23 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САПАЛЫ, ТЕЗ ЖӘНЕ ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ КҮТЕМІН, - АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ

18 апрель 2017, 21:03
САПАЛЫ, ТЕЗ ЖӘНЕ ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ КҮТЕМІН, - АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ Достарым, кеше Министрліктің кеңейтілген алқа мəжілісін өткіздік. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы талқыланды. Мақалада Елбасы алты маңызды бағыттарды атап көрсеткен: латын əліпбиіне біртіндеп көшу, "Жаңа гуманитарлық білім", "Туған жер" бағдарламасы, "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы, жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы.

Аталған жоспарларды іске асыруда біздің Министрлік негізгі орындаушы жəне үйлестіруші болып табылады. Қазіргі таңда əрбір жоба бойынша арнайы жұмыс топтары құрылуда. Біздің ведомствоның барлық қызметкерлері жұмылып қатысатын кең ауқымды істер күтіп тұр.

Латын əліпбиіне біртіндеп көшу мəселесінде Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесе əлемдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару, білім саласындағы бəсекелестікке бейімделген кадрлар дайындау жұмыстары жоспарланып отыр.

Министрліктің ауқымды жобасы заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту болады. Ұлттық мəдениет туындыларын таңдап алу ғана емес, оны шетелде кеңінен таныстырудан тұратын күрделі əрі еңбекті көп қажет ететін іс. Бұл үлкен аударма қызметі жəне кітап, кино, пьеса, сурет, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар сияқты мəдени жетістіктерді таныстыруда арнайы əдістерді керек етеді.

Ағымдағы жыл алдағы 5-7 жыл ішінде əлемге не таныстырғымыз келетіндігімізді анықтайтын шешуші кезең. Бұл жерде Жазушылар одағы, Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдардың ролі маңызды.

Еліміздің Президенті Қазақстанның киелі жерлерін насихаттау мəселесіне басым көңіл бөлді. Елбасы Ұлытаудағы жəдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін жəне басқа да жерлерді тарихи жəне мəдени құндылықтар ретінде орнықтыруды меңзеді.

Кешегі алқа мəжілісінде Елбасымыздың мақаласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында тапсырмалар бердім. "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" жобасы аясында Мəдениет институты жəне Туризм комитеті бір айдың ішінде еліміздің киелі жерлерінің картасын құрып, оларды зерттеу жəне сүйемелдеу шараларының жоспарын құруы тиіс. Сонымен қатар, мəдениет департаменті Discovery, National Geographic телеарналарымен бірлесіп, Қазақстан туралы ғылыми- танымалдық фильмдер сериясын шығару мəселесін тиянақтауы қажет.

Ішкі жəне сыртқы мəдени туризм, сөзсіз, халқымыздың киелі мұрасына арқа сүйеу керек. Мəдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түркістан немесе Алтай - ұлттық немесе қүрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар, достарым.

Қазіргі таңда Қазақстанда біріктірілген мəдениет, туризм жəне спорт - еліміздің туристік нарығын белсенді дамытуға тез жəне тиімді мүмкіндік беретін салалар.

Сонымен, тапсырмалар берілді, мақсаттар айқындалды ,енді, достарым, сапалы, тез жəне жемісті нəтиже күтемін.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі
Просмотров материала: 2 265

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 205 588 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 205 226 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 204 719 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 779 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 205 143 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 941 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 997 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 302 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 936 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 012 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 196 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 672 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 706 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 460 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 321 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 061 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 558 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 266 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 668 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 481 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 343 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 179 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 039 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 259 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 742 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 845 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 095 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 330 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 709 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 078 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 020 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 148 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 091 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 296 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 453 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930