23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТОРҒАЙЛЫҚТАР ПОЛИГОНҒА ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАРСЫ!

ТОРҒАЙЛЫҚТАР ПОЛИГОНҒА ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАРСЫ! ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мырзаға

Торғай елі халқы атынан Наразылық арыз


Құрметті азаматтар! Қазір Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкіметке, яғни Сіздерге бар билікті берді. Сондықтан ол кісіге арызданбас бұрын осы бір шұғыл шаруамызды алдымен Сіздерге жолдап отырмыз!

Біз бұл арызды қазақтың қара шаңырақтарының бірегейі, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсаринның, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың, «Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып Дулатовтың, қайраткерлер Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановтың және де көп қазақ арыстарының туып-өскен жері, ұлы қайраткер Әлихан Бөкейхановтың тұңғыш рет «Алашорданың» шаңырағын көтерген елі – тарихи Торғайдан жазып отырмыз.

Бізді бұлай жедел арыздануға себепкер қылған, бүкіл Торғай халқын шошындырған мына бір өте сорақы әрекет. Сіздерге қарайтын «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры Ерден Ибраев деген азамат Ресейдің «Роскосмосынан» бір орысты алып келіп, біздің аудан орталығы Торғайдан 20 шақырым жердегі Шөптікөл қоныс орнын «Союз-2» ракетасының бірінші сатысының қалдықтарын тастайтын алаң ретінде пайдалануға, полигон етуге жер сұрауда.

Оның сыртында олар тағы да 100 гектар жер алмақшы дегенді естіп жатырмыз. Бұлар көптен бері осы біздің Торғайдан 40600 гектар жерді осындай полигонға алған. Сол жерге ракета қалдықтарын тастап жатыр. Ол жер Торғайдан 80 шақырымдай жер. Оған да қарсы болғанбыз. Бірақ Торғай халқымен ешкім санаспады.

Енді Торғайдан 20 шақырым жерді алмақшы. Бұл деген масқара зорлық емес пе?! Ерден Ибраев деген азамат аудандық газетке «Жерлестер, Сіздердің қолдауларыңызды өтінеміз» деп үлкен мақала жазған болатын. Ол мақаласында: «Ракета қалдықтарынан еш зиян жоқ, 400 кг-дай отын қалдықтары ғана түседі.

Ол гептил емес, жай жермай ғана. Зымыранның бірінші сатысы – 15 (он бес) тонна, ұзындығы – 19,6 м, ені – 2,6 м. Оларда еш улы заттар жоқ. Бөлінетін бөлшектер, құлаған конструкциялар аудан сыртына шығарылып жойылады, шұңқырлар мен жермай төгілген жерлер қайта қалпына келтіріледі. Әрине, ракета ұшыруға дейін бірнеше тәулік бұрын хабарлауға, болжалған құлау аудандарында тұратын халықты жұмылдыруға және уақытша орналастыруға байланысты көп жайсыздықтар болады.

Бірақ оның бәрін біз өзіміз, «Бәйтерек» АҚ шешетін боламыз» деп жазған болатын. Және де «Сіздерді осы жерден айырып, басқа мемлекетке беруді ешкім қаламайтынын растаумен бәріңді жайландырамыз» деп жұбатады. Бізді, Торғай халқын бұл мырза ақымақ көріп алған. Ал біз, Торғай халқы бұған бүтіндей қарсымыз. Зымыран қалдықтарын тастауға ешқандай жер бермейміз. Ал, алмақшы болған 100 мың гектар жерді алуларына да қарсымыз. Бүкіл Торғай халқы қарсы, бәрі де ашынып, дүрлігуде.

Оларға ақсақалдар басу айтып тоқтатуда. Жақында ғана сондай зымыран қалдықтарынан Қарағанды облысында 10 мың гектар жер өртеніп, екі адам қаза болды. Бұрын да «Роскосмостың протондары» қазақ жеріне талай құлап, ойрандаған болатын. Тіпті, 600 (алты жүз) тонна гептилмен аспанда бомба жарған. Оған Ресей жағы көк тиын да төлемеді.

Сондай сорақы апаттар болып жатқанда, біз тура Торғайдың жанынан зымыран қалдықтарын тастайтын жер сұрауды нағыз қазақ еліне, қазақ халқына, әсіресе, Торғай халқына тікелей жасалған қастандық деп білеміз. Біз, Торғай халқы бұларға қарсы екенімізді қанша айтсақ та, қайта-қайта келуді қояр емес. Біз олардан «Торғай халқы келісті» деп жалған айтып, ойларын іске асырмақ па деп күдіктенеміз.

