10 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ВИЦЕ-МИНИСТР ОРАЛМАНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АТАДЫ

26 июнь 2017, 10:52
ВИЦЕ-МИНИСТР ОРАЛМАНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АТАДЫ Бүгін елордада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің төрағалығымен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының делегаттары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Шара кулуарында вице-министр Baq.kz тілшісіне сұқбат берiп, 5 миллионға жуық қазақтың шетелде тұрып жатқанын айтты. Нұрымбетов қазiргi таңда Отанына оралған қандастарға барынша жағдай жасалуда және алға қойылған жоспарлар да көп дейдi.

«Қазақстан – егемендігін алғалы бері этникалық көші-қонға, яғни біздің сыртта жүрген қандастарымызға, тарихи Отанына ораламын деген бауырларымызға көмек көрсету, жағдай жасау саясатын жүргізіп отырған санаулы елдердің бірі. Егемендігімізді алғалы бері біздің елімізге 284 жанұя, яғни 1 миллионнан астам қандасымыз қоныстанған. Бүгінгі күні Отанына ораламын деген азаматтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының азаматы болу.

Сондықтан, біздің қолданыстағы заңнама бойынша азаматтықты алуға барынша жеңілдік қарастырылған.

Атап айтсақ, Қазақстанға оралған бауырларымыздың қоныстанған өңіріне қарамастан оған 5 күннің ішінде «оралман» мәртебесі беріледі. «Оралман» мәртебесi азаматтықты алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтарымен барлық салада тең құқыққа ие болу үшін берiледi. Ал одан кейін тұрақты тұруға рұқсатты жеңілдетілген түрде 3 ай ішінде алуға болады. Және оны алу үшін басқа шетелдіктер сияқты төлем қабілеттiлiгiн растаудың қажеті жоқ.

Біздің елге кірген визаның түріне қарамастан оған тұрақты тұру рұқсаты беріледі. Осы рұқсатты алғаннан кейін жеңілдетілген түрде 3 айдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, келіп жатқан қандас бауырларымыздың құжаттары барлығы түгел болып, рәсімдер уақытында жасалса, оларға 6 айдың ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады», - дедi Нұрымбетов.

Вице-министр тiлшiнiң «оралмандар үшiн азаматтықты алу қиындапты» деген пiкiрiне жауап қатты. Оның айтуынша, кейбiр мәселелердiң шикi тұстары бар.

«Біздің заңнама бойынша талабымыз бар. Ол – Қазақстанға тұрақты тұруға келген кез келген шетелдік азаматтан соттылығы туралы анықтаманың сұралуы. Бұл әрине біздің еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселелер. Басқа елдерде проблема жоқ, бірақ Қытайда кейбір жағдай туындайды. Тиісті органдар ондай анықтаманы береді. Бірақ, соны алудың аздап қиындықтары бар.

Оның үстіне кейінгі кезде қандастарымыздың көбі елiмiзге өз еркімен келеді, ал кейіннен анықтама керек екенiн біліп, Қытайдан алып келуге мәжбүр болады. Біз бұл мәселені шешуіміз қажет. Бұл жерде, кеше Елбасы да айтты, біздің сырттағы елшіліктер үлкен жұмыс жасау керек.

Қазіргі қолданыстағы заңда бізде сәйкес нормалар бар. Яғни, қандастарымызға өз еркімен келуге болады, бiрақ алдын ала сол жақтағы елшілікке өтініш тапсырған жөн. Ең ыңғайлысы сол. Сол кезде өтініштің құжаттары бізге жолданып, біз осы жерде бүкіл мәселесін шешіп, «қандай субсидия береміз, қай жерге қоныстандыруға мүмкіндігіміз бар, басқа да жеңілдіктер беремiз бе?» деген сұрақтарға жауап тауып, құжаттардың толықтығын тексеріп, барлығы дұрыс деген кезде ғана шақыру жасаймыз. Қандастарымыз осылайша келіп жатса, ешқандай проблема болмаушы еді», - дейдi Біржан Нұрымбетов.

