10 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: РУХАНИ ЖАҢҒЫУ - ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

29 июнь 2017, 9:12
ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ: РУХАНИ ЖАҢҒЫУ - ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері өңірлерге шығып, «Рухани жаңғыру» жобасын халыққа насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осындай мақсатпен Ақмола облысына ат басын тіреген белгілі жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай маңызды бағдарламаның мән-маңызын саралап айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің тілшісі.

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауымен өткен кездесуде жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай қазіргі заманда баспасөздің мемлекеттік ұстанымы мен даму бағдарына тигізер ықпалы зор екенін атап өтті.

«Қолдарына қалам ұстаған жазушылар кез келген дүниені ой тезінен өткізіп, ардан аспай жазуы керек. Елбасының мақаласы жайында да бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген материалдар жарияланды. Бірақ, солардың көбінде біз ұлттық мәдениет дегенді көбінесе өнермен, ән-күймен, салт-дәстүрлермен ғана шектеп жүрген сияқтымыз. Мәдениет деп Елбасының айтып отырғаны идеологияның, саясаттың соңында жүру ғана емес ұлттық кодты қалыптастыру, өзіміздің ұлы халықтың ұрпақтары екендігімізді ұмытпау, тіл мен діл, ұлтты сүю, тарихты ұмытпау»,–дей келе ғалым жаңғыру сөзін пайдаланғаннан гөрі қайта құрылу деп атаған дұрысырақ болатынын айтты.

Ұлт болашағын алғашқы орынға қоятын қаламгер ең алдымен оқулықтарды дұрыстау мәселесіне кеңінен тоқталды.

«Мәселен, 3-4 сыныптарға арналған музыка пәні кітабының бірінде өзге ұлттардың ұлттық аспаптары жайында түсініктер берілсе, қазақтың төл ұлттық аспабы – домбыра туралы бірде-бір мәліметтің болмағанына қынжыласың. Сондықтан, тарих, әдебиет және басқа ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарымыз айтылатын оқулықтардың ішіндегі материалдарға мұқият болып, қайта жазу қажет», - деді ол.

Жазушы Тұрсын Жұртбай шетелге еліктеуден, жалғандық пен жасандылықтан бойымызды арылту керектігіне тоқталып, мақалада осы жайында айтылған ойларды келтірді.

– Сіздер мақаланы жай ғана оқып қоймай, оның астарында шын мәнінде не жатқандығына ерекше көңіл бөліңіздер. Даңғазалықты қойып, Елбасы тұспалмен, емеурінмен айтқан міндеттерді ойларыңызға тоқып алыңыздар. Бұл мақала ертеңгі еліміз, болашақ ұрпағымыз үшін үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізудің алғашқы бастамасы. Рухымызды биіктетіп, ұлтымызды сүюді, туған жерімізді құрметтеп, қастерлеуді жадыдан шығармауымыз керек және жас ұрпақты соған қарай тәрбиелеуіміз маңызды, –деді жазушы.

Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы Виктор Терещук мақала туралы өзінің ой-пікірін айтып, еліміздің мектеп бітіруші түлектерінің көбі шет мемлекеттерде оқуға құмартып тұратындығын, оларға туған елімізде де сондай білім алуға мүмкіндік барлығын мектеп қабырғасында түсіндіру керектігі жайында өзінің пікірін білдірді.

Ғалыммен кездесуге жиналған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, ғылыми-сараптамалық топтың, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де мақала туралы ойларын айтып, ғалымға естелік кітаптар сыйлады.
Просмотров материала: 2 181

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 711 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 395 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 894 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 929 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 301 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 799 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 165 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 845 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 080 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 869 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 000 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 632 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 509 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 749 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 502 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 899 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 697 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 510 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 354 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 199 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 443 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 931 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 895 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 258 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 502 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 637 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031