 152 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 653 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 452 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 243 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 616 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 997 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 939 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 025 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 982 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 192 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 347 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930