14 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДИМАШ БІЗДІҢ ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН СЕЗІМДЕРІМІЗДІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ, - ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН

02 май 2017, 11:13
ДИМАШ БІЗДІҢ ҰЙЫҚТАП ҚАЛҒАН СЕЗІМДЕРІМІЗДІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ, - ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН «Димаш» жайлы эссе-кітап дүниеге келді. Шын айтайық, Димаштың жанкүйерлері үшін, баласының Қытайдан толағай жеңіспен оралғанына әлі де сенбей жүрген, авация мен сенсациядан басы айналып, есеңгіреп жүрген қазақ үшін бұл үлкен сюрприз болды. Осындай ерекше мәнерде жарық жұлдызымыз Димаш жайлы кітап шықты деген жаңалықты алғаш инстаграмнан оқып білдік. Авторы қазақтың сүйікті ақын қызы, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ-нің «Телерадио және PR» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан. Қуанышы қойнына сыймай, алғашқылардың бірі болып халықтан сүйінші сұрап, тұсауы әлі кесілмеген дүниеге ақпараттық демеу көрсеткісі келген Қамшы ақпараттық агенттігі ақын Оңайгүл Тұржанмен сұхбат құрған болатын.

– Кітапты жазу, оны басып шығару біраз уақытты керек ететін жұмыс. Егер де бұл кітап оның жеңісіне арналса, сіз кітапты қашан жазып үлгергенсіз? Димаштың әлем әншісі атанып, елге оралғанына көп бола қойған жоқ. Әлде Димаштың жұлдызы ерекше жарқырайтынын алдын-ала сездіңіз бе?

- Кітаптағы әңгіме Димаштың жеңісі туралы ғана емес. Оның жеңісі «I am a Singer» басталғанда алғаш орындаған әнінен-ақ басталған. Конкурс қорытындысында қандай орын алатындығына қарамастан, оны әлем мойындап қойды. Мен де сол әлемнің бір түйір бөлшегі едім. Әншілік деген граммен өлшенетін салмақ емес. Әншілік әншілікпен ғана өлшенеді.

Мен Димаштың жалпы әншілік таланты туралы, оның түпкі негізі туралы жаздым. Көрермендер мен олардың өнерді бағалауының себептері, конкурстың өзі, қытай көрермендерінің өзіндік ерекшеліктері туралы жаздым. Өткен жылы «Славян базарындағы» жеңісінен кейін біз өзіміздің «Тұмар» журналымызда Димашпен сұхбат жариялаған болатынбыз.

Сол кезде ол «Танымал әнші Тамара Асардың грузиннің контральто әншісі Тамара Гвердцителимен қосылып «Ақбаянды» айтқаны мені тәнті етті. Мен де шетелдің «мен» деген әншілерімен қазақтың халық әнін шырқағым келеді» деген болатын. «I am a Singer» басталғанда оның дәл сол бағытқа бет бұрғанына және дәл сол арманына жетпей қоймайтынына күмәнім қалған жоқ. «I am a Singer» конкурсындағы алғашқы әнін айтып шыққаннан кейін мен Димаштың әкесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Айтбаевтан сұхбат алдым.

Сұхбатқа көп әңгіме сыймайтыны белгілі. Біраз ойларым айтусыз қалды. Қанатқа телефон соғып, айтайын дегендерімнің тең жартысы сыймай қалғандығын, енді оны мақала етіп жазуға ниетті екендігімді айтып, келісімін алдым. Дегенмен, Димаш көңілдің түкпіріндегі ән өнері жайлы іште жатқан талай ойларымды қозғап жіберді. Енді ол мақаланың да көлеміне сыймайтын болды. Сөйтіп осы кітап аз уақыттың ішінде жазылды. Мен жазайын деп жазған жоқпын, өзі жазылды дегенім дәлірек болатын шығар. Бұл бір жағынан талантты дер кезінде бағалауға өз тарапымнан қосқан шағын ғана үлесім деп есептеймін.

– Димаш қателеспесем, сіздің жерлесіңіз. Бір топырақтан шығуларыңыз да өз әсерін тигізген шығар?

