Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Алаш арыстарының атын ұлықтауға бағытталған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Олардың ішінде ең жиі өтетіні ғылыми-тәжірибелік конференциялар болғаны екінің біріне белгілі. Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Алашорда, Түркістан мұхтарияты: жаңа көзқарас, ұстанымдар, тұжырымдар» атты халықаралық тағы бір ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.
Осы тарихи маңызды ғылыми форумда біздің бабаларымыз бен аталарымыздың өмірі мен тағдыры туралы көптеген тарихи шындық айтылып, қарар қабылданды.
Алаш орда үкіметі мен Алаш автономиясының 100-жылдығына арналған «Алашорда, Түркістан мұхтариаты: жаңа көзқарас, ұстанымдар, тұжырымдар» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
ҚАРАРЫ
Үстіміздегі жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Алашорда, Түркістан мұхтарияты: жаңа көзқарас, ұстанымдар, тұжырымдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.
Конференция жұмысына Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан) ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Конференция жұмысына қатысушылар Алашорда және Түркістан Мұхтариаты үкіметтерінің жүз жылдығына орай өткізілген бұл ғылыми жиынның өткен тарих тәжірибесін тереңірек қорытуы және игеру ісіндегі маңызы зор деп білеміз. Аталған тақырыптың ғылыми тұрғыдан зерттелуі біздің елдеріміздегі гуманитарлық сала ғалымдарының бірлесе отырып ізденуін талап етеді, өйткені біздің халықтар отарлық кезеңді, отарлыққа қарсы күресті, 1916 жылды, 1917 жылғы революциялық және одан кейінгі жылдардағы өзгерістерді, 1920-1930 жылдардағы реформаларды бірге өтті.
Біздің елдеріміздің халықтарының ащы да болса бұл кезеңдердегі шындықты білгісі келетіндігінекөз жұма алмаймыз. Біздің тәуелсіз мемлекеттеріміздің дамуы көп жағдайда өткен тарихи тәжірибемізді дұрыс қорыта білуімізге байланысты және сондай-ақ болашақта олардың қайталанбауы үшін өзіміздің осы жолда жіберген әлсіздігімізге де немқұрайды қарауға хақымыз жоқ.
Бүгінгі жағдайда біз ортақ мүдделерімізді тура түсіне алу үшін де өткен тарихтағы өмірімізге тереңірек үңілгеніміз жөн. Өткен тарихымызға байланысты сарабдалдық таныта отырып оның бізді ауызбірлікке шақыратындығына және ортақ тәжірибемізде таусылмайтын қуаттың бар екендігіне көзіміз жете түседі.
Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар 1917 жылғы революциялық өзгерістер тарихын зерттеуде аймақта әлі де "ақтаңдақтардың" аз емес екендігін атап көрсетеді. Мысалы, зерттеушілер Ресей империясының ортаазиялық отарында Алашорда және Түркістан Мұхтариаты үкіметтерінің құрылу себептеріне қатысты советтік идеологиялық штамптан ұзап кете алмай отыр. Аймақтағы халықтардың өміріндегі өзгерістер көп жағдайда жалпыимпериялық тарих арнасында қарастырылады.
Жекеленген шетелдік зерттеушілер әлі күнге дейін 1916, 1917-1922, 1929-1931 жылдардағы халық қозғалыстарының ұлт-азаттық сипатын мойындағысы келмейді. Татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қазақ және басқа да бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы халықтардың ағартушылары мен азаттық қозғалыстарының көшбасшылары құрбан болған 1920-1930-шы және 1950-ші жылдардағы репрессиялық актілердіңсипаты әлі күнге дейін толық ашылмай отыр.
Отарлық тәртіпке қарсы күштерді өте қатал шаралар мен әдістерді қолдана отырып перманентті түрде жою кеңестік режим үшін қалыпты жағдайғаайнлды. Бұл фактілер біздің тарихнамада лайықты дәрежеде баяндалмай келеді.
Мәселен, ұлттық аймақтардағы ағартушылық большевиктік режим тарапынан агрессивтіұлтшылдықтың және түркішілдіктің көрінісіретінде бағаланды. Бұл идеологиялық тәсіл Ахмет Байтұрсынов, Мунауар Қары, Ишанғали Арабаев және т.б. көптеген ұлттық мәдениеттің ұлы да таланты өкілдерін жоюдың құралы ретінде іске қосылды.
