15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

12 июль 2017, 14:28
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Қазақстанда 1 шілдеден бас­тап енгізілген, міндетті әлеу­меттік медициналық сақ­­тандыру жүйесінің ма­ңы­зы зор. Еліміздің барлық ай­мақ­та­рында бағ­дар­ламаның не­гіз­гі қағидаларын ақ­па­рат­тық түсіндіру жұ­мыс­та­­ры жүргізілді. Жүйе іске қосылса да, халықтың көкейінде әлі де сауалдар жетерлік.

Осы ретте Денсаулық сақтау мини­стр­лігі жанынан құрылған жұ­­мыс тобының мүшесі, «Сыз­ғанов атындағы Ұлт­тық хи­рургия орталығы» АҚ бас­қар­ма төрағасы, ме­ди­­ци­на ғылымдарының докто­ры, профессор Болатбек Баймаханов елі­мізде МӘМС жүйесін енгі­зу­дегі басты мақсат пен оның не­гізгі себептерін қысқаша тү­сіндіріп өтті.

"Негізгі мақсат – мемлекет пен жұмыс беруші және жұ­мысшы арасындағы өзара жау­апкершілікті, ықпалдастықты қа­лыптастыру. Бұл әлемдегі оз­ық елдердің тәжірибесінде бар. Қа­зіргі таңда дүние жүзінде ден­­саулық сақтау саласын қар­жы­­ландырудың үш жүйесі бар де­сек, оның бірі мемлекеттік жү­йе.

Мәселен, Қазақстандағы әлеу­меттік саланың, оның ішін­де денсаулық сақтау саласына қатысты мәселенің барлық ауыр­тпалығын мемлекет мойны­на алып, қаржыландыру тек бюджет есебінен шешіліп келді. Ауыр­ған жағдайда тегін ме­ди­ци­налық көмекке жүгінеді. Де­мек, халық тарапынан да, жұ­мыс беруші тарапынан да еш­қан­дай жауапкершілік болған жоқ.

Екінші жүйе – сақтандыру ком­паниясы. Сақтандырудың же­ке түріндегі жүйесі Америкада қол­данылады. Қазіргі таңда Ам­е­рикада 30 млн-ға жуық ха­л­ықтың тегін көмек алу мә­селесі күрделі жағдайда. Өйт­кені, сақтандыру полисін сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Осы қиындықтарды ескере отырып, көп­теген елдер мемлекеттік сақ­тандыру жүйесін енгізіп, оған мем­лекетті де, сақтандыру компанияларын да қатыстырған. Елімізде 2018 жылдан енгізілгелі отырған жүйе",- деді профессор.

Бұл қажет жүйе. Денсаулық сақ­тау саласындағы қаржылай тұ­рақтандыруды қамтамасыз етеді. Сол арқылы халыққа ме­ди­циналық көмектің барлық тү­рінің қолжетімділігі артады және түрлі тетіктерді пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасы көтеріледі.

Осылайша, болашақта денсаулық сақтау саласының тиімділігі, нәтижелілігі артады. Екіншіден, әр адам қалтасынан өз денсаулығына төлем төлейтін болса, денсаулығына деген жауапкершілігі, мәдениеті жо­ға­рылайды. Сондай-ақ жарна тө­леуші емдеу орнынан сапалы қыз­мет көрсетуді талап етуге құ­қылы. Құқы болғаннан кейін медицина қызметкерлерінің де, медицина ұйымдарының да жауапкершілігі күшейеді әрі емдеу мекемелері арасында бәсекелестік пайда болады.

Үшін­шіден, қазір медици­на бір орнында тұрған жоқ, жа­ңа инновация жолға қойылып, өте көп өзгерістер болып жатыр. Есе­сіне ондай жоғары ма­ман­дан­дырылған кардиохирургия, трансплантация, травматология са­лалары қомақты қаражатты қа­жет етеді. Әсіресе, зерттеу, ди­аг­ноз қою аппараттары, дәрі-дәр­мек, құралдар өте қымбат. Жаңа заманға сай ғимараттар керек.

Мәселен, біздің орталық ғимаратының 65 пайызының тозығы жеткен. Оның бәрін салуға мемлекеттің жағдайы жоқ. Сондықтан осы жүйе арқылы бұл салаға қосымша қаражат тартып, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға мүмкіндік туады.

Болатбек Баймахановтың айтуынша, төлемдер уақы­тын­да түспей жатқан жағдайда, бес жылдың ішінде үкімет өз мой­нына алып отырған қазіргі он миллион адамның көлемі азая­ды. Тегін көрсетілетін кепіл­ден­дірілген көмектің көлемі де кеми бастайды. Өйткені, уа­қыт өтіп, жүйе қалыпты жұмыс іс­те­ген сайын әлеуметтік ма­ңы­зы бар науқастар МӘМС жүйе­сіне өте бастайды.

Бұл жер­де бақылау тетіктері жақсы ұйым­дас­тырылуы қажет. Ол үшін қорда халықты емдеуге тиісті қаражат болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда халықтың дер кезінде ме­дициналық көмек алуға мүм­кін­дігі болмай, сенімсіздік туады.

азіргі таңда жеке меншік емдеу орында­рын қатыстыру мә­се­лесі де қарастырылып отыр. Тіпті, соңғы кезде елімізде жеке тұл­ғаларға медициналық ме­ке­мелерді жекешелендіру мә­селесіне қатты көңіл бөлінуде. Өйт­кені, үкіметтің соншама ме­кемені ұстап тұруы қиын. Қа­зіргі медицина мекемелерінің тозу деңгейі 75, құрал жаб­дық­тармен жарақтануы 45 пай­ызға тең.

Оның бәрін жақ­сар­туға үкіметтен 1 триллионға жу­­ық теңге қажет. Әзірге, бұл мүм­кін емес жағдай. Сон­дық­тан жекешелендіруге бе­рі­ле­тін, берілмейтін нысандарды белгілеуде мұқияттылық қажет. Оның өз талаптары болады.

"Мәселен, жеке тұлғаға бе­рілген жағдайда жалпы бел­гі­ленген профилді сақтауға мін­детті. Өйткені, халық ертең одан жапа шекпеуі тиіс. Әр аурудың өз коэффициенті бар, со­­ған қарай ақша төленеді. Ер­тең кәсіпкер «маған мына ау­ру­ды емдеу тиімсіз. Беріп жат­қан қаражаттарың шығынды өте­мейді, болмаса тиісті тарифті кө­бейтіңдер» деуі мүмкін. Сон­да ол ауру қайда барады? Осын­дай жағдайлар алдымыздан шық­пас үшін жекешелендіруге ба­қы­лау­ды күшейту керек",-деді профессор Болатбек Баймаханов.

Дереккөз: egemen.kz
Просмотров материала: 2 096

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 444 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 070 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 119 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 402 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 056 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 191 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 416 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 416 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 582 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 308 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 837 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031