2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚОПА КӨЛІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛМАҚ

ҚОПА КӨЛІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛМАҚ Көкшетаудың іргесіндегі Қопа көлінің жағалауында суға түсіп, күнге қыздырынып, көңіл сергітер жағажайдың ашылуы қала халқына жаңа бір тыныс болды. Көл жағалауын қала тұрғындарының жазғы демалыс орнына айналдыруға кәсіпкерлер де ерекше ынта танытып отыр, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсі.

Биыл көкшетаулықтардың және қала меймандарының жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары белсенді түрде жүргізілуде. Айдын көлдің жағалауына қоныстанған қала болғандықтан адамдарға туристік және сервистік қызмет көрсетуге мүмкіндік мол. Көл жағалауын демалыс аймағына айналдыру сонау кеңес дәуірінде сөз болғанымен оны нақтылы жүзеге асырудың сәті енді ғана түскендей.

Өткен жылдан бастап «GrandSport», «Babysport» сауда кешендерінің бас директоры Рыскүл Арыстамбаева жергілікті биліктің қолдауымен көл маңында абаттандыру жұмыстарын қолға алды.

«Әуелі көл жиегін қамыстан тазартып, жағажай аймағын кеңейттік. Катамарандар, қайықтар алып, пирс орнаттық, жазғы дәмхана аштық. Келешекте яхта-клубты құруға байланысты жұмыстар да қолға алынғалы отыр. Жағажайға келіп демалушылар катамаран және су скутерлерінің қызметін, батутты пайдалана алады. Күнге қыздырынып кетпеу үшін жағажай бойынша зонттар орнатылды, – дейді кәсіпкер Рыскүл Арыстамбаева.

Былтыр «Атамекен» ұлттық палатасының шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бағытталған «Іскерлік байланыс» байқауында кәсіпкер Қопа көлінің жағалауында спорттық-денешынықтыру кешенін ашу жөніндегі жобаны сәтті қорғап, Германияның Дрезден қаласында бір айлық іс-тәжірибеден өтіп келді.

«Бизнес-сабақтар жоғары кәсіби деңгейде өтті. Енді германиялық әріптестерден үйренген тәжірибемді туған жерде іске асырғым келеді. Жылдың барлық мезгілінде жұмыс істеу үшін жеке ғимарат құрылысының жобасын қарастыру үстіндемін. Жоба құны 60 миллион теңгені құрап отыр. Осы орайда «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы арқылы несие алуды жоспарлап отырмын. Мақсат ойдағыдай жүзеге асатын болса, көкшетаулықтардың жаз айларын көңілді демалыспен өткізетіндігіне сенім мол»,–дейді кәсіпкер.

Осыдан үш жыл бұрын көлге жақын орналасқан жекеменшік тұрғын үйлер алынып, оның орнына осы заманғы өскелең талаптарға сай демалыс және сауда орындары, тұтас тұрғын үй кешендері бой көтеруде. Негізгі жағажай Горький көшесі бойындағы теннис орталығы мен «Жансая» жаңа тұрғын үй кешені маңында жасалмақшы.

Көлдің экологиясына кері әсер тигізбеу мақсатында жағажайда тазалық бейсенбіліктері ұйымдастырылуда.

«Жазғы демалыстың қазіргідей қызған шағында қаламыздың тазалығын сақтауға біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сол себепті тазалық бейсенбілігіне өз ұжымымызбен бір кісідей қатыстық. Мұндай шараны алдағы уақытта дәстүрге айналдыру керек. Өйткені, қаламыздың тазалығы ешкімді бейжай қалдырмауы тиіс», – дейді Көкшетау қаласы қаржы бөлімінің бюджеттік сектор меңгерушісі Гүлнар Құстаева.

Бұған дейін Қопа көлінің жағалауында инфрақұрылымы толық сақталған жағажай болған емес. Демалысқа лайықты коммуналдық және сервистік қызмет көрсетілмегендіктен әркім өз бетінше суға шомылуды әдетке айналдырды. Енді ресми түрде ашылған жағажайдың судан құтқарушылары, тәртіпті қадағалаушылары бар.

«Біз жағажайға келушілерге қазақ және орыс тілдерінде дайындалған жадынамаларды таратамыз. Тыйым салынған ережелерді түсіндіреміз, кеңес береміз. Қарапайым да қажетті ескертпелер бар. Одан арыға жүзудің қауіпті екенін ескертетін белгілер орнатылған, биік бақылау мұнарынан құтқарушылар қарап тұрады, қайық, басқа құрал-жабдық, бәрі дайын», – дейді шұғыл құтқарушылар отряды жетекшісінің орынбасары Талғат Айтпаев.

Жағажайға келіп демалушылар катамаран және су скутерлерінің қызметін, батутты пайдалана алады. Күнге қыздырынып кетпеу үшін жағажай бойынша зонттар орнатылады және шешінетін орындар жасалмақ. Аталған шаралар ойдағыдай жүзеге асатын болса, көкшетаулықтардың жаз айларын көңілді демалыспен өткізетіндігіне сенім мол. Көп қабатты үйде «қамалып» отырғаннан гөрі қала тұрғындары таяқ тастам жердегі Қопаға шомылғанды қалайды.

«Су қашанда адамға көтеріңкі көңіл сыйлайды, сергітеді. Суға түссең, шаршағаның басылып, жаның жадырайды. Жаз шыға жұрттың су іздеп, көлікке отырып, өзен-көлді жағалап кетері сондықтан. Ал, қала іргесінде Қопадай шалқыған шалқар көлдің болуы үлкен қуаныш, таптырмас олжа. Міне, қаланың Куйбышев көшесінің көлге тірелетін тұсынан арнайы жағажайдың ашылуы қала халқына жаңа бір тыныс болды»,–дейді қала тұрғыны Қанат Батыров.

Сонымен, Көкшетауда салқын суға түсіп, күнге қыздырынып, көңіл сергітер жағажай ашылды.
Просмотров материала: 2 897

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 934 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 583 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 071 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 129 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 494 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 014 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 064 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 366 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 005 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 087 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 267 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 332 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 092 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 049 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 876 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 085 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031