25 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОҢТҮСТІКТЕ «КӨНЕ ЖЕТІГЕННІҢ СЫРЫ» АТТЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР

ОҢТҮСТІКТЕ «КӨНЕ ЖЕТІГЕННІҢ СЫРЫ» АТТЫ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикая мен «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмдердің тұсауы кесіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасаөз конференциясында «Оңтүстік-фильм» киностудиясының директоры Батырхан Дәуренбеков мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталған туындылардың түсірілім жұмыстарымен елімізге белгілі «Сақ» және «Оңтүстік-фильм» киностудиялары айналысып жатыр.

Бұл туындылар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өңіріміздің киелі және тарихи жерлерін дәріптеу мен туризмді насихаттау мақсатында түсіріліп отыр.

«Аталған туындылардың идея авторы – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев. Жыл басында облыс әкімі бізді арнайы қабылдап, ішкі туризмді дамытуға сеп болатын кино және анимациялық фильмдерді түсіруге тапсырма берген болатын. Кейіннен бюджеттен қаржы бөлді. Қазіргі таңда біз «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикаяны түсірумен айналысудамыз. Түсірілім жұмыстарына 30-ға жуық актер тартылып, жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр»,- деді Батырхан Қалдарбекұлы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Көне жетігіннің сыры» атты киножоба желісі өте қызықты. Қазығұрт асуындағы жол жөндеу жұмысымен айналысып жатқан эксковаторшы кісі сырты шіруге айналған тері қапшық тауып алады. Қапшықтың ішінен көне жетіген аспабы шығады. Ішектері мен асықтары жоқ бұл аспабтың сыртқы бетінде ескі көне түркі әріптерімен жазылған жазудың іздері көрінеді. Фильмнің басты кейіпкері – Самал дос, жігіті Нұржан мен археолог Жандос үшеуі жетігеннің сыртындағы төте жазу өлең шумақтарының құпия сырларын ашуға тырысады.

«Киноның түсірілім жұмыстары Түркістан, Арыстан баб, Отырар, Сауран, Сайрам, Ақсу-Жабағылы, Қазығұрт тауы, Өгем секілді тарихи және табиғаты әсем жерлерде түсірілуде. Жалпы «Көне жетігіннің сыры» киносына 70 млн. теңге бөлініп, әр сериясына 6 млн. теңге шығындалып жатыр»,- деді киноның бас режиссері Нуриддин Паттеев.
Просмотров материала: 2 906

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 485 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 051 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 591 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 638 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 984 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 197 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 308 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 586 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 983 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 093 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 499 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 389 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 200 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 619 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 446 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 540 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 302 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 245 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 080 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 921 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 211 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 141 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 641 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 394 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 230 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 598 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 982 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 927 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 965 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 182 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 332 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031