17 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КҮНӘ АРҚАЛАМАС ҮШІН ҒАЙБАТ СӨЙЛЕУДЕН САҚТАНҒАНЫМЫЗ АБЗАЛ

01 июль 2017, 12:53
КҮНӘ АРҚАЛАМАС ҮШІН ҒАЙБАТ СӨЙЛЕУДЕН САҚТАНҒАНЫМЫЗ АБЗАЛ Рамазан айын өзің үшін жақсы бір әдет қалып­тастыруды мақсат тұтып, барынша жоспарлы өткізу­ге ұмтылсаң, бір айда керемет нәтижеге қол жет­кізуге болады екен. Заманауи оймен айтқанда, әрбір адам бұл айда өзінің болашақ бақилық өмірі үшін «инвестиция» құяры анық. Қасиетті Рамазан айы адам баласына берілген үлкен бір «бонус» секілді.

Әлеуметтік желілерден шымкенттік жастар ауыз­ашар уақытында жолда жүрген адамдар үшін көше­де тегін су мен құрма тара­тып жүргенін оқып едік. Яғни, қасиетті айда әркім барынша, қолынан келгенше жақсылық жасауға тырысып бағары хақ. Өйткені, Рама­зан айында сауаптар еселе­ніп жазылатынын білеміз.

Біз де біраз уақыттан бері өзімізді толғантып жүрген бір мәселе жайын қозғауды жөн көрдік. Бұл – әрбір пендеге тән «қасиет». Сол «қасиеттің» өзімізге зиян екенін біле тұра, өзгелерді жамандауға, өзге адамның өміріне сыртынан баға беру­ге, ғайбат айтуға үйірміз. Өзгелер дұрыс өмір сүр­мейтін секілді көрінеді бізге. «Ғайбат айтқаным емес, бірақ…», «қара жер хабар бермесін» деп қойып, өзге­лердің мінін жіпке тізгенді жақсы көреміз.

Неліктен? Адамдар не үшін өздерін ақылды санап, өзгелерді ақымақ көруге бейім? Өзіміз ғана ақыл­дымыз, өзгелер ақымақ? Неге бас­қалардың өміріне араласуға бейілміз? Бұл пендешіліктің себебін іздеу­ге тырысып көрелікші.

«Әлхамдүлилла, мұсыл­манбыз» деп өскен қазақпыз ғой. Бәріміз ислам дінінде өзге адамды сыртынан жа­ман­дау күнә екенін біл­генмен, ғайбаттыққа жол беріп жатамыз. Адамдар мұның қаншалықты ауыр екенін сезінбейтін сияқты. Мәселен, Павлодар облысы орталық мешітінің ресми порталы – mazhab.kz сайты осы мәселеге қатысты мынадай мысалдар келтіреді.

Пайғамбарымыз Мұхам­мед (с.ғ.с.) Миғражға көте­рілгенде, тозақтың ішінде тілдері желкесінен шығып, азапталып жатқан бір топ қауымды көріп, Жәбірейіл­ден (ғ.с.) бұлардың кімдер екенін сұрайды. Жәбірейіл (ғ.с.): «Бұлар өсек, өтірік, ғайбат айтқандар» деді.

Кейбір замандастарымыз ғайбаттан сақтанған болып, «одан да бетер нәрселері бар. Бәрін айта берейін де­сем, ғайбат бола ма деп қор­қамын» дейді. Ал шынды­ғында, бұлай сөйлеу – ашық айтылған ғайбаттан да ауыр күнә.

«Қияметте бір адам сауап дәптерінде жасамаған ғиба­даттарын көреді. “Бұлар сені ғайбат еткен адамдардың сауаптары” делінеді» (Ха­раити).

Тіпті, ислам, өзге адам­ның сырт келбетіне баға беріп, сөйлеуді де құпта­май­ды екен. «Пәленшенің бойы қысқа» деген адамға пай­ғам­барымыз (с.ғ.с): «Бұл сөзің теңізге тасталса, теңіз де сасиды» деді (Тирмизи).

