28 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛУІМІЗ ҚАЖЕТ

01 июль 2017, 9:42
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛУІМІЗ ҚАЖЕТ Сонымен, бүгіннен бастап, елімізде міндетті медициналық сақтандыру туралы Заң күшіне енеді. Жасыратыны жоқ, қарапайым халықтың кейбір бөлігі денсаулық сақтау саласындағы жаңа Заң қандай өзгерістер әкелетінін әлі де толық түсіне қойған жоқ. Елдің бір бөлігі «бұл өзгеріс қалтамызды қаға ма?» деп қауіптенсе, екіншілері «міндетті медициналық сақтандырудың қандай пайдасы бар?» деген сауалдың жауабын біле бермейді. Осы ретте жалпыға ортақ жаңа Заң туралы тағы бір мәрте ой өрбітіп, көпшіліктің сауалына жауап іздеуді жөн көріп отырмыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Айлығыңыз денсаулығыңызға қалай «қызмет етеді»? Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы жобаны талқылаудың өзі біраз жылдарға созылғаны белгілі. Ақыры, бұл Заң биыл қабылданатын болды. Заман көшіне ілесуді мақсат тұтқан Қазақстан үшін денсаулық сақтау саласындағы бұл жобаны ары қарай талқылай берудің қажеті шамалы еді. Себебі, медициналық сақтандыру туралы Заң, мәселен, Түркия елінде сонау 1945 жылы қабылданып қойған.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің жарнасын есептеп, қарапайым тілмен түсіндіріп көруге тырысайық.

Ең алдымен, Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағытта арнайы қор құрады (қордың операторы - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы). Ол қорға жұмыс атқарып жүрген барлық қазақстандықтар (ұмытпаңыз - жұмыспен қамтылғандар), жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті түрде жарна аударатын болады.

Жарна дегеніміз - Сіздің еңбекақыңыздан ай сайын (зейнетақыға бөлінетіні секілді) ұсталып отыратын шектеулі сома.

Демек, Сіз өз жұмыс орныңызда айына 100 мың теңге еңбекақы алатын қарапайым жұмысшы болсаңыз, ай сайын еңбекақыңыздың 2 процентін, яғни 2000 теңгені Өзіңіздің медициналық сақтандыру үшін ашылған шотыңызға аударып отырасыз.

Бірақ, аталған 2 процент еңбекақыңыздан тек 2020 жылдан бастап ұстала бастайды (2019 жылдан бастап - 1 процент, 2020 жылдан бастап - 2 процент).

Ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, Сіздің жұмыс берушіңіз (яғни басшылық) жалпы еңбекақыңыздың 1 проценттік мөлшерін медициналық сақтандыру шотыңызға аудара бастайды. Бұл жерде 1 процент - Сіздің еңбекақыңыздан бөлінбейді. Бұл соманы жұмыс беруші жаңа Заң бойынша Сіздің шотыңызға аударуға міндеттеледі.

Яғни, айына 100 мың теңге айлық алатын Сіздің медициналық сақтандыру шотыңызға биылдан бастап айына 1000 теңге түсе бастайды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Елжан Біртановтың сөзіне сүйенсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сіздің басшылығыңыз медициналық сақтандыру шотыңызға жалпы еңбекақыңыздың мөлшерінің 1,5 процентін, яғни 1500 теңге, 2020 жылдан бастап 2 процентін, яғни 2000 теңге, 2022 жылдан бастап 3 процентін, яғни 3000 теңге аудара бастайды.

Енді медициналық шотыңызға басшылығыңыз бөлген 3000 теңге мен Өзіңіздің еңбекақыңыздан ұсталып отыратын 2000 теңгені қосыңыз (3 процент + 2 процент = 5 процент). Сонда айына 100 мың теңгелік еңбекақысы бар Сіздің медициналық шотыңызға 2022 жылдан бастап ай сайын 5000 теңге аударылып отыратын болады. Бір жылда: 5000*12=60 000 теңге. Мүмкін, «жылына 24000 теңге (2000*12 ай) қалтамды қағатын болды» деп ойлайтын боларсыз.

Бірақ, бұл сома өзге үшін емес, Өзіңіз үшін жиналып жатқанын саралап көріңіз. Сондай-ақ, мемлекет МӘМС-ке жиналған сомаңызды Өзіңіз бақылай алатындай жағдай жасауға уәде беріп отыр. «Денсаулықтың - баға жетпес байлық» екенін ескерсеңіз, «малым жанымның садағасы» деген ұстанымды ұмыт қалдырмассыз. Ал жеке кәсіпкерлер биылдан бастап МӘМС қорына ай сайын 2 АЕК төлейтін болады. 2 АЕК-тың қазіргі мөлшері - 4538 теңге.

Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз, онда жергілікті жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуіңіз керек. Сонда Өздеріңіз қорға қаржы төлеу немесе Сіздер үшін мемлекет жарна төлеу тәртібін ретке келтіретін боласыз. Егер ұмыт қалдырсаңыз, тез арада Өзіңіздің тұрғылықты жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жергілікті емханаға тіркеліп алғаныңыз абзал. Болмаған жағдайда Өзіңізге тиесілі жарнаны белгілеуде мәселе туындайды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мамыр айында ХҚКО-лардағы мамандар жұмыс ретін толық білетінін, келген азаматтардың мәртебесін бірден бекіте алатынын атап өткен болатын.