- Жоқ, Димаш менің жерлесім емес. Ол – Ақтөбеден. Мен – Маңғыстаудан. Маған әсер еткені оның тек әншілігі ғана десем, ол қысқа қайырғандық болады. Ол әлем алдында өзінің қазақы тәрбиесін көрсетті. Әлем алдында қазақы тәрбие дегеніміз – парасаттылық және патриоттық екендігін танытты. Үлкен сахнадан «Ассалаумағалайкум!» деп амандасып, тек қазақ тілінде сұхбат берді. Мұның өзі өз елімізде жүріп, өз тілімізде сөйлеуге намыстанатын қазақтардың алдында тіліміздің беделін алтын таққа отырғызды дер едім. Бұл тек менің ғана емес, талай қазақтың көңіліне қуаныш сыйлағаны анық.

– «Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын» деген ереже бар шынымен де. Сіз ол ережеден кешірім сұрапсыз. «Біз Димаш арқылы өзімізді басқаша тани бастадық» депсіз инстаграмдағы жазбаңызда. Сонда бұл кітап музыка жайлы ма, қазақты тану жайында ма? Эссе-кітаптың бұрынғы кітаптарыңыздан ерекшелігі неде болмақ?

- Бұл кітап, әрине, Димаш туралы. Ал Димаш туралы әңгіменің музыка, жалпы ән өнері туралы әңгімеден алшақ тұрмайтыны белгілі. Музыкатанушы болмасам да, музыка туралы жазған себебім мынау: музыка музыка үшін емес. Ол соны тыңдайтын халық үшін. Тыңдарман бар болса – өнер бар. Бағалайтын тыңдарман жоқ болса, өнер де жоқ.

Өнердің сусындайтын өзегі – халықтың көкірегінде. Мен сол тыңдарман халықтың бірі ретінде өнерге деген, әншілікке деген және Димаштың өнеріне деген өз көзқарасымды айттым. Көрерменге баға беріп көрмеген басымыз – көрерменді жәй әншейін ерігіп келіп отырғандар ретінде қарайтындығымызды олар туралы бір ауыз әңгіме жазбайтындығымыз арқылы дәлелдеп жүрген сияқтымыз. Біз негізінде өнер иесіне қаншама қол соғатын болсақ, көрерменге одан да зор қол соғуымыз керек. Өнерді өлтірмей келе жатқандығы үшін. Мен осы туралы да жаздым.

Біз имидж деген мәселеге немқұрайлы қарап келе жатқандардың біріміз. Мүлдем қате. Димаштың имиджіне қарап отырып мен соны ұқтым. Біз талай нәрсені жоғалтқандармыз. Мен соны жаздым. Біз тіпті өзімізді өте күрделі жаратылыс ретінде танудан да бас тартқан сияқтымыз. Соны жаздым. Осының бәрі Димаштың әнін тыңдап отырғанда келген ойлар. Димаш біздің ұйықтап қалған немесе көңіл мұхитымызға батып кеткен сезімдеріміз бен ой-түйіндерімізді қайта тірілтті. Ал бұл кітаптың жазылу ерекшелігін оқырман өзі айтатын шығар.

– Димаш сізге эксклюзивті сұхбат берді ме? «Димаш» эссе-кітабында Димаш жайлы еш жерде айтылмаған дүние оқырманға жария болады ма?

- Димаш маған эксклюзивті сұхбат берген жоқ. Ол «I am a Singer» конкурсының ұйымдастырушыларымен жасалған келісімшарты бойынша әзірге сұхбат бере алмайтынын Алпамыс Шаримов та, Қанат Айтбаев та айтқан. Сондықтан басқа жұрт білмейтін жаңалық дегеннен гөрі, бұл кітапта Димаштың басқа жұрт назар аудармаған қырлары туралы айтылды десем дұрысырақ болады. Жалпы ерекше талант иесі адамдар өзінің іс-қимылымен, сөйлеген сөзімен небір кешенді ойларға сілтеме жасап жүреді ғой. Сол сілтемелер көптеген мәселелер жайлы әңгіме қозғатты.

– Кезінде отандық бір музыкалық-телевизиялық жоба барысында айтыскер ақын Ринат Заитов Димашты қатты сынға алған болатын. Димаш Қытайда жұртты таң қалдыра бастағанда ескі сол видео ғаламторда қайта тарала бастап, шу шығарды. «Димашта» Ринат Заитовқа орын бар ма? Оның ағынан жарылып, сұхбат бергені халыққа керек сияқты.