«Ғайбат еткен адамның дұғасы қабыл болмайды» (Шира). «Ғайбатталған кісі, ғайбат еткен адамды кеші­р­мейінше, кешірілмейді» (Дәйләми). «Ғайбат – адам­ның сауаптарының азаюына, басқалардың күнәлары өзі­не жүктелуіне себеп бола­ды. Бұларды үнемі ойлап жүру, ғайбат айтуға кедергі болады» (Ислам ахлақы).

Қарап отырсақ, өзге адамды сыртынан жамандау, өсектеу дінде күнә сана­лады. Өзгенің күнәсін де арқалап алуыңа себепші болады екен.

Тура осы мәселеге орыс­тың белгілі психотерапевт дәрігері Валерий Синель­никовтың «Формула жизни» кітабында: «Сіз біреуді сынап-мінеп, сыртынан сөге бастағанда не болатынын тереңірек түсіну үшін фи­зика пәніндегі ішіне бірдей су құйылып, түтік салынған екі құтыны елестетіңіз. Егер сіз сол құтының біреуін жоғары көтерер болсаңыз, жоғары тұрған құтыдағы су төмен тұрған құтыға тү­тікше арқылы құйылаты­нын көре­сіз. Біраздан кейін екі құтының деңгейі теңеседі. Ал енді сіз біреуді сынай бастаған сәтте не болатынын елестетіп көріңізші. Өзге біреуді жамандап, сынай бастағанда сіз өркөкіректік танытасыз. Яғни, сіз өзіңізді сол жамандап тұрған адам­нан жоғары қоясыз. Сол сәтте сіз өзіңіздегі энергияны сол адамға бересіз. Өйткені, біздің барлығымыз бір-бірі­мізбен көрінбейтін энергия арқылы байланыс­тымыз», – деп топшылайды психо­терапевт. «Яғни, бұған оңай көз жеткізуге болады. Егер байқаусызда бір адамды жамандап қойсаңыз немесе сондай ортаға түсіп қал­са­ңыз, біраздан кейін өзіңіздің шаршап қалға­ныңызды аң­ғарасыз. Немесе басыңыз ауырып, психо­логиялық тұр­ғыда өзіңізді нашар сезін­уіңіз мүмкін. Сол сәтте энер­гияңыздың қайда кетіп жатқанын түсіне бер­сеңіз болады. Егер мұндай әдеттен адам тыйыла ал­маған жағ­дайда ол ақпарат­тық-энер­гетикалық деңгейде қандай да бір жағымсыз оқиға не­месе ауру түріндегі жауапты «соққы» алады», – дейді В.Синель­ников.

Егер бір адам өзге адамды жамандап, сыртынан сөгетін болса, сол адам өз өміріне разы емес дегенді де оқы­ғанымыз бар. Психологияда солай айтылады. Ал мил­лионер Майкл Роуч «Ду­ховное партнерство» кіта­бында «Неліктен біз өзге адамның мінін көреміз?» деген сауал қойып, оған былай жауап береді: «Өйт­кені, біздің ешқайсы­сымыз мінсіз, кемел емеспіз, біздің санамыз да солай жара­тылған. Сондықтан өзге­лердің мінін көрер болсақ, ол біздің санамыздың бей­несі. Яғни, кемшілік ол адам­да емес, ол бізде» дегенді айтады.

Сондықтан өзге адамды жамандай бастағанымызда сол адамның күнәсін арқа­лайтынымызды, өз энергия­мызды беріп қоятынымызды әрі өзіміздің де мінсіз емес екенімізді, алдымен өзімізбен жұмыс істеуді ойланға­нымыз абзалырақ секілді.

Дереккөзі: almaty-akshamy.kz
Просмотров материала: 2 609

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 152 838 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 152 650 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 152 297 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 152 328 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 152 625 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 998 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 144 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 319 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 991 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 182 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 093 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 163 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 972 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 844 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 670 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 816 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 955 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 622 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 993 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 720 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 726 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 572 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 411 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 666 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 612 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 121 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 551 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 448 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 695 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 038 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 449 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 427 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 468 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 411 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 647 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 788 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30