23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СОҚЫР ҒАНА ЕМЕС, ТАСЖҮРЕК ЕКЕНСІҢ ҒОЙ, ФЕМИДА!...

СОҚЫР ҒАНА ЕМЕС, ТАСЖҮРЕК ЕКЕНСІҢ ҒОЙ, ФЕМИДА!... Ақтау қалалық сотының судьясы М.Кенжалиев облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Марал Қадірді 7 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

7 жыл! Жетім қыз, жесір əйел, жалғызбасты анаға жеті жыл!!!

Ал, "Астана-ЭКСПО" ұлттық компаниясының 214 млн қаржысын жымқырды деп айыпталған (еркетотай баласының кісі өлтірген қылмысын қоспағанда) Қ. Үсенов рақымшылықпен босап шықты. Бұны бір деп біліңіз.

«Хоргос» кеден бекетінің басшысы В.Ни 1 млн доллар парамен ұсталып, құтылып кетті. Бұл екі.

4 000 000 теңге пара сұрап тұтылған Ахметалиева да қалалық соттан 12 жылға кесіліп тұрып, облыстық соттың шешімімен 5 жылға жеңілдетіп алды.

Жемқорлықпен 1жыл 6 айға сотталған Құлмағамбетов 2000 ЕАК айыппұлға өзгертіп құтылды.

Ақша бопсалаған Дербісова 3 жыл мерзімін шартты жазаға аударып алды.

1000 000 теңге бопсалаған Демесінова мен Түлекбаева ісі де жеңіл жазамен аяқталған.

Ал, бар -жоғы 45 000 теңгелік (300 доллар) Марал Қадірге келгенде
мəртебелі сот заңқой һəм қатал! 7 жыл! Өмір бойы мемқызметке тиым! Мүлігін кəмпескелеу! Қайдасың, соқыр Фемида?!

Осы аптада осы істің үкімшісі М.Кенжалиев арнайы брифинг берді. Соттың ашық өткенін, Маралдың жақтастары видеодəлелдерді көріп, үнсіз ғана келіскендігін айтты.

Жоқ! Олай емес. Шағын сот залына симай қалған халық, сот үкімін оқығанда күңіреніп кеткен көпшілік, талықсып құлаған ана, құлын дауысы шырқыраған бала... Олар сот шешімімен еш келіскен жоқ болатын.

Орталықтан келген психо-филологиялық сараптама Маралдың қылмысқа қатысын дəлелдеу мүмкін емес деп шыққан. Ол есепке алынған жоқ!

Ұстау кезінде Маралдың ақша салынған конвертті өз қолымен айқайлап, жекіріп, қорқытып сөмкесіне салдыртып, сосын камераны қосқандығы туралы дерегі есепке алынған жоқ!

Бірінші куəгер берген 100 мың теңгенің əріптестің қайтқан анасының жаназасына ұжымның жинаған қаржысы екендігін əріптестерінің өзі айтып та, жазып та берсе де есепке алынған жоқ!

Екі куəгердің де Марал тарапынан көрген қысымы өздерінің кəсіби біліктілігіне қатысты қызметтік талап екендігі қаншама жұмыстық хаттамалармен дəлелденсе де есепке алынған жоқ!

Сот отырыстарында бейнедəлелдердің монтаждалып, өзіне қарсы пайдаланылғандығын, өзін ақтап алатын дəлелді тұстарының қиылғанын айтса да есепке алынған жоқ!

Жалғыз ұлы жан досын судан құтқарам деп өзі де теңізге батып өлген азалы ана екендігі есепке алынған жоқ! Сол оқиғадан психологиялық зақым алған жалғыз қыздың қараусыз, панасыз, анасыз қалғандығы есепке алынған жоқ! Жалғызбасты ана екендігі есепке алынған жоқ!

Бұл қызметке бұрынғы облыс əкімі 8 ай көндіріп əкелген білікті тəжірибелі маман екендігі есепке алынған жоқ!

Бұған дейінгі басшылар аузынан ақ май ақтарылып, пəленбай үй, қымбат көлікпен көше алмай қалғанында үстіне қылтанақ ілмей, үш бөлмелі үйде қанағатпен өмір сүріп, 5 айға жетпейтін қызмет ішінде жемқор болып кетуге ары да, уақыты да жетпейтіндігі есепке алынған жоқ!

Мемайыптаушы прокуратура 12 млн теңге айыппұл жазасын сұраса да есепке алынған жоқ! Араша сұраған ел-жұрт, ақсақалдар, ел ағалары, ұжым- əріптестері бəрі-бəрі есепке алынған жоқ!

Сен соқыр ғана емес, тасжүрек екенсің ғой, Фемида!..

P.S: Марал Қадірдің облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіруіне аз ғана уақыты қалды. Адвокаттары қамсыз емес болар. Əйтсе де, "əкемді алған ажалдан мен де қорқам" деген екен біреу. Қорқамыз жəне үміттенеміз... Тілейміз!

Жалпы Маралдың қысқа ғана басшылық қызметінде кімдердің "аяғын басып" кеткені, кімдердің майшелпек өмірден айрылғысы келмегенін қазір сезбесек те кейін сезетін боламыз. Пара алушы бар да беруші жазасыз шытырман істің де куəгерлері жапқан жалаларын өз арының таразысына тарта тұрсын.

Мына іріп-шіріген қоғам оларға да бір жалақорды жолықтырар.
Ниеттерінен тапсын дейміз бе, əлде... Жə, əзірге ешкімді қарғамайық, қараламайық. Қатал үкім кесуші судьяны да. Ол да заңға сүйенген болар. Бірақ!.. Тек, Мəртебелі Заңның Адам игілігі үшін жасалатындығын, бəріміздің де АДАМ болып қалуымызды шын тілейікші...

Әнуар Бимағамбет

Матрица.kz
Просмотров материала: 3 501

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 622 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 329 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 825 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 855 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 224 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 909 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 942 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 963 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 987 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 188 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 911 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 543 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 602 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 477 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 398 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 529 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 270 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031