16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ?

ОРЫС ТОБЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРТЕҢІ НЕ БОЛМАҚ? Қазақ тілін білмейтіндер үшін не істеуіміз керек?

Азат ел болғалы ширек ғасыры өтіп, екінші ширегін де бастадық. Қазір Қазақ Елінде қазақ тілінің тағдырына алаңдаудан гөрі қазақ тілін білмейтіндердің ертеңіне алаңдайтын кез келді. Қазақ тілін қолданушылар күн санап артып келеді. Оған бірден бір себеп қазақ халықының табиғи өсімі. 2003 жылдан бастап елімізде табиғи өсім көрсеткіші үдемелі өсуде. Қазақстан халықының саны 18 миллионға жетсе, оның ішінде жасөспірімдер 30 пайызға жуығын, жастар мен ересектер 60 пайызын, егде кісілер 10 пайызын құрайды.

Тәуелсіздік алған жылдары қазақтың саны 50 пайызға жетпесе, қазір 70 пайыздан асты. 2016/2017 оқу жылында 1-сыныпқа 380 мың бала кірсе, мектеп бітірушілер 136 мың болып, оның 90 мыңы қазақ мектептерін бітірген. Кешенді емтихан тапсырып оқуға түскендерді қосқанда жоғарғы оқу орындарының студенттерінің 80 пайызы қазақ топтарында білім алады.

1- сыныпқа кірген 380 мың баланың да басым бөлігі де қазақ мекетебіне кіріп отыр. Бір мектепте жиырмаға жуық қазақ сыныбының ашылғанына да куә болғансыздар. Міне бұның бәрі қазақ тілінің болашағы, қазақ тілінің мәңгі өлместігінің айғағы. Десе де, әлі осы беталысты түсінбей, қазақ тілін үйренуге құлықсыздық танытып жүргендер де бар.

Әр жыл сайын мектеп бітірушілердің 30 пайыздан астамы орыс және өзге тілді мектептердің түлегі. Олардың барлығы Қазақстанда жоғарғы оқу орынына түсе бермейтіндіктен, арасында болашағын Қазақ Елімен байланыстырғысы келмейтіндері бар. Қазір жоғарғы оқу орындарында 20 пайызы ғана орыс топтарында оқып жатыр. Бұл 20 пайыз студенттердің арасында қазақ, орыс және басқа ұлт өкілдері бар.

Бір қарасаңыз, 20 пайыз дегеніңіз аз көрсеткіш болып көрінгенімен, бұл дегеніңіз болашақ мамандарымыздың 20 пайызы жұмысқа жарамсыз болу мүмкіндігін тудырады деген сөз. Бірнеше жылдан бері білім беру саласындағы үш тілділік реформасы жоғарғы оқу орындарында жүре бастады. Бірақ, қазірге дейін жүріп жатқаны қазақ топтарына тиімді болғанымен, орыс топтарына еш тиімсіз.

Университеттерде ағылшын топтары тек қазақ тобынан ашылып, студенттеріміздің арасынан үш тілді толық меңгеріп шығып жатқан мамандар жоқ емес. Бірақ, орыс топтарына ағылшын және қазақ тілінде сабақтар берілмегендіктен, бітірушілер тек бір тілді – орыс тілін ғана біліп шығып жатыр.

Негізінде еліміздегі үш тілділік деген ұғым Қазақстандағы тұрып жатқан әр азаматтың бірінші мемлекеттік тілді білу міндеттілігі мен өз ана тілін білу және шетел тілін білу құқықы еді. Елбасының биылғы жылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңару» атты мақаласында да үш тілділік білім беру жүйесінде де басымдылық мемлкеттік тіл – қазақ тіліне берілетіндігі баса жазылған. Қазіргі кезде елімізде тілдік қысым болмағанымен, Қазақ Елінде қазақ тілі бірте-бірте басымдыққа ие болары сөзсіз.

