18 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АҚ МАҚТАМЫЗ МАМЫҚ ПА?

АҚ МАҚТАМЫЗ МАМЫҚ ПА?  Шетелдің шиті отандық шиттен 6 есе қымбат. Биыл Мақтааралдық мақташылар шиттен тапшылық көрмейді. Өйткені ауданда бүгінге дейін 2502 тонна шит дайындалған. Оның 100 тоннасы Қытай мен Түркиядан әкелінген. Қазір шетелдік шиттің келісі 1350-1400, ал отандық шиттің келісі 230 теңгеден сатылып жатыр. «Отандық шит пен шетелдік шиттің айырмашылығы сапасында.

Былтыр мақта ұрығының түркиялық сұрпын еккен диқандар гектарына 30-35 центнерден өнім жинады. Алайда шетелдік өнімнің бағасы қымбат. Сондықтан мырзашөлдік мақташылар отандық шитті пайдаланғанды дұрыс көреді. Биылғы көктемде біздің мекемеміз 150 тоннадай шит әзірледі», – деді «Бақытжан» өндірістік кооперативінің цех меңгерушісі Жандарбек Әбенов.

Өткен жылы шиттің келісі 160 теңгеден босатылыпты. Бағаның бір жылда 100 теңгеге шарықтап кетуінің себебін Жандарбек Әбенов ұрықтық шит дайындауға кететін жарық, су және минералды қоспалардың қымбаттауымен түсіндіреді. «Бағаның 100 теңгеге өсуі шығындардың көбеюіне байланысты болып отыр.

Қазіргі таңда сапалы шит дайындау оңай емес. Дегенмен диқандар бағаның құбылуына түсіністікпен қарап отыр. Біз көктемгі егіс жұмыстары қызған шақта бағаның тұрақты болуына ықпал етеміз деп отырмыз. Ең бастысы биыл Мақтаарал шит тапшылығын сезінбейді», – деді Жандарбек Әбенов.

Естеріңізде болса, былтырғы көктемде мақтааралдық мақташылар шитке зәру болған. Салдарынан көктемгі мақта егу ісі кеш басталған. Өткен жылы тапшылыққа тап болған «Көпжасар ата» шаруа қожалығының басшысы Миралы Қолдабаев 4 гектар мақта алқабына қажетті 100 келі шитті қолма-қол ақшасына сатып алды.

«Өзімізге шиттің «Мақтарал» сұрпы өте қолайлы. Ол күннің ыстығы мен ағын судың тапшылығына төзімді. Сондықтан «Бақытжан» өндірістік кооперативінен шит сатып алдым. Биыл шаруа қожалығыма қарасты 8 гектар егістікке мақта егуді ойластырып отырмын», – дейді Миралы Қолдабаев.

Биыл мырзашөлдік мақташылар 80 мың гектар жерге шитті мақта егуді жоспарлап отыр. Қазір соның 2500 гектарына шит себіліпті. Шаруалар алдағы 10 күнде мақта егу ісін толық аяқтамақшы. Өткен жылы ауданда егілетін мақта дақылының көлемі 83 мың гектарды құрапты. Оның ішінде 20 мың гектар жерге инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, мақта өндіруге кететін шығындарды барынша азайтыпты.
Бұл үрдіс биыл да жалғасын таппақшы екен. «Ауданымызда 136 мың гектар суармалы егістік жер бар. Бұл жерлер 20 мыңға жуық шаруа қожалықтарына тиесілі. Жергілікті халық өте еңбекқор. Қазірдің өзінде ауданда 17 мың гектар жерге түрлі дақыл егілді. Оның ішінде 136 гектар бидай, 2500 гектар мақта, 44 гектар күнбағыс, 29,5 ге\ктар сүрлемдік жүгері, 553 гектар дәндік жүгері, 19 гектар картоп, 1025 гектар жоңышқа, 11714 гектар қауын-қарбыз, 62 гектар бау-бақ және жүзім бар. Әлі алда 13 884 гектарға бұршақты дақылдар, 80 мыңнан астам гектарға техникалық дақылдар, 34 мың гектарға көкөнiс пен бақша дақылдарын егудi жоспарлап отырмыз», –деді Мақтаарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов.

Ендігі мәселе – жергілікті диқандарды ағын судан тарықтырмау. Бұл мақсатта ауданда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын 51 коллекторды тазалау жұмыстарын бастады.

Бұл іс алдағы бір аптада аяқталуы тиіс. Жалпы Мақтаарал ауданында колекторлық жүйелердің ұзындығы 700 шақырымды құрайды. Соның 400 шақырымы 15-20 жылдан бері тазаланбай, қамыс басып кеткен. Ағын су жіберу қабілеттелігінен айырылған коллекторлар толығымен тазаланса, өңірде ағын су тапшылығы едәуір азаяды деп отыр диқандар.

Дереккөз: abctv.kz

Матрица.kz
Просмотров материала: 2 521

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 774 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 409 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 901 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 962 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 324 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 902 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 956 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 263 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 894 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 969 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 155 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 667 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 697 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 991 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 660 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 475 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 340 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 174 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 033 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 356 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 254 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 775 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 325 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 703 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 142 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 290 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930