15 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР КӘСТРӨЛГЕ СУ ЫСЫТЫП, АУЫЗ СУДЫ БҰЛАҚТАН ІШУГЕ МӘЖБҮР

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР КӘСТРӨЛГЕ СУ ЫСЫТЫП, АУЫЗ СУДЫ БҰЛАҚТАН ІШУГЕ МӘЖБҮР Кеншілер қаласының халқы сумен қамтамасыз ететін монополистердің қызметіне көңілдері толмайды. Олар ыстық судың жоқтығынан қиналатындығымен қоса ауызсу сапасының да нашарлап кеткендігін айтады. Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі жұртшылықтың жан-айқайын тыңдап қайтқан еді.

Көптеген жылдар бойы тұрғындар қала іргесіндегі Майқұдық шағын ауданына қатынап, ондағы бұлақтардың суын тұтынып келеді. Күн-түн демей тоқтаусыз ағатын бұлақ басында қашанда қара-құрым кісі. Қарағандының түкпір-түкпіріндегілер таңның атысы, күннің батысы демей осында ағылады, олар тіпті бірнеше сағатқа созылатын кезек күтуден де шаршамайды. Өйткені, пәтердегі су құбырынан ағатын ауызсудың сапасы сын көтермейді. Бұлақ басындағы халық бір ауыздан кранның суы ішуге жарамсыз екендігін айтады.

«Бұрындары кран суын біраз ағызғаннан кейін сарғыш түсі жойылып, суық су мөлдіреп шыға келетін. Ал, соңғы уақытта тат су қанша ағызсаң да тазармайтын болды. Кран суын ішпек түгілі, оған жуыну да мүмкін емес. Кір суға шомылып жатқандай боласың. Көптеген таныстарымызда, тіпті қаланың барлық тұрғындарында осындай проблема», - дейді судың кезегінде тұрған Айткен ақсақал.

Оның айтуынша үйдегі су құбырынан ағатын ауызсу хлор татитын болғандықтан, оны ішуден бірнеше жыл бұрын бас тартқан.

«Осы бұлақтардан су алып жүргеніме он жылдың жүзі болған шығар. Оның суы таза, әрі дәмді, денсаулыққа пайдалы. Бұл суға үйреніп алғандығым соншалықты, кран суына қайнатылған шәйді ішпеймін, ол суға пісірілген тамақты да жемеймін», - дейді Айткен ата.

«Меніңше, Қарағандының біраз жұрты ауызсуды осы жерден алады. Қашан келсең кісі қаптап тұрады. Қысы-жазы аптасына бір рет, не болмаса екі рет менде осы бұлақтан су тасимын. Үйдегі кран суын тек тұрмыста пайдалануға болады, ал ас-ауқат дайындауда бұлақтың суына жетер ауызсу жоқ», - дейді Владислав Шайкин.

«Қарағанды Су» ЖШС-нің бүкілқалалық проблемаға айналған ауызсу мәселесіне байланысты өз айтары бар.

«Су сапасының төмендеуі көп жағдайда жаз айларында орын алады. Және де бұл бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, аталған проблема сыртқы ауа температурасының жоғарылауына, сондай-ақ осы уақытта тұрғындардың бау-бақшаны суаруға суды көптеп пайдалануына байланысты болады. Екіншіден, осы уақытта 70 пайыздан астам қарағандылықтың үйінде ыстық су болмайды. Яғни, адамдар суық суды көбірек тұтынады. Халықты жеткілікті деңгейде суық сумен қамтамасыз ету үшін судың көлемін ұлғайтамыз. Бұл судың турбулентті қозғалуына әкеледі. Үйлердегі су жүйелерінің жағдайын ескеретін болсақ, осының салдарынан су қайтадан ластанады», - дейді «Қарағанды Судың» баспасөз хатшысы Марина Богдан.

Марина Богданның айтуынша, қазіргі уақытта «Қарағанды Су» ЖШС-і су құбырлары желісін тазартып, суық суды талдамадан өткізіп жатыр.

