24 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ШЫМКЕНТТІҢ ШЫЖЫҒЫ…

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫЖЫҒЫ… Шымкентте шешімін күткен шаруа шаш етектен. Әкімінің арманы алыстағы Лас-Вегаста. Мұрынның астындағыны біреу айтпаса, көз көре бермейді ғой, негізі. Жас басшылар көп қабатты үй көтеріп, велосипедке арнап жол салынса, Шым-шаһар шынайы мегополис бола қалады деп топшылайтын шығар, бәлкім...

Кез-келген өркениетті елдерде ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады. Ал, Шымкентте мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүгінсең, жүгіресің де жүресің. «Бір терезе» жүйесі жүзеге асырылғанымен, сарылған халық әлі сабылған күйі келеді.

Қаланың басым бөлігі жеке тұрғын үй массивтерінен құралған. Әлі күнге жеке меншік монополистерге күні қараған шағын аудандар бар. Жылда қара күзде біресе үкіметтің газын, біресе суын кіргіземіз деп көшелерді қазып жатады. Оның орнын дұрыстап жауып та кетпейді. Қыс бойы ми батпақ болады. Жолдың жиегіне жету мұңға айналады.

3-4 жыл бұрын ғана жаңаланған су құбырлары көбінесе «жарылғыш», электр желілері «үзілгіш», әйтеуір. Мұны айтқанда әкімнің осы жұмыстарға жауапты орынбасарының мердігерге тендерді біз беріп, сапасыз жұмысты біз қабылдап алғандай дүрсе қоя бергені бар.

Қалада жарығы жоқ, тас қараңғы көшелер өте көп. Есесіне ұрлық өршіп тұр. Талай үй мен дүкендер тоналды. Жұрттың несиеге алған тұрмыстық техникаларын «тасып» кеткен. Ол ұрыларды қашан ұстайды? Қашан жұрттың мүлкін қайтарады?

Ұрылардан қалған жұрттың жүйкесін газ бен жарықтың бақылаушылары жұқартумен келеді. Олар ойда жоқ сандарды құрап, тұтынушыларды белшеден қарызға батырып жатыр. Бұл екеуінің де есептеуіш құралдары үй ауласында тұрады. Жұмыс уақытында көрсеткіштерді айтатын адам болмай қалса, әлгі «контролерлер» есікті тепкілеп, одан қалса үйдің сыртынан тон пішіп, ойына келген сомманы жазып кете береді. Сөйтіп ай соңында 50, 60, 100 мың теңгеге шейін қарыз деген төлем-түбіртектерін әкеп тастайды.

Сол баяғы «ҚазтрансГаз» бен «Энергопоток» ЖШС-нің жыры бітпей келе жатқан. Былтыр 30 шақты бақылаушы жұмыстан босатылса да, одан ешқандай нәтиже шықпады. Әлбетте, өңшең не үйдің шаршы метрін, не көгілдір отынның кубын өлшеуді білмей0тін біреулерді жинап алса, ондайлар жарықтың киловатын есептеп қарық қылсын ба?

Екі ортада әуре-сарсаңға түсетін тұтынушылар. Монополистер де қып-қызыл бюрократтар. Мәселен, есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін бір мекеменің бақылаушысы жазып алса, түбіртектерді екінші бір мекеменің қызметкерлері үлестіріп кетеді. Тура сол сияқты жарықты да біреу сөндіріп кетеді, басқа біреу қосып береді. Қызықты қараңыз, өздері уақытылы түбіртекті жеткізбейді. Сөйтеді де, әр айдың 25-жұлдызынан кейін өсімақы қосыла дейді. Егер әлдеқандай себептермен төлем ақысын кешіктірсеңіз, электр қуатынсыз қаласыз.

«Өзім дегенде өгіз-қара күшім бар» деген ғой. Өздері дегенде тым пысықай, абоненттерге қызмет көрсетуге келгенде өте жайбасар. Мәселен, сөндіріп кеткен жарық үшін сол күні айыппұл төлесеңіз де, үш тәуліксіз қайта қосып бермейді. Үйіңізде жарыққа тәуелді пешіңіз болса, қыс ауасында сондай күйге түссеңіз үсіп өлесіз.

Неге бұлай екенін сұрасақ, «заңда солай» деп жауап береді, бұлар. Үнемдеген түрі ме, қайдам, бірқатар аудандарда ауық-ауық жарық өшіп тұрады. Арнайы қоңырау шалмасаң, қоспайды. Қазір, енді кей массивтерде сағат 11:00 мен 18:00 арасында суды да өшіріп жатыр екен.

Сервисіңнің сиқы осындай болса, Лас-Вегастың ауылы алыс қой, әлі!

Мөлдір Нұрман, Матрица.kz

Просмотров материала: 2 996

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 744 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 451 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 945 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 979 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 346 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 918 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 950 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 972 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 995 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 195 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 040 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 667 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 579 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 779 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 947 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 402 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 294 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 540 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031