22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АҚТӨБЕДЕ ЖАС КЕЛІНШЕКТІ ҮШ КҮЙЕУІ ТАЛАҚ ЕТТІ

АҚТӨБЕДЕ ЖАС КЕЛІНШЕКТІ ҮШ КҮЙЕУІ ТАЛАҚ ЕТТІ Ақтөбелік теологтар үш бірдей күйеуі талақ айтып, ажырасқан жас келіншектің қиын тағдыры туралы шағын фильм түсірді. Бейнеролик жақында жарық көрмек, деп хабарлайды kerek-info.kz.

Бар-жоғы 18 минутқа созылатын шағын фильмде адасқан келіншек өзінің баянсыз некесі туралы айтып береді. Салафизм бағытын ұстанатын үш күйеуі де оны талақ айтып, тастап кеткен.

- Ақтөбелік келіншек үш рет тұрмысқа шыққан. Алғашқы күйеуімен 17-18 жасында некесін қидырған. Талақ айтып, тастап кетеді. Екінші рет түрмеде отырған жігітпен бас қосады. Алайда ол да бір жыл өтпей, ажырасып кетеді. Үшінші жолы жетім жігітпен отбасын құрған. Ол қазір терроризмді насихаттағаны үшін түрмеде отыр. Теологтар онымен сөйлесіп, жұмыс істеп жатыр. Ол да жас келіншекке талақ айтып, тастап кеткен. Жүкті болған. Алайда ота жасалып, әбден қиналған. Ақыры сәбиінен айрылып қалған.

Фильм екі бөлімнен тұрады. 18 минуттық роликте келіншек өзінің қиын тағдыры, өкініші туралы жылап отырып, әңгімелеп береді. Бұл-өте үлкен трагедия,-дейді “Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандәулет Сулейменов.

Бейнероликте теріс ағымның жетегінде болған келіншектің бейнесі анық көрінбейді. Бет-жүзі қараңғыланып, тек сұлбасы ғана көрінеді. Қазір шағын фильм Астанадағы Дін істер министрлігінде сараптамадан өтіп жатыр. Кейін орталық сайтына орналастырылып, ақтөбеліктердің назарына ұсынылмақ.

15 жасында тұрмыс құрған

Ақтөбеде теріс ағымның жетегінде жүргендерді оңалту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мешіттерде имамдар уағыз айтса, теологтар олармен жеке сөйлеседі. Сөйтіп, адасқан жандарды тура жолға бағыттайды.

“Керек info” тілшісіне осындай ұзақ жылғы жұмыстан кейін дәстүрлі исламға оралған келіншекпен тілдесудің сәті түсті. Көбіне олар өзінің өткен өмірі жөнінде ашылып айтудан қашқақтайды. Әрі өз қауіпсіздігі үшін де алаңдайды. Сондықтан кездесуге теологпен бірге келген Аянат Арынбекова (кейіпкердің аты-жөні өзгертілді-ред.) өзін құпия ұстаған жағдайда тағдыры туралы әңгімелеп беруге келісті.

- Дін жолына 15 жасымда келдім. Бәрі аяқ-асты болды. Ислам жолында жүрген таныс қыздардың бірі “Сенің бұл жүрісің дұрыс емес. Исламға кел” деп маған дауғат айтатын. (“Дауғат” сөзі «шақыру» деген мағына береді. “Дауғат, насихат” деген бірдей мағыналы сөздер, - ред.) Күнде телефон соғып, шақырып, уағыз айтатын. Үгіт-насихат жүргізетін.

Ол кезде мен бала едім. Сондықтан осы дұрыс жол шығар деп ойладым. Исламды қабылдап, хиджап кидім, орамал тақтым. Кейін ол “сенің бұлай жалғыз жүруіңе болмайды. Жалғыздық тек Аллахқа тән. Брат бар, неке қию керек” деді. Сөйтіп, мен өзімнен 10 жас үлкен адамға тұрмысқа шықтым.

Мінезім ерке, тентектеу өстім. Үйден қашып кетіп, мешітте неке қидырдым. Бір жылдан соң ана атандым. Содан кейін ата-ананың рұқсатымен заңды түрде некемізді тіркедік, - деп бастады әңгімесін 22 жастағы келіншек.

Алайда 2014 жылы оның күйеуі Сирияға кеткен. Салафизм бағытын ұстанатын жолдасынан сол кеткеннен еш хабар жоқ. Жігіттің өлі - тірісі белгісіз.

- Жолдасым маған бірге тұрған кезде үгіт-насихат жүргізетін. “Сирияға бару керек, онда мұсылман бауырларды өлтіріп жатыр. Көмектесуіміз керек” дейтін. Ата-анамды кәпір қылды, тума-туыстармен қарым-қатынасты үзді. Үйден ұзап, ешқайда шықпайтын едім. Ер адамдармен, тіпті ағаларыммен араластырмайтын. Дәретханаға жалаңаяқ не қолымды жалаңаштап шықсам да, жазалайтын. Үйден айлап шығармайтын еді. Бірақ қол жұмсаған жоқ, -
дейді келіншек.

Жолдасы Сирияға кеткеннен кейін теологтар қыздың анасымен хабарласады. Соңыра Аянатпен сөйлесіп, оның адасып жүргендігін түсіндіреді. Қазір келіншек қара киімін шешіп, қалыпты өмірге қайта оралған.