Сондықтан да, құрметті азаматтар, қазақ еліне, қазақ халқына жандарыңыз ашитын азамат болсаңыздар, мына сорақы әрекетті тоқтатыңыздар! Торғай елін, жерін зымыран қалдықтарын тастайтын полигон жасауға сұрау түгілі, тіпті ойға алуға тыйым салсаңыздар екен. Ерден Ибраев деген азаматты қазір бүкіл Торғай халқы қарғап, лағынет айтуда.

Ел қатты ашынуда. Осыны еске алсаңыздар екен. Бұл арызға Торғай елінің бір ақсақалы Рахым Рыскелдиннің шығарған өлеңін қосып отырмыз. Оқыңыздар, ойланыңыздар! Сіздер тез арада бұл әрекетті тоқтатар деп сенеміз және осы арызға қолымызды қоямыз.

1.Карбозов Кәкімжан

2.Молдабеков Нұридден

3.Абжамалов Тыныштық

4.Бірмағамбетов Қарсақбай

5.Рыскелдин Рахым

6.Бәкіров Жылқыбай

7.Есетов Әбдірасыл

8.Тұрғанов Мамет

9.Қалиев Бұхарбай

10.Ибраев Жақсылық

11.Ахметов Жақсылық

12.Хұсайынов Сәбитбек

13.Сәдуақасов Жұмақан

14.Жұмакин Ғабдімәлік

15.Әбдікаримов Есім

Торғайда полигон жасамаңдар!

Құдай-ау, мынау хабар неткен жаман,

Торғайды лаң полигон еткен жаман.

Аз ба еді қойғаны елді қаңыратып,

Ақтабан ғып бостырған аңыратып.

Туды ма ұлттан билік кеткен заман?

Қараңдаршы, ей, халқым, азаматтар,

Бұрын берген Ресейге 40 мың гектар,

Алмақ және Ресейге 100 мың гектар,

Тағы қылмақ Торғайға туралар зар

Шөптікөлге полигон бомба тастар.

Онсыз да толған зымыран ен даласы,

Кемтар боп полигоннан ел баласы.

Халықтың бастан асты шер-наласы,

Торғайдан басқа жер жоқ па, сен қарашы

Қазақтың бос жатыр ғой кең даласы.

Бұл Торғайдан халықты көшіру ғой,

Тарихтан атын-затын өшіру ғой.

Қасиетті мекенді жатыр таптап,

Байлықты жинап жерден миллиардтап

Қазақтың көз жасынан көсілу ғой.

Торғай қазір онсыз да қаңырады,

Амалсыз көшкен жылап аңырады.

Торғайды қорлама әрі санаң болса,

Қылатын ретің бар ма қараң сонша

Қазақтың Торғай қара шаңырағы.

Алғанда азат елдік, Тәуелсіздік,

Тіпті аздып, полигон боп көзді сүзіп.

Торғай елі әз Шақшақ Жәнібектің,

Ахмет, Міржақыптың және көптің

Тыңдаңдар, қарсылықты сөзді біздің.

Әз Торғай – Алашорда отаны бұл,

Сілтеген қазағым деп сотаны бұл.

Алашқа биыл жүз жыл болған шақта,

Масқара ол, мазақ болу жау мен жатқа

Таптар ұлттық намысты, жотаны бұл.

Қарт Торғай – қасиетті атамекен,

Қарсы айтсақ полигонға қата ма екен.

Семейді Кеңес кетті қанжоса ғып,

Торғайды қандау кеп тұр полигон ғып

Қорлауға қос шаңырақ жата ма екен?!

Торғайға келгенде істің шата бәрі,

Мұнымен қазақ лаңға батады әлі.

Қорламаңдар, Торғайдың киесі бар,

Қорлағанды кепиет, киесі ұрар

Ерте, кешпе ондайды атады әлі.

Сонда олар сұм ісіне өкінеді,

Толады шер-шеменге көкірегі.

Торғайдың елін, жерін қорлағандар,

Өліп те құтылам деп ойламаңдар

Ондайлар көрінде де өкіреді.

Болғанда бостан, теңдік – бас армандар,

Торғайға келмесін лаң бас амандар.

Болсаңдар елім деген ер азаматтар,

Еліңе, қазағыңа етпе азап,

Торғайда лаң полигон жасамаңдар!

Ерлері қазақ ұлттың, сүйікті елдің,

Тыңдаңдар, зар тілегін күйікті елдің.

Көрген мыңдап өлгенін киіктердің,

Қабыл ет ел тілегін, биіктерім

Тұтқасын ұстағандар биліктердің!

Р.Рыскелдин

02.06.2017 ж.

Наразылық хатқа барлығы 138 адам қол қойды. Қол қою әлі де жалғасуда.

Жауабын мына мекен-жайға хабарлауларыңызды өтінеміз: Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосы. Нұрхан көшесі, 48 үй. Рыскелдин Рахым.

Дереккөз: tobyl-torgai.kz
Просмотров материала: 4 049

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 281 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 113 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 754 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 778 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 086 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930