Қазіргі президентіміз қазақ тілін білмейтіндерден мемлекеттік тілді білуді талап етпей, кеңшілік жасап отырғанымен, келесі ауысымдағы билік осалдық таныта қоймас. Сол кезде қазіргі тек бір тілді ғана біліп шығып жатқан орыс тобында білім алушылардың жұмыссыз қалулары бек мүмкін.

Сол кезде олардың обалы кімде болмақ? Қазіргі білім беру жүйесіне ме? Өзінің тіліміз бен елімізді сыйлай алмағанымен қоймай, ұрпағынның болашағын осы мемлекетпен байланыстра алмаған ата-анада ма? Әр азаматына тілін білуді талап етуді ерте бастан жолға қоя алмаған мемлекеттен бе? Менің оймша, жауапкершіліктің басымы үкіметке түсетін сияқты.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі мен қолданушылары көбейгенімен, басшылық орындар мен өндіріс басшылары ғана емес, қазақ ғылымында бір ауыз қазақ тілін білмейтін ғылым докторлары да көп. Ол аз болғандай тағы да бір ауыз қазақ тілін білмейтін магистрлер мен PhD докторларды дайындап жатырмыз.

Сонда бұның бәрі болашақ жұмыссыз мамандардың үстінде жұмыссыздарды қосу болып табылады. Сондықтан, балабақшадан бастап, докторанттарымызға дейін қазақ тілін білуін талап етуіміз керек. Балабақшаға келген әр балаға мемлекеттік тілі үйрете бастаумен бірге, білім берудің әр дәрежелі орнында мемекеттік тілді талап еткен жөн. Балабақша мен мектепте әр баланы ұлтына қарамай мемлекеттік тілді білуге мүмкіндік жасап, жоғарғы оқу орнына түсетін әр азаматтан мемлекеттік тілді білуді талап ету керек.

Қорыта айтқанда, ертең қазақ тілін білмейтін мамандар жұмыссыз қалмау үшін:

біріншіден, мектеп бітірушілер жоғарғы оқу орнына түсу үшін тапсыратын ҰБТ-да қандай мектепті бітірсе де қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек. Яғни, ҰБТ-ның жаңа ережелері бойынша «Оқу сауаттылығы» деген емтихан тек қазақ тілінен ғана болуы қажет. Орыс мектебін бітірушілер онсыз да мектепте тіл және әдебиеттен тапсырады. Мелекеттік грантты белгілеу үшін мемлекеттік тілдің көрсеткіші саналуы керек.

Екіншіден, жоғарғы оқу орына түскеннен кейін орыс топтарына қазақ тілінде пәндерді енгізу. Жылдан жылға қазақ тіліндегі пәндерді көбейтіп, университет бітіріп шыққанда мемлекеттік тілде еркін жұмыс жасай алатындай дәрежеге жетуге жағдай жасау.

Үшіншіден, жоғарғы оқу орындарынан кейінгі магистратура мен докторантурада бөлімінде білім алуға үміткерлердің емтиханына да қазақ тілін қосу. Магистранттар мен докторанттардың шетелдік басылымдарда ғылыми мақала жазуын талап етуімен бірге қазақ тілінде де ғылыми мақалалар жазуын талап ету.

Қазақ халқының табиғи өсімі мен ұлттың рухының өсуіне байланысты қазақ тілі қолданушысының саны да артып, мәртебесі де көтеріліп келеді. Бұл дегеніңіз тіліміздің мемлекеттік дәрежесіне күмәндануға негіз жоқ деген сөз. Енді алаңдаушылығымыз тілімізді білмей-ақ осы елдің нанын жей береміз деп ойлайтын аз санды қауымда. Ендігі мәлселе осы қауымды ертең жұмыссыз қалдырмаудың қамын жасау. Ол үшін маңдайларынан сыйпай бермей, талап етудің жоғардағыдай нақты қадамдарына көшкен жөн.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 300

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 576 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 247 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 743 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 779 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 156 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 369 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 400 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 366 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 439 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 629 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 844 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 379 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 260 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 344 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 821 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 794 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 152 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 165 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 385 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 536 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31