- “Аңсар" ақпараттық талдау орталығына келіп, теологтардың дәрісін тыңдадым. Өзім әкесіз өстім. Сондықтан болар, ер адамдардың жаныма батырып айтқан сөздері қатты әсер етті. Жаның қиналғанда теологтың ер адам екеніне де, әйел екеніне де қарамайды екенсің... Менің дінге келгендегі бар мақсатым таза жүріп, күнә жасамау, намазымды оқып, парызымды орындау еді. Бірақ, тағдырым солай болды... Жолдасым аяқ асты кетіп қалды. Бізге ештеңе айтпады. Содан кейін өзім де шатасып қалдым. Теологтарға жылап, еңіреп барып, маған дұрыс-бұрысын айтыңыздар дедім. Олар ақ пен қараны ажыратып берді. Адам өлтіріп, жұмаққа түсудің мүмкін еместігін түсіндім. Содан кейін бұрынғы ортаммен араласқан жоқпын, никах (неке-ред.) та қиған жоқпын. Қазір мешітке барып жүрмін. Имамдардан діни білім алып, Әбу Ханифа мазхабымен жүрсем деймін, - дейді келіншек.

Балалықпен теріс ағымның жетегінде кеткен Аянаттың қатар құрбылары мен сіңілілеріне айтары да бар.

- Қазір сіңілілерім намаз оқуға асығып, менен ақыл сұрайды. Мен оларға “Тұра тұршы, ақыл-есіңді жинап ал. Ақ пен қараны ажыратып ал” деймін. Өйткені қазір әр түрлі діни ағым бар. Ислам мінсіз болғанмен, адамдар кемшіліксіз емес. Адамдар өздерінің түсініктерімен ислам дінін қап-қара қылып көрсетеді. Жастарды қатты уайымдаймын. Осы тақырыпты қозғағанда, жүрегім қатты ауырады. Жаным ашиды. Өзім де жынданып кете жаздадым. Егер жастарда ниет болса, намаз оқығаны дұрыс. Бірақ тек мешіттегі ұстаздардан білім алып, дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын ұстау керек. Ана брат, мына сестра айтты деген дұрыс емес. Ол тікелей адасушыға апарады. Қазір жылап, еңіреп жүрген қыздар көп. Ана брат шақырды, мына сестра айтты, себепші болды дейді. Олар шейх емес, ұстаз емес, ешқандай білім алмаған. Олардың өзі бір сүре мен Фатиханы ғана біледі. Ал жастар оларды намаз оқығасын, күшті адам деп біледі. Алданып қалады, - деп жылап отырып әңгімесін аяқтады.

“Өкінбеймін”

Тағдыры тәлкекке түскен келіншектен “Өкінбейсіз бе?” сұрадық. “Өкінбеймін. Неге дейсіз ғой? Өйткені ұлым бар. Шүкір, Алхамдуллах. Балам әкесін іздейді. Аллах алып кетті деймін. Күйеуім тастап кетсе де, баламды туыс-тарынан ажыратқан жоқпын. Енеммен араласып тұрамын” деді ол. Аянат 9-сыныпты бітіріп, орта арнаулы оқу орнына оқуға түскен. Алайда сол күйі аяқтаусыз қалған. Туыстарынан бөлек, пәтер жалдап тұратын келіншек қайтадан жаңа өмір бастағысы келеді. Қоштасарда кәсіп ашып, жаңа іс бастайтын ниетін де айтып қалды.

Дін өкілдері теріс ағымда жүргендерді оңалту үшін ұзақ уақыт пен төзімділік қажет екендігін айтады. Өйткені адамның санасына енген вирусты жою бір айдың, тіпті, бір жылдың шаруасы емес. Әрі әйел адамдарды оңалтудың өз қиындығы бар.

- Ер адам бес уақыт намазын мешітке барып, өтей алады. Әр намаздың алдында уағыз айтылады, дәстүрлі дінді уағыздайды. Ал әйелдер мешітке мүлдем аз келеді. Сол үшін қалалық мешіттің жанынан Дәстүр үйін аштық. Қазір 40-50 адам тұрақты түрде сабақ алып жатыр. Әйел жамағатына сабақ беретін ұстаздардың саны артты. Қазір 6 маман бар. Өскеменнен маман алдырдық, - дейді облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

Елімізде биыл күзде қара жамылғыға тыйым салынбақ. “Алайда бұл орамал мен хиджаппен күресу деген сөз емес” дейді дін өкілі.

- Жат ағымда жүргендер орамал мен хиджапты шешкізеді екен деп ойлап жатыр. Бұл-қате пікір. Ешкім орамалмен күреспейді. Адамның бет-жүзін анықтауға мүмкіндік бермейтін никаб, чадра мен паранжа секілді киім түрлері бар. Олар-арабтың ұлттық киімдері. Араб елдерінде тек әйелдер ғана емес, ер адамдар да бет-жүзін жабады. Өйткені ауа ыстық болғандықтан, бетті құрғап кетуден сақтайды. Ал біздің климат жағдайында оның қажеті жоқ. Исламда никаб кию парыз да, уәжіп те емес. Қазір қара жамылғыларын шешіп тастағандар да бар. Заңның шығуын күтіп, әліптің артын бағып отырғандар да жетерлік, - дейді Жандос Нұрланұлы.

Бір қуантарлығы, биыл Ақтөбе облысында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 170 адам дәстүрлі дінге бет бұрған. Олардың арасында әйелдер де бар.
Просмотров материала: 2 710

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 052 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 693 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 717 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 025 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930