10 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АРХЕОЛОГТАР СЫР ӨҢІРІНЕН ҚЫШ ЫДЫСТАР ӨНДІРГЕН ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫН ТАПТЫ

АРХЕОЛОГТАР СЫР ӨҢІРІНЕН ҚЫШ ЫДЫСТАР ӨНДІРГЕН ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫН ТАПТЫ Еліміздегі ең алғаш қыш-құмыра өндірісі Сырдарияның бойында басталған, деп хабарлайды khabar.kz. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде сақтар мекендеген Шірік Рабат қаласын зерттеуші ғалымдар осындай пайымға келді. Олардың мұндай тұжырым жасауына көне қала маңынан көзешілер ауылының табылуы себеп болған.

Қыш ыдыстар өндірген шеберлер ауылы Шірік Рабат қалашығынан 40 шақырым жерде жатыр. Аумағы 3 гектарға шамаласады. Археологиялық зерттеу барысында 11 пештің және тұрғын үйлер мен шеберханалардың орны табылып отыр.

Бұл елді мекенде Сырдың бойындағы ең алғаш рет қыш-құмыра ісі қолға алынған. Мерзімі б.з.д. IV-II ғ. жатады. Мамандардың айтуынша, дәл осы жерде кәсіби тұрғыда ыдыс өндіру басталған.

Бүгінде 6 қыш күйдіретін пеш пен шеберхана толық ашылды. Ал үй-жайлардың орнынан астық сақтайтын ірі көлемдегі ыдыстар қазылып алынды. Оған қоса көп мөлшерде тарының дәндері шыққан.

Жанболат Ұтубаев, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері:

- Төрт бұрышты және домалақ пештер бар. Олар екі ярустан тұрады, ішіне оттық салғанда, үстіне қыш ыдыстарын қойып күйдірген.

Қазір археологтар Шірік Рабат қалашығы аумағынан табылған цитадель бекініс орнын да зерттеуде. Бұл жерде көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын жәдігерлер жеткілікті.

Мақпал Сүйіндікова, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының кіші ғылыми қызметкері:

- Жапсырма әдісімен дайындалған қыш ыдыстар және олардың өрнектері, оғыз дәуіріне сәйкес келетін, ернеулері бүршіктеліп дайындалған ыдыстар, қабырғаларында бітпес белгілері бар үлкенді-кішілі шеңбер тәрізді ыдыстар көптеп табылды.

Арал маңындағы бірқатар тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Алайда 90-шы жылдары тұралап қалған бұл жұмыс 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта жанданды.

Еркебұлан Елеуов, Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің ғылыми қызметкері:

- Қазіргі таңда Қызылорда облысында 532 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған. Сыр бойының және Ферғана аңғарлары бойынша 16 ескерткіш ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне алуға ұсыныстар берілді. Оның ішінде Қызылорда облысында 8 ескерткішіміз қамтылып отыр.

Рухани құндылықтарға арқау болған тарихи ескерткіштерді қорғап, зерттеуде мемлекеттің қолдауы ерекше. «Бұл мақсатқа бөлінетін қаржы жыл сайын көбейіп, кешенді жұмыстардың ауқымы кеңейе түсті», – дейді ғалымдар.

Просмотров материала: 3 222

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 705 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 389 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 888 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 923 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 295 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 799 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 833 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 165 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 845 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 080 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 869 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 000 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 632 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 509 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 527 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 749 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 502 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 899 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 697 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 510 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 354 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 199 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 567 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 443 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 931 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 356 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 259 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 495 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 895 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 184 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 327 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 258 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 501 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 637 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031