14 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЕЛБАСЫ НЕ ДЕП ЕДІ?

24 апрель 2017, 14:01
ЕЛБАСЫ НЕ ДЕП ЕДІ? Елбасының елдегі жат ағымдардағы жұрттың жүріс-тұрысы мен киім киісіне қатысты айтқан орынды сыны қоғамда түсініспеушілік тудыра бастады. Ол қысқабалақ, ұзынсақал жігіттер мен бастан-аяқ қара бүркенген қыз-келіншектерге бағытталған сөз еді. Енді, мұның өзін бұрмалап, өңін өзгертіп жеткізетіндер табылып жатыр. Ел ішінде күбір-күбір әңгіме тарап, әлеуметтік желі беті пікір-талас алаңына айналды...


Естеріңізде болса, мемлекет басшысы: «Бізде соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге де келмейді. Қазақта қараны кісі өлгенде киеді. Бұл «Қара жамылып отыр екен. Үйдің иесі өлді немесе бала-шағасы қырылды» - деген сөз.
Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты ұстауымыз керек. Біздің қыздарымыз атам заманнан бері қарай бөрік киген, келіндері орамал салған, аналарымыз кимешек киген, міне біздің салтымыз. Ешқандай дін де, ештеңе де одан бөлінген жоқ.
Тағы да айтайын, қазақта шымқай қара киіну жаман ырым. «Кісісі өліп, қара жамылып отыр» деген сөз бар. Сонда біздің жастарымыз осындай бізге керек емес, ата-бабамыздан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің болашағы не болады? Біз оған жол бермейміз»,- деген еді.


Сақал қою – сүннет. Бірақ оны өсірудің жөні бар. Шариғат мұсылмандарды көрікті әрі көркем мінезді болуға бұйырады. Пайғамбарымыз с.а.у сақалдың ұзындығын 4 елі деп белгілеген. Яғни, түктің түбінен есептейтін болсақ, бұл түптеп келгенде иектен сәл-ақ төмен түсетін ұзындық. Сонымен қатар Пайғамбарымыз с.а.у үмметтеріне өзінің сүннет амалдарын жұртқа жек көрінішті қылып көрсетпеуін қатаң ескерткен.

Ал, біздегі сәләфи-уахабилер мен басқа да ағымдағылар өздерінің шариғат шарттарынан тыс амал-әрекеттерімен сүннет тұрмақ, бүтін Исламды сүйкімсіз етіп танытып жүр. Шығыстың бүкіл данышпандары мен ғалымдары, өзіміздің Әбу Насыр Әл-Фараби, Абайлар ақымақ емес қой, сүннетке сай үлгімен сақал өсірген. Жас жігіттер үшін де 4 елі ұзындық жеткілікті.

Қасиетті Құранда әйелдерге етек-жеңі ұзын киім киіп, шаштарын жасыру әмір етілген. Бірақ, қара жамылып алыңдар делінбеген. Бұрынғының келіндері мен жасы үлкен аналары шаштарын кимекшекпен жасырған. Олардың ешбірі етегін түріп жүрмеген. Жесір қалғаны болмаса, өзгесі қара кимеген.

Жалпы арабтардың өздерінде қара киіну үлгісі қайдан келгенін біз өткенде «Балағыңды ұзарт, сақалыңды қысарт» атты мақаламызда Матрица.kz баяндаған едік. Біздің қоғамды бұлыңғыр көзқарасқа жетелеген осы қара киінетіндер. Оның қайдан шыққан тарихын өздері де білмейді. Араб елдеріне қонаққа барғандар базарлыққа қара жамылғы мен қара орамал ала келеді. Киімнің арзаны сол, ол жақта. Соны әлдеқандай қылып киіп алады.

«Хиджаб» - біздің кимешекке ұқасас бас киім. Қазір, кейбір әжелеріміз болмаса, дінді ұстанатын орта жастағы әйелдер орамал немесе мойынорағыштарды пайдаланады. Мұсылман ханымдарға бет-жүзін көрсетіп жүруге тиым салынбаған. Шариғатта бәрінің шеңбері мен шегі бар.

Ал, «никаб» - бетперде. Оны сахара тұрғындары күннен, желден және құмнан қорғану үшін қолданады. Никабпен бет жасыру – парыз да, сүннет те емес.

«Паранжа» - жамылғы, яки кең шапан іспетті сырт киім. Бұны көбінесе Орталық Азия, Таяу шығыстағылар киген. Бұл да күннен қорғану үшін ойлап тапқан киім үлгісі. Шариғаттың шарты емес, әйтеуір.

Шын мұсылмандардың киіну мәдениетінен мақұрым, табанастынан тақуалығы ұстап шыға келген кей қазақтардың сауатсыздықтары дінді дауға қалдырып жатыр, қазір. Президент тапсырмасынан кейін, діни ахуал асқынып тұрған облыстарда тексеру жұмыстары басталып кетті. Алғашысы Ақтөбенің Шалқар ауданында өтті.

Елбасы ешкімді жалаңбастануға шақырған жоқ. Қазақтың қыздарының бөрік, келіншектерінің орамал тартып, кемпірлердің кимешек кигенін үлгі етті. Қара жамылып алып, жамандық шақырмай тыныш жүрудің жөнін әдемі айтты. Жігіттерге атасақалын беліне түсірмей, жас кейпін сақтау қажет деді. Мұны бұрмалаудың қажеті жоқ. Біреудің арам айтағына еріп, арандап қалмаңыз.

Мөлдір Нұрман, Матрица.kz
Просмотров материала: 6 903

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 564 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 397 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 023 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 072 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 355 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 053 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 189 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 413 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 413 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 580 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 306 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031