15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ АРТТЫ

05 июль 2017, 17:00
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛЕТТІГІ АРТТЫ Өткен айдағы және шілденің басындағы айрықша маңызды саяси оқиғаларды саясаткер Сұлтанғали Сұлтанғалиевпен талқыладық.

- 28 маусым күні ҚР Парламенті сенатына депутаттар сайланды. Алайда, халық бұл саяси оқиғаға аса мән бермеді. Қоғамның мұндай әрекетіне не себеп деп ойлайсыз?

- Сенаторларды сайлау кезінде қажет кандидатуралар облыстық әкімдік пен Президент әкімшілігінің келісімімен таңдалады. Сондықтан, бұл процесті ашық деп айтуға болмайды. Мұндай саяси шоу кезінде ешқандай адам шын дауысқа ие болмайды, тіпті бәсекелестік те жоқ. Өйткені жеңімпаздар алдын-ала белгіленіп қойған. Үміткерлер, яғни болашақ сенаторлар ең әуелі мәслихат депутаттығына сайланады немесе әкімдіктің тағайындаған адамдары.

Сондықтан аймақтағы халық сайлауға қатысқаннан еш пайда жоқ екенін біледі. Өйткені, сенаторлардың өзі тұрғындардың қамын ойлап жатқаны шамалы. Бұл жағдайдан Парламенттің жоғары палатасының қоғамдағы беделінің, сондай-ақ, депутаттық корпустың заң шығарушылық және депутаттық белсенділігі төмен екендігін түсінуге болады.

- Сіз Сенат жұмысын тоқтату туралы пікірді қолдаушылардың бірісіз. Оның орнына не ұсынар едіңіз?


- Менің ойымша, бір палаталы Мәжілістің болғаны дұрыс. Ол аралас жүйе арқылы құрылса, яғни депутаттардың тең жартысы партиялық тізіммен, ал қалғаны бір мандатты округтер бойынша сайланса. Бірақ билік мұндай қадамға ешқашан бармайды, олар түбегейлі өзгеріс әкелетін реформаны қабылдамасы анық және Сенат жұмысын ешқашан тоқтатпайды.

Дегенмен, сенаторларды тұрғындардың өзі таңдайтындай жағдай жасау керек. Бұл Сенат жұмысын тиімді ету үшін қажет. Олар аймақтағы халықтың мәселесін көтерулері керек. Осы арқылы біз билікке басқа да, яғни жас, талантты адамдарға жол ашамыз. Ал егер осындай өзгерістер енгізбесек, Сенат Мәжілістің жұмысын қайталап отырған пайдасыз, мемлекеттік деңгейде ойлай алмайтын арамтамақтардың жиналған тобы болып қала береді.

- Енді ғана таныла бастаған сенаторлар атқарушы биліктен шығып кетті. Мұны жағымды дүние деп айтуға бола ма?


- Менің ойымша, мемлекеттік құрылымның жұмыс тиімділігінің төмендігін ескере отырып, мұны дұрыс құбылыс деп айтар едім. Алайда, әр жағдай туралы жеке-жеке айтқан жөн болар.

- Елбасы билік тармақтары арасында өкілеттікті бөлу туралы заңға қол қойды. Осылайша, өткізілген конституциялық реформа аяқталды. Енді мемлекеттік билік жүйесі қалай өзгереді деп ойлайсыз?


- Менің ойымша, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ата заңға енгізілген түзетулерга сәйкес, Президенттің кейбір ұсақ-түйек жұмыстары ғана мемлекеттік билік институттарына берілді. Бұл өзгерістер билік басқа Президентке ауысқан кезде ғана айтарлықтай рөл атқаруы мүмкін.

Атап өтер қызық жайттардың бірі бүгін ғана қол қойылған заң. Құжатқа сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы органдардың, жемқорлыққа қарсы орган қызметкерлері мен әскерилердің жемқорлыққа қатысты істерін тергеу құқығына ие болды. Бұл ҰҚК-нің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі күшейіп, елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге ықпал етуіне мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта қазақстандық белгілі тұлғалардың байланысы бар жемқорлыққа қатысты ат шулы жағдайлардың куәгері болуымыз әбден мүмкін.

- Астана тағы да уақытша әлемдік геосаясаттың орталығына айналмақ, өйткені 4-5 шілде күндері Қазақстанның астанасында сириялық дағдарысты бейбіт жолмен реттеу бойынша кезекті келіссөз өтеді.


- Еліміздің сыртқы саясаттағы белсенділігі мен бейбіт бағыттағы әрекеттері әрине қуантады. Біріншіден, осылайша біз таяу шығыстағы тыныштықтың орнауы жолында үлесімізді қосып отырмыз.

Екіншіден, Астаналық процесс Қазақстанның аймақтық бітімгер ретіндегі рөлін нықтап берді, бұл әлемдік қауымдастық алдындағы еліміздің оң имиджінің орнығуына айтарлықтай әсер етеді.

Үшіншіден, Қазақстанның шығыс жақтағы Ресей, Түркия және Иран секілді елдермен байланысы нығайып, сенімі күшейе түспек. Ал бұл әрине өз кезегінде қарым-қатынастың барлық түрлеріне тікелей әсер етеді.

Төртіншіден, біздің елде өтікізіліп жатқан шара бюджетке айтарлықтай шығын келтірмейді, есесіне халықаралық деңгейдегі танымалдылыққа ие болып, әлем елдері мойындайды.


Астаналық келіссөздің мақсаты айқын. Сондықтан ол белгілі бір нәтижеге келмей аяқталуы мүмкін емес. Көбіне мұндай жиындағы шешім АҚШ бастаған шығыс коалициясына да байланысты.


- Қазақстанның ресей-украин қарым-қатынасын да реттеуге дайын тұрғандығы туралы не айтасыз?


- Елбасы өзі ресей-украин қарым-қатынасын реттеуге дайын тұрғандығы туралы мәлімдеген болатын. Бұл әрине өте сараланып, әбден таразыдан өткізілген мәлімдеме. Донбасстағы келіспеушілік басталғаннан бері Нұрсұлтан Назарбаев қақтығысты бейбіт жолмен шешу керек екендігі туралы және оған Астананың үлес қосуға дайын тұрғандығы туралы айтып келе жатыр.
Просмотров материала: 1 953

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 588 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 421 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 047 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 096 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 379 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 190 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 415 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 415 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 581 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 307 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031