Министрлiк өкiлi елiмiзде оралмандарға жан-жақты көмек көрсетілетiнiн де жеткiздi. Дегенмен, ол қандастарымыздың еліміздегі еңбек ресурстары тапшы, халықтың саны аз өңірлерге барғаны жөн дейдi.

Осы себептен Үкімет оралмандардың қоныстану өңірлерін де заң бойынша белгілеген. Вице-министрдiң айтуынша, Қазақстанның 7 облысы қандастарымызды қабылдау өңірi болып белгіленген.

Егер олар белгiленген өңірлерге барса, оларға көшi-қон шығындарын өтейтін субсидия берiлiп, 1 жылға дейін пәтер не үй жалдауға қаржылай көмек көрстеледі екен.

«Әрине, қазір тұрғын үй мәселесі қиындау. Себебі, елімізде тұрғын үймен қамтамасыз етуде еліміздегі барлық азаматтар тең құқыққа ие болуы керек. Сондықтан, біз Үкіметке осы мәселені қарап, қосымша жаңа ұсыныстарды әзірлеп жатырмыз.

Мысалы, бiрiншiден, ауылды жерде 12 ай бойы төленетін қаражаттың көлеміне бағасына сай үй сатып алу мүмкіндігі бар екен. Сол себептен 12 ай бойы төленетін жәрдемақыны бір мезгілде беру тетігін қарастырып жатырмыз.

Екіншіден, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» несиелерiн берудің жеңілдетілген түрлерін, тетіктерін қарастырудамыз. Сондай-ақ, ауылды жерге барса, үй сатып алуға 2 миллион теңгеден астам тегін, қайтарылмайтын субсидия берсек пе дейміз.

Егер ол қалада болса, сол сусидияны беріп, алғашқы салым ретінде несие алуға пайдаланса деген ой бар. Одан кейін, кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жеңілдетілген шағын несиелер беру жағы тағы бар.

Сондай-ақ, ішкі көшіп-қонушыларға кәсіпкерліктің негіздерін «Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы оқытып, оны сәтті аяқтағандарға 5 миллион теңгеге дейін қайтарылмайтын грант берсек пе деген жоспар бар. Дегенмен, бұл әлі жоба түрінде тұр», - дейдi вице-министр.

Оның айтуынша, елге оралған қандастарға жер телімдерін беру де көзделiп отыр. Бұл мәселе қарастырылып жатыр. Нұрымбетовтың мәлiметiнше, қазiр заң бойынша жер телімдері конкурс арқылы ғана беріледі. Көшіп-қонушыларға, олардың ішінде оралмандарға жер телімдерін бақша өсiру, коммерциялық мақсатта алу немесе үлкен егістік жерлерді конкурссыз беру тетігі қарастырылуда.

«Негізінен, азаматтықты жеңілдетiлген түрде алу және басқа да жеңiлдiктер қолданыстағы дүние, оларды біз заң жүзiнде 2015 жылғы қарашада енгізгенбіз. Ал енді тегін гранттар беру, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана мәселесiн шешу сияқты ұсыныстарды бiз жаңадан әзірлеп, қарап жатырмыз.

Жоспарымыз бойынша, егер біз жылдың соңына дейін заңдағы қажетті нормаларға өзгерістер енгізіп үлгерсек, 2018 жылдан бастап оларды iске асыруға кiрiсемiз», - деп түйiндедi Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Просмотров материала: 2 071

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 518 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 323 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 173 941 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 173 991 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 282 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 253 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 392 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 620 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 688 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 848 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 537 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 955 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 401 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 237 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 058 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 264 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 329 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 005 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 393 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 113 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 128 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 960 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 795 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 053 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 994 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 513 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 983 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 828 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 105 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 444 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 846 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 799 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 847 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 805 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 032 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 182 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930