15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»

30 июнь 2017, 10:55
ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ» Абайдың тәлім-тәрбиесін көріп, өмірін біліммен өрнектеген, әлем ойшылдарының еңбектерін жата-жастана оқып, парасат биігіне шыққан, Алашқа алғаш рет «Ұждан» философиясын еңгізген һәм алпыстан асқан шағында қу тіршілік қыспағынан қашып, тұран даланы аңсаған түз тағысындай тақуа ғұмыр кешкен, адамзаттың аяулы ақыны – Шәкәрім Құдайбердіұлы.

Дана халқымыз: «Білім – инемен құдық қазғандай», – деп бекер айтпаса керек. Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық трактатын жазуға даярлықты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған тергенін өз ой елегінен өткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағаны мәлім.

Ақын кітаптың шымылдығын: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейірім», – деген сөзбен ашады. Сөйтіп, құлқынның құлы болмау үшін екі өмірде де ар сақтап, адам болып қалуды һәм адами құндылықтардың уақытша дүние қызығынан қашан да биік тұруын көксейді.

«Бас көзі» – еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін барлығымызға мәлім, адам баласының қоршаған ортаны көру мүшесі. Ал, Шәкәрім «Ақыл көзі» деп нені болжап отыр? Ол – әлбетте, іліммен нұрланған көкірек көзі. «Бас көзімен» көрген дүние бір қарағанда сұлу, мінсіз һәм зұлымдықтан ада болып көрінуі мүмкін, бірақ оны «ақыл көзімен» қарағанда, мүлде басқа қырын тануға болады. Міне, осы «ақыл көзі» пендеге әр нәрсенің түбін, ақиқатын, жақсы не жамандығын боямасыз көрсетіп береді. Ол – бейне бір қараңғы үңгірде қолыңа майшам ұстатқандай. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі» (Абай).

Ынсап – сүрген өміріңе, қылған кәсібіңе, тыныштықта тербелген туған еліңе деген ризашылығың. «Қанағат – қарын тойғызады» деп бабаларымыз бекер айтпаса керек. Араны ашылған жанның көзі тек қана топырақпен тоятынын хәкім Абай «Ескендір» поэмасында тайға таңба басқандай анық көрсетіп кетті. Ендеше, барлық тойымсыздыққа тосқауыл болатын – Шәкәрім айтып отырған ынсап қана.

Әділет – адамзаттың ең басты қажетсінетін қасиеттерінің бірі. Әділетсіз құрылған қоғам да, мемлекет те, тіпті тігілген шаңырақ та көп кешікпей құлдырайды. «Әділет, шафхат, кімде бар, сол жарасар туғанға» (Абай). Әділетті адам сенің туысыңмен тең, әділетсіз адам жақын туысың болса да, жатпен тең болады. Бір сөзбен айтқанда, әділетсіз өмір – өмір емес, тірі тамұқ.

Мейірім – адам бойындағы ұлы құндылық. Ол қараңғылықты, кекшілдікті, надандықты, қиянатты жойып, адам қалпыңа келтіретін, көкірегіңді кірден тазартатын таудың зәмзәм бұлағы секілді. Қай заманда да мейіріммен нұрланған қоғамның бақыты баянды, адамдары қайырымды болып келетініне көзіміз жетіп отыр. Ендеше, мейірімді болудың бұл өмірдегі пайдасы ұшан-теңіз.

Келесі сөзінде Шәкәрім: «Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты – өзінің тұтқан діні, оқыған-ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты екен деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтаусыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек», – дейді.

Асылы, бұл сөздің шын жанашырлықпен һәм аса білгірлікпен айтылғанына дау жоқ. Неге десеңіз, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратып алмай, кезіккен дүниеге бас ұрып, табынып кететін мінезіміз де жоқ емес. Сондықтан, Шәкәрім айтқандай «сау ақылмен» сынап, барлығын ой елегінен өткізіп барып, қабылдау керек.

Одан кейінгі сөздерде ғалым әлемге әйгілі философ, ойшылдардың жаратылыс туралы жазған еңбектерін, дәлелдерін шолып өтеді. Мысалы, Литерие, Маиен, Бюхнер, Демокрит, Дольн, Декарт, Коддрс, Спенсер, Конт, Биренжие, Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле, Пифагор, Архимед, Птолемей, Гиппарх, Сократ, Месмер, Калиостро сияқты білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дүниенің сырын ұғуды мақсұт қылғанын меңзейді.

Мінекей, Шәкәрімнің әлем кітапханаларын аралап, жүздеген ғалым мен жазушы, ақындардың сөздерін ақ қағазға түсіріп, соның барлығын «сау ақылға» сынатып отырғанын аңғардық. Бұл да Абай қалаған мектептің жарқын үлгісі деуге толық негіз бар. Сыншылдықтың жағымды һәм жағымсыз тұсы болса, Шәкәрім жағымды тұсын шебер пайдалана білген.

Шәкәрім қажы осы еңбегінің қорытындысында: «Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жол осы мұсылман жолы сияқты. Жан екі өмірде де азығы – ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық дегенім осы», – дейді.

Түйін:

Шәкәрім қажы қияда тұрып, қыран көзімен алты құрлықты түгелдей барлап, атақты ғалымдардың әркімге танымал еңбектерін оқып, ой елегінен өткізіп, сау ақылмен сынатып, соңында шығарған саналы қорытындысы – «Ұждан» қасиеті, ар ілімі және қазақ ұлтының бағзыдан ұстанып келе жатқан мұсылмандық жолы. Міне, осы жолдан айнымаған адам екі дүниеде де бақытты болатынын аманат етеді.

Біржан АХМЕР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері.

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 093

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 588 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 421 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 047 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 096 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 379 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 190 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 415 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 415 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 581 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 307 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031