Еске салайық, бұл су мәселесіне байланысты Қарағандыдағы бірінші проблема емес. Бұған дейін қала тұрғындарының қыста қолқаны қабатын сасық ыстық су пайдаланғанын жазған болатынбыз. Ыстық су демекші, көмірлі аймақ тұрғындарының ыстық су көрмегеніне екі айға жуықтады. Бұл дегеніңіз, Қарағандыға жолыңыз түсіп, алда-жалда жуыну қажет бола қалса ыстық судың жоқтығынан жуына алмайсыз деген сөз.

Жаз келсе қарағандылықтар ыстық судан қағылып, қиналып қалатындығы рас. Қалаға ыстық су жеткізетін «Теплотранзит Қарағанды» компаниясы жылу құбырларын жөндеу жұмыстарына байланысты жыл сайын жазда ыстық суды тоқтатуды әдетке айналдырған. Биылғы жылы да мамыр айының басында тоқтаған ыстық суға тұрғындардың қолы әлі жеткен жоқ. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-і маусым айының 26-сынан бастап кезең-кезеңмен пәтерлерге жеткізіле бастайды деген су әзірге ешқандай үйдің су құбырынан ақпады.

«Шыны керек жаз келгенде қуана да алмаймыз. Себебі, ыстық судың жоқтығынан мазамыз кетеді. Тастай суық сумен кірді, ыдыс-аяқты жуу мүмкін емес. Екі ай бойы шәйнекке, кәстрөлге су ысытып, жуынуға мәжбүрміз. Халықты бұлай қинау қашан аяқталатыны белгісіз», - дейді Валентина Егорова.

Қарағандыны ыстық сумен қамтамасыз етудегі шешілмей келе жатқан тағы бір түйткілді мәселенің бірі – Майқұдықтың төменгі аудандарында жаздыкүні ыстық судың мүлдем болмайтындығы. Мұнда тұрғындар қыс айларында ыстық суды батареядан алса, жазда су жылытқыш құрылғыларды қолдануға мәжбүр.

«Көктемде жылыту маусымы аяқталған күні пәтеріміздегі ыстық су да тоқтайды. Содан кейін күзге дейін жылу берілгенше ыстық су көрмейміз. Қазір адамдардың көпшілігі үйлеріне су жылытқыш құрылғы орнатып алған. Ал, титан сатып алуға қалтасы көтермейтіндер жаз бойы ыстық судың жоқтығынан зар жылап отырады», - дейді Майқұдықтың 14-ші ықшам ауданының тұрғыны Рақым Омаров.

Қала жұртшылығы «Теплотранзит Қарағанды» мен «Қарағанды Судың» қызмет ақысын уақытылы төлейтіндігін айтады. Ендеше төленген ақыға сай монополистердің халықты сапалы суман дер кезінде қамтамасыз етулерін де талап етеді.

«Коммуналдық қызметке уақытылы төлем жасаймыз. Қарызымыз көбейіп кетсе, «Қарағанды Судың» қызметкерлері бірден айыппұл салады, сотқа шақырамыз деп қорқытады. Тіпті, әжетхананы пломбылап кетуден тайынбайды. «Теплотранзит Қарағандыға» 500 теңгені кем төлесеңіз болғаны жарықсыз отырасыз. Олар үйге келетін электр сымдарын түбірімен қиып кетеді. Ал, өздерінің халыққа беріп отырған суының түрі мынау. Суық су құбырынан біресе сары, біресе тат су ағады, кейде тіпті суда құрттар да жүреді. Қыстай сасық ыстық су пайдалансақ, жаз болса сол суға да зар болып қаламыз», - дейді ашынған қарағандылықтар.

Кеншілер қаласының тұрғындары «Теплотранзит Қарағанды» мен «Қарағанды Суға» қанша шағымданса да, «баяғы жартастың» еш өзгеріссіз екендігін айтады. Ал, қала жұртшылығын сумен қамтамасыз ететін жауапты компаниялар да аталған мәселелерді қашан шешетіндігін нақты айтпайды. Осылайша, халық пен монополистер арасындағы бітпес дау көптеген жылға созылып келеді.
Просмотров материала: 2 123

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 588 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 421 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 047 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 096 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 379 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 054 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 190 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 415 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 415 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 581 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 307 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031