30 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҒЫ: АТАЖҰРТҚА ОРАЛУҒА АСЫҚПАЙМЫЗ

26 июнь 2017, 9:19
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҒЫ: АТАЖҰРТҚА ОРАЛУҒА АСЫҚПАЙМЫЗ Астанада үш күн бойы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Жиынға әлемнің алыс және жақын 39 елінен 350 қандасымыз келді. Тарихи Отанға көрші өзбек елінен ат терлетіп келген Серікбай Үсенов құрылтайдан алған әсері және Өзбекстан қазақтарының өмірі туралы әңгімелеп берді.

Дерек көзі: Sputnik Казахстан

Серікбай Үсенов — Өзбекстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы. Сол жерде туып-өсіп, көп жыл мемлекеттік қызметте істеген.

"Ата топырақ Қазақстан болса, ана жеріміз осы ел, осы жерде өсіп-өніп жатқан жағдайымыз бар. Балаларым жоғары оқу орындарын бітірді. Тегін оқыттым. Лауазымдар беріп жатыр. Мен өзім он төрт жыл үш аудан әкімінің орынбасары, әкім болдым. Қай қазаққа басқа мемлекетте осындай жасайды мәселен. Сол сияқты генерал ағаларымыз бар. Бүгінде президентіміздің мемлекеттік кеңесшісі қазақ — Тұрсынхан Құдайбергенов.

Сол сияқты Айдарқұлов деген ағамыз Науаи уалаятының әкімі, Әлішер Ғаппарұлы он жылдай аудан әкімі болды. Жетпіс пайыз қазақтар тұратын жерде, міне, қазақ әкімдері де істеп жатыр. Бізге ешқандай кедергі жоқ. Конституцияның сегізінші тармағында жазып қойған, бізде ұлтқа қарамайды", — деп әңгімеледі Серікбай Үсенов. Осылайша, оның айтуынша, Өзбекстанда қазақтардың жағдайы жақсы.

Сондықтан аға буын атажұртқа асықпайды, ал жастардың ынтасы бар.

"Жағдайымыз жақсы, сондықтан Қазақстанға келуге асықпаймыз. Жасым алпыс екіде, бұл жақта таныс тауып, бауыр тапқанша, қанша өміріміз қалғанын білмейміз. Екі ұлым осында болса, қызым Алматыда тұрып жатыр. Біздің асығатын жеріміз жоқ, немерелеріміз ертең келуі мүмкін. Оқимын деген жастар барып жатыр", — дейді ол.

Жыл сайын жүзден астам жас Қазақстанға оқуға келеді екен.

"Биыл 200-300-ге жететін шығар" дейді орталық төрағасы. Жақында Қазақстанның 51 университетінің өкілі көрші елге барып, үлкен көрме өткізіп, әр оқу орнын таныстырған. Әрі кеше құрылтайдың салтанатты ашылу жиынында Елбасы шеттегі қандастарымыз үшін бөлінетін квотаны екі есе арттыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Серікбай Үсеновтың сөзінше, Өзбекстан қазақтары үшін тіл мәселесі жоқ. Көрші елдегі қандастарымыз туған елден жырақта жүрсе де, ана тілін біледі.

"Өзбекстанда 396 қазақ мектебі бар. Төрт университетте жеті тілде ұлттар оқиды. Мәселен, Қарақалпақстанда 350 мың қазақ болса, сол жердегі институттарда қазақ тілінде факультеттер бар. Балаларымыз қиналмастан жоғары оқу орындарын бітіріп жүр. Ташкенттің өзінде Низами атындағы педагогикалық университетте мектептерге қазақ тілді мұғалімдер дайындаймыз. Сол сияқты Сырдария облысы Гүлстан қаласында қазақша оқуға мүмкіндік бар. Қазақтар қазақ тілін де, өзбекшені де, орысшаны да білеміз. Балаларға балабақшадан ағылшын тілін де үйретіп жатырмыз", — дейді ол.

Серікбай Назарұлы көрші елдегі қазақтар өзбектеніп бара жатыр деген пікірмен келіспейтінін де айтты:

"Ондай нәрсеге көнбейді. Өзбекке өт десе, кім өтеді оған. Қазақтың қаны болса. Төлқұжатта Өзбекстан азаматы, ұлты қазақ деп жазып қояды. Анасы қазақ, әкесі өзбек болғанда, әкесі өзбек болғаннан кейін өзбек болып жазылады. Бірақ қазақ тілін де, өзбек тілін де біледі. Енді өзбек жігіті қазақ қызын жақсы көрсе, махаббат болса, кім оған жоқ дейді. Орыстан, өзбектен қыз алғандар да бар".

Үш күн өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына Өзбекстаннан 60 делегат келген екен.

"Жақсы әсер алып бара жатырмыз" деп бөлісті Серікбай ағамыз. "Көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп, кетіп бара жатырмыз. Мұның бәрін Өзбекстан еліне жеткіземіз. Астананың әлемдегі үлкен, гүлденген қалаға айналып жатқанын көрдік. Құрылтайда сөз болған Қазақстанның рухани жаңғыру бағдарламасын Өзбекстандағы елшімен бірге қазақтарға таныстырып, түсіндіріп, өзбек тіліне аударып беріп отырмыз. Басқа елде тұрсақ та, Атажұрттың жетістіктеріне әрқашан қуанамыз", — деп түйіндеді әңгімесін Өзбекстандағы қазақ ұлттық-мәдени орталығының төрағасы.

Айта кетсек, бүгінгі күні жырақта 5 миллион қазақ болса, оның 1 миллионнан астамы Өзбекстанда тұрып жатыр. Жалпы, тәуелсіздік жылдары бір миллион қандасымыз елге оралған.
Просмотров материала: 2 492

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 079 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 219 762 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 262 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 301 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 219 677 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 696 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 728 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 061 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 735 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 771 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 975 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 829 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 949 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 599 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 476 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 430 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 706 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 454 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 864 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 658 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 478 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 313 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 165 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 523 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 407 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 896 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 258 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 217 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 459 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 854 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 207 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 295 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 222 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 465 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 602 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930