19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАҚ: ҚЫТАЙДА ҰЙҒЫРЛАРМЕН АРАЛАСҚАН ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАМАҒАН

22 июнь 2017, 10:17
БАҚ: ҚЫТАЙДА ҰЙҒЫРЛАРМЕН АРАЛАСҚАН ҚАЗАҚТАРДЫ ҚАМАҒАН Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында "мұсылман ұйғырлармен жақын қарым-қатынаста болған" оншақты этникалық қазақ тұтқындалғаны туралы Қамшы ақпараттық агенттігі "Азат Азия радиосына" сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай билігі бұл мәселе жөнінде сауалдарға жауап бермейді.

"ОРАЗАДА ТАМАҚ ІШУГЕ МӘЖБҮРЛЕЙДІ"

Қазақтарды маусымның 10-ы күні Шыңжаңның Қарамай қаласындағы Душанзцы ауданында мемлекеттік қауіпсіздік қызметі өкілдері ұстаған. "Азат Азия радиосына" сұхбат берген жергілікті тұрғын тұтқындалғандардың бірі 47 жастағы Қалибият Баймолла, екіншісі - 49 жастағы Қанжытай Дошан екенін айтқан.

Сұхбат берушінің сөзінше, қазақтарды жергілікті мұсылман ұйғырлармен "тығыз байланыс" орнатқаны үшін айыптаған. "Полиция көптеген адамдарды ұстады, шағын автобус адамға толы болды" деген ол.

Бала көтеріп келе жатқан ұйғыр келіншек. Шыңжаң, Қытай, 15 сәуір 2015 жыл. Шыңжаң аймағының тұрғыны күллі мұсылман ауыз бекітетін қасиетті Рамазан айында қытай билігі ислам дінін ұстанушыларды ала таңнан кешке дейін аңдитынын, жергілікті қазақтар да "қатаң бақылауда" болғанын айтады.

"Рамазан айында түскі ас кезінде олар барлық мұсылман қызметкерлерді жинап, тамақ ішуге мәжбүрлейді", - дейді ол.

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫНАС ҚИЫНДАДЫ

Қытайда этникалық азшылық топқа жататын, негізінен Шыңжаң-ұйғыр ауданында қоныстанған қазақтардың көбі ислам дінін ұстанады. Бұған дейін этникалық мұсылман ұйғырларға қойылғандай шектеулерді соңғы уақытта қазақтар да сезіне бастады. Олардың Шыңжаң аймағымен көршілес Қазақстанға қатынауы қиындап кеткен.

Өткен аптада Үрімжі қаласының билігі мемлекеттік қызметтегі этникалық азшылыққа жататындар мен биліктегі коммунистік партиясы мүшелерін адалдық туралы ант беруге мәжбүрлеген. Бұл туралы Қытай мемлекеттік баспасөз құралдары маусымның 14-і күні жазды.

Мемлекеттік қызметкерлер мен партия шенеуніктері атеистік ұстанымдағы коммунистік партияға тәуелді, оларға кез-келген дінді ұстануға тыйым салынған. Сондықтан олар Пекинге адалдығын дәлелдеу үшін Рамазан айында тамақ жеуге мәжбүр.

Ант берушілер биліктегі партияны мадақтайтын, Қытай коммунистерінің көсемі Мао Цзедун дәуірінен келе жатқан "Коммунистік партиясыз Қытай қайта жаңғырмайды" деген мазмұндағы революциялық әнұранды шырқаған.

"ОН ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ"

Рамазан айындағы аңдуға қоса, Шыңжаңда қазақтар мен ұйғырларды бақылау, "тұрақтылықты сақтау" шаралары бұрынғысынан да күшейтілген.

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр ауданында түсірілген көшедегі әскери көлік. Жыл басында Окан есімді танымал қазақ имамы Алтай аймағының Хабахе округында қайтыс болған адамды ислам дәстүрімен жерлеу рәсімін атқарғаны үшін 10 жылға сотталған. Қазақ имам Шыңжаңның Санжи-Хуэй автономиялық округіндегі абақтыда қайтыс болған, полиция "ол өз-өзіне қол салды" деп хабарлаған.

Қытай мен Қазақстандағы этникалық топ өкілдерінің айтуынша, Шыңжаңда көп жылдар бойы ұйғырларға қолданылып келе жатқан діни шектеулер енді қазақтардың басына да түскен. Дәстүрлі ислам сөздерін қазақшалап тілек білдіргені үшін билік қылмыстық бап бойынша іс қозғауға бар дейді олар.

Ақпан айында Қазақстанмен шекаралас Іле Қазақ автономиялық облысында билік ұлты қазақ 22 жастағы Ешат есімді азаматты ұстап, WeChat әлеуметтік желісін қолданғаны үшін соттап жіберген. Ешат WeChat аккаунты арқылы "сепаратистік, экстремистік пікірлер жазып, экстремистік діни идеялар мен басқа да ақпараттар" таратқаны үшін жауапқа тартылған. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Ешат "өзіне тағылған айыптарды мойындап, қателігін түсінген".

Ұлты қазақ дереккөздің айтуынша, оны Іле Қазақ автономиялық облысы Емин округінің билігі көпшіліктен жасырын түрде 10 жылға соттаған, қорғаушы немесе отбасымен кездесуіне рұқсат бермеген. "Азат Азия радиосы" бұл адамның тағдырын білу үшін өткен аптада Емин округының халық сотына телефон шалғанымен, ресми органнан жауап ала алмаған.

"ЫҚТИЯРХАТТЫ ҚАЙТАРА БАСТАДЫ"

Соңғы кездері Шыңжаңның Алтай қаласына жақын Арахак елдімекенінде полиция Қытай паспортына ие этникалық қазақтарға Қазақстан үкіметі берген ықтиярхатты қайтара бастаған. Бұл туралы "Aзат Азия радиосына" сұхбат берген қазақстандық тұрғын айтқан.

Азаттық бұған дейін Қытайдан Қазақстанға көшіп кеткен қазақтардың Шыңжаңда тұратын туыс-таныстары мен Қазақстан азаматтығын алып, ол жаққа қайта барған қазақтардың жергілікті биліктің "қысымына тап болғаны" туралы хабарлаған. Қытай өкілі әлгі ақпаратты жоққа шығарған.

"Сіздер осы ақпаратты қытай тілінде таратқан соң билік жасқанған болуы керек, себебі бұл халықаралық құқық пен басқа заңға қайшы ғой. Халықаралық реакция болады деп алаңдаған тәрізді. Қазақстан берген құжаттарды қайтарып беру үшін күні-түні жұмыс істеп жатыр", - деген ол "Азат Азия радиосына".
Просмотров материала: 3 230

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 156 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 755 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 266 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 315 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 673 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 511 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 293 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 388 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930