Жоғарыда айтылған және тарихымыздың басқа да ортақ мәселелері қоғамдағы бүгінгі сұраныстарға сай ғылыми таным қалыптастыру үшін жаңа методологиялық өзгерістер және көзқарас тұрғысынан қорытуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Конференцияға қатысушылар:
1. Большевиктік басшылық әуел бастан-ақ ұлт-азаттық қозғалыстардың өзіндік сипатын мойындамай, оларды Ресейдегі пролетарлық революцияның резерві ретінде қарастырды. Большевиктік басшылық аталған пастулатты ұстана отырып, бір жағынан ұлт-азаттық күштерге көздеген мақсаты – ұлттық мемлекеттілікті қайта жаңғыртудан бас тартуға, екінші жағынан, таптық жіктеліс жолына түсуді талап етіп, оныңантиколониалдық мазмұнын жоюға тырысты. Ал бұл тарихи кезеңде аймақтағы халықтар үшін ең маңызды нәрсе тапаралық күреске түсу емес, ұлттық ауызбірлік арқылы мемлекеттілікті жаңғырту еді.
2. Кеңестік тарихнамада Алашорда және Түркістан Мұхтариаты үкіметтері контрреволюциялық құрылымдар ретінде қарастырылды. Шын мәнінде, жоғарыда аталған үкіметтік құрылымдар, біріншіден, жалпыимпериялық анархия мен берекесіздікжағдайында аймақтағы халықтардың табиғи мүдделерін қорғау үшін қажет болды;
екіншіден, Алашорда және Түркістан Мұхтариаты үкіметтері Орынбор және Қоқан қалаларында өткен сиездерінде халық өкілдеріөздерінің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері негізінде сайлаған бірден-бір лигитимді билік болатын;
үшіншіден, Алашорда және Түркістан Мұхтариаты үкіметтері ақылға қонымды компромисске даяр еді, бірақ кеңестік билік өз уәдесінде тұрақтылық танытпай және халықтардың өзін-өзі билеу құқығын партиялық диктатураның құрбаны етті.
3. Большевиктік басшылық ұлттық бірегейлігін, сондай-ақ өзін-өзі билеу және т.б. құндылықтарын қорғау жолында тұрған ұлттық элита мен зиялыларына сенімсіздікпен қарап, оларға қарсы террордың барлық түрін (қорқыту, қамауға алу, жер аудару, ату) қолданды.
4. Осы және тағы басқа ортақ тарихымызға қатысты мәселелерді талқылаудан өткізіп отыру мақсатында Алматыда, Ташкентте және Бішкекте кезекті түрде өткізіліп тұратын тұрақты семинар ұйымдастыруды қажет деп санаймыз.
5. Жыл сайын Орталық Азия елдерінің астаналық қалаларында кезектесіп «Түркістан Мұхтариаты, Алашорда: ізденістер, жаңа құжаттар мен материалдар, ұстанымдар, қорытындылар» атты күн тәртібімен ғылыми семинардың отырысын өткізіп тұру орынды болмақ.
6. Біздің қоғамның қазіргі кезеңі дәстүрлі байланыстарды қайта жаңғыртуды және оны бүгінгі күнгі талаптарға жауап беретіндей жаңа мұзмұнмен толықтыруды қажет етеді. Осыған байланысты тұтас Түркістан идеясын негіздеушілердің еңбектерін қазақ, өзбек және қырғыз тілдерінде жеке кітап түрінде шығару тиімді болар еді.
7. Патшалық және кеңестік империялар құрамындағы түркі халықтарының ұлт-азаттық қозғалыстарына арналған халықаралық энциклопедия шығаруды жөн санаймыз.
8. Мемлекетті-ұлттың рухани болмысын қалыптастыратын гуманитарлық пәндерді оқыту олардың ана тілінде жүргізілуі қажет. Ол өз бірегейлігін сақтауға мүдделі барлық халықтар үшін аксиомалық ақиқатқа айналған жөн.
9. Түркістан Мұхтариаты, Алашорда үкіметтерінің басшылары және мүшелерінің өмірі мен қызметі жөнінде жарияланымдар сериясын даярлап, солардың негізінде ғылыми-тарихи, деректі фильмдер жасау қажет деп есептейміз.
Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшыларының қауымдастығының Президенті, ҚР ҰҒА-ның академигі.
Чоротегин Тынчтыкбек – Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, "Қырғыз Тарих Қоғамы" халықаралық қоғамдық бірлестігінің Президенті.
Шамсутдинов Рустамбек Темирович – Андижанмемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Мерос» («Мұра») Халықаралық қайырымдылық қоры ғылыми-тәжірибелік экспедициясының жетекшісі.
Молдоқасымов Қыяс Сатарұлы – Қырғыз Республикасының Президенті аппараты жанындағы «Мұрас» қорының Төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
23.06.2017 ж.
Просмотров материала: 3 088