Кімдерге жеңілдік қарастырылған?

Десе де, Қазақстандағы 18 миллион халықтың бәрі де медициналық сақтандыру шотын аша алмайтыны белгілі. Еңкейген кәрі бар, еңбектеген бала бар. Жаңа заңның бұл тұсы да ескерілген. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық штабтың үйлестірушісі Зәуреш Балкенованың айтуынша, Қазақстандағы түрлі санаттағы 10 млн 30 мың адамға мемлекет МӘМС шотын өзі ашып береді.

Мемлекет келесі санаттағы адамдарға жарна бөлетін болады: балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атанғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар, сондай-ақ техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, резидентура формасындағы ЖОО-дан кейін білім алып жатқан тұлғалар.

Ендігі кезекте, жоғарыда аталған адамдардың МӘМС шотына жарнаны мемлекет қалай төлейді? Соған тоқталайық. Мемлекет ай сайын бүкіл Қазақстанға ортақ орташа жалақыдан халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2018 жылы - 3,75 процент, 2019 жылы - 4 процент, 2022 жылы 4-5 процент жарна төлеп береді.

Сіз қандай медициналық көмек ала аласыз?

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі республикалық штабтың үйлестірушісі Зәуреш Балкенованың сөзіне сүйенсек, МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілумен амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақмерзімді медбикелік күтім көрсетіледі. Медициналық көмек көлемі қорға аударылатын жарна сомасына тәуелді болмайды.

Тек бұл аударымның тұрақты жүргізіліп тұрғаны маңызды. Яғни, Сіз ең алдымен амбулаториялық-емханалық көмек ала аласыз. Оның ішінде емханада емделу, дәрігерлердің қабылдауында болу, зертханалық қызмет түрлері, диагностика қызметтері МӘМС арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, стационарлық көмектен жоспарлы түрде ауруханаларда емделу шарасы, күндізгі стационарда ем қабылдау мен жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сынды қызметтер де медициналық сақтандыру шоты арқылы жүргізіледі. МӘМС жүйесіне қарасты медициналық мекемелерде дәрігердің тағайындауы бойынша қордың кіріс бөлігінің ұлғаюына байланысты дәрілік заттар тегін немесе жеңілдікпен беріледі.

Мәселен, созылмалы аурулар бойынша дәрі-дәрмек құнының 100 процентін, негізгі және жұқпалы аурулар бойынша дәрі-дәрмек құнының 70 процентін, жалпы сипаттағы аурулар бойынша дәрі-дәрмек құнының 30 процентін МӘМС қоры төлейді.

МӘМС-тің қандай пайдасы бар?

Денсаулық сақтау саласының белді маманы, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарманның ойынша, МӘМС арқылы өзара бәсекелестіктің нәтижесінде сапа артады, халықтың ақшасы да тиімді жұмсалады. «Білуімше, міндетті әлеуметтік медициналық қорда мемлекеттік мекемелермен бірге жекеменшік медициналық ұйымдар да тіркеледі. Бұл дегеніміз, бәсекелестік барлық салаға таралады. Кімнің қызметі сапалы болады, ақша да соған жіберіледі. Ондайда тұтынушының ұтатыны белгілі», - дейді Алмаз Шарман.

Медицина академиясы президентінің сөзіне құлақ түрсек, бәсекелестіктің басты көрсеткіші сол - пациент дәрігерді, яғни клиниканы да өзі таңдайды. Ал медициналық сақтандыру қорындағы ақша сол клиникаға аударылады. Осылайша, пациент үшін, оған қызмет көрсетуден түсетін ақша үшін бәсекелестік күшейеді.

«Негізі, бүгінде дәрігерге пара беру көп елдерде «нонсенс» ретінде қабылданады. Себебі жалақысы жақсы дәрігерлер пара алмайды. Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенде осы мәселеге баса назар аударған жөн. Таныс-тамырластық арқылы жұмысқа тұру оқиғалары да бірте-бірте азаяды. Өйткені қазірдің өзінде xалық әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алмасып, дәрігерлердің кәсіби дайындығын талқылап, қай мекемеде қандай маманның жұмыс істеп жүргенін, жақсы дәрігердің қай жерде отырғанын да жақсы біледі. Сондай мамандарға көптеп барады», - дейді Алмаз Шарман.

Тобықтай түйін Біздің елге медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін 100-ден аса мемлекеттің тәжірибесі зерттеліп, ақыры қазақстандық сарапшылар Германияның үлгісіне баса тоқталыпты. Германияда халықтың басым бөлігі «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуді» өмір салтына айналдырып, кәрі-құртаңдарына дейін спортпен айналысуды мықтап қолға алған екен. Зерделеу жұмыстары осыны көрсетіп отыр. Ендеше, емханада емделу айлықты қағатындықтан, ауырмаудың жолын іздеудің орынды болары даусыз.
Просмотров материала: 2 225

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 595 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 412 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 385 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 327 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 310 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 510 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 263 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 289 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 759 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 177 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 324 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 491 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 166 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 325 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 685 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 470 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 148 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 833 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 840 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 014 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 281 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930