- Талантқа әр кезде әр түрлі баға берілуі мүмкін. Ол бағалаушыға байланысты. Бірақ шын талант иесі бағалаушының деңгейіне тәуелді емес.

– Елбасы Димашты қабылдаған кезде «қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып, өлтіріп жіберуі мүмкін, содан байқа» деп аталық ақылын айтты. Қазақтың махаббаты қасіретке айналмас үшін Димаш неден сақтану керек? Өзін қалай ұстағаны дұрыс?

- Қазақтың махаббаты қасіретке айнала қоймас. Оған білімін шыңдау керектігі туралы Майра Мұхамедқызы да, Айман Мұсаходжаева да өз пікірлерін білдіргенін оқыдым. Нағыз талант иесінің айналасында қызғаныш та қатар шауып жүретіні түсінікті. Бірақ, оның бәрі қандай да бір ауыр кеселін тигізіп кетер деп ойламаймын. Елбасы айтқандай, денсаулығын күтіп, әр нәрсеге салмақпен қарап жүрсе, халықтың шынайы махаббатының өзі Димашты әлі талай биіктерге жеткізеді.

– Кітап қазақ тілінде. Димаш әлемдік масштабтағы жұлдыз. Негізгі (бұл жерде Димаш үшін өліп-өшуге дайын кәдімгі фанаттарды айтып отырмын) жанкүйерлері Қытайда. Қытайдан аударып басайық деген өтініш-ұсыныстар түспеді ме? Түссе, қандай шешім қабылдайсыз?

- Қытайдан қызығушылық танытып жатқандар бар. Ал оны қытай тіліне аударту мәселесін уақыт көрсетер деп ойлаймын. Кітаптың жарыққа шыққаны да кеше ғана ғой.

– Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана кітаптың дүниеге келуі барысында қандай рөл ойнады? Димаштың балалық шағы кітапта қамтылған ба?

- Кітапта Қанаттың да, Светлананың да айтқан ой-пікірлері баршылық. Тіпті негізінен осы кісілердің айтқандарына сүйеніп жаздым десем де болады. Димаштың бала кездегі өмірге көзқарасы туралы да жаздым. Ол көзқарасты қайдан тапқаным кітапта жазылған.

– Кітаптың жарнамасын жүргізу мақсатында арнайы пиар мамандардың көмегіне жүгінесіз бе?

- Жоқ, жүгінбеймін. Мен өзім пиар теориясы мен практикасы туралы Стамбул университетінің профессорлары Айдемир және Айла Окаймен бірігіп оқулық жазған маманмын. «Имиджелогия» атты оқу құралының авторымын. Солай бола тұра, арнайы пиар мамандарын жалдағаным ұят шығар. Бірақ, біздің Қазақстанда кітап пиары деген мүлдем жоқ деуге болады. Керісінше, шетелдік авторлардың кітаптарын жақсы таныстырамыз. Ал біздің қазақстандық авторлардың қаншама тамаша туындылары оқушысын таба алмай, сөрелерден қарап тұр. Сондықтан пиар мәселесі бізде өте кенже қалғанын мойындауымыз керек. Оны дамыту үшін біз қазір университетте арнайы мамандар даярлап жатырмыз.

– Кітаптың тұсаукесерін қай қалада, қалайша кеспекшісіз?

- Кітаптың тұсаукесерін Астанада өткіземіз бұйыртса. Таяу арада болатын шығар.

– Тұсаукесерде күтпеген тосынсый ұйымдастырылады ма?

- Тосын сый туралы әзірге ойланғанымыз жоқ. Оңайгүл ханым, «Димаш» атты кітабыңыздың жарыққа шығуымен құттықтаймыз. Димаш ініңізге қолдау білдіріп, қолтығынан демеп, кітап кейіпкері атануына себепкер болғаныңыз үшін Димаш жанкүйерлері атынан алғыс білдіремін. Қамшы ақпараттық агенттігі сізге шығармашылық табыс тілейді.

Сұхбаттасқан Жазира Байдалы, qamshy
Просмотров материала: 24 906

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 564 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 397 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 023 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 072 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 355 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 053 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 189 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 413 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 413 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 580 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 306 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031