7 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЕЛДІ ДҮРЛІКПЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ

03 май 2017, 19:33
ЕЛДІ ДҮРЛІКПЕУГЕ ШАҚЫРАДЫ Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заң жобасымен мөлшерлемелерді және аударымдар мен жарналарды есептеу нысандарын өзгерту, сондай-ақ төлеушілердің жаңа санаттарын, олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асыратын жаңа адамдардың санаттарын енгізу, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын ұйымдастыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері тұрғысында түзетулер қарастырылып отыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның сөзіне қарағанда, елдегі макроэкономикалық жағдайға байланысты, сонымен бірге жұмыс берушілерге түсетін жүктемені төмендету мақсатында Ұлттық экономика министрлігі жұмыс берушілердің аударымдарының деңгейін төмендету, жеке кәсіпкер жарналарының мөлшерін бекіту ұсыныстарын енгізген болатын.

«Мемлекеттің қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан 3,75 пайыз деңгейінде ұсынылады. Жұмыс берушілердің сақтандыру аударымдары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 1 пайыз, ал 2018 жылғы 1 қаңтардан 1,5 пайыз болуы ескерілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жарналары ең төменгі екі жалақыдан 5 пайызды құрайды», - деді министр.

Медициналық көмектің қолжетімділігін қаматамасыз ету мақсатында жарналардың мемлекет төлейтін адамдар санатында 4 жаңа санатты қосу ұсынылады. Осы орайда жұмыс істемейтін 18 жасқа дейін мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын азаматтар, жұмыс істемейтін оралмандар, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, үш айдың ішінде орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейін білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдар қамтылып отыр.

Аударымдар және жарналар төленбеген жағдайда МЭМС жүйесіндегі медициналық көмекке азаматтардың құқығы бойынша норма нақтыланады. Бұдан басқа, уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қордың күтілмеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру мен пайдалану және оларды бекіту тәртібін әзірлеу бөлігіндегі құзыреті толықтырылады.
Сонымен қатар әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету тетігі ретке келтірілді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде дүрлігуге жол бермеуге шақырды. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде тіркеу кезіндегі түсініспеушіліктер қайталанбауы тиіс.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді алғашқы оқылымда қарау барысындағы ең көп талқыланған мәселелердің бірі - медициналық сақтандыруды енгізуге ақпараттық жүйенің дайындығы Парламентте пысықталып жатыр.

Жыл басында ХҚО-ларда азаматтарды тіркеудің жаңа тәртібін жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың дайын болмағанын ескеріп, өткен қателіктерді қайталамау үшін алдын ала барлық қауіп-қатерлерді назарға алу қажет.

- Тіркеу барысында қандай айғай-шу, қандай дүрлігу болғанын білесіздер. Осыған байланысты, «Азаматтарға арналған үкіметке», әкімдіктерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, жаңа жүйеге енуге халық дайын болатындай жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.

Және бұл жұмыстарды медициналық қызметкерлерден бастау керек, олар күзге дейін медициналық мекемелерге тіркелген азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесімен бірге тізімін құруы тиіс.

Егер бұл ұйымдастыру процесі 2018 жылдың қаңтар айына дейін созылып кетсе, емханалар тағы да кезекке толып, халықтың наразылығы туындауы мүмкін. - Заң жобасында бәрі дұрыс. Тек оны нақты жүзеге асыру қажет. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде тіркеу кезіндегі түсініспеушіліктер қайталанбасын – дейді, Нығматуллин.

Елді дүрліктіріп жатқаны нақ осы медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін үкіметтің тағы да қыруар қаржыны қарызға алатыны. Министрлік Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге несие алмақшы екен.

Министрліктің бұл ұсынысына депутаттар әдеттегідей бір шулап барып, мақұлдай салды. 25 миллиард теңге несие аурухана, емханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтуға, дәрігерлерді қайта оқытып, ауылдық жерлердегі ақ халаттылардың біліктілігін арттыруға жұмсалады дейді.

Денсаулық сақтау министрлігі ел медицинасын жаңа жүйеге көшіру үшін шетелдерден мамандар алдыратындарын айтады. Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге 15 жылға беріледі. Үстеме ақысы 3 500 000 000 теңге болмақ.

Дереккөз:Inform.kz

Матрица.kz
Просмотров материала: 2 664

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 212 235 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 904 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 211 400 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 211 438 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 811 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 302 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 333 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 645 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 293 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 370 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 554 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 744 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 823 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 518 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 394 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 240 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 627 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 359 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 759 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 566 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 402 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 247 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 103 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 444 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 328 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 808 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 048 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 158 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 396 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 783 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 137 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 075 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 210 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 152 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 373 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 523 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31