14 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДЕПУТАТТАРДЫҢ «АСТЫНАН СУ ШЫҚПАЙДЫ», ЕСЕСІНЕ …

ДЕПУТАТТАРДЫҢ «АСТЫНАН СУ ШЫҚПАЙДЫ», ЕСЕСІНЕ … Депутаттардың айлығы елді дүрліктіріп жіберді. Әлбетте, басыбайлы баспанасы жоқ, бір «жапырақ» жері жоқ, жалақылы жұмысы жоқ, тойып ішер тамағы жоқ, тон тұрмақ, киерге көйлегі жоқ, «жеті жоқтың» күнін кешіп жатқан кедейі көп халық ашынбай қайтсін?

«Итке сүйек тастағандай» қылып, шиеттей бала-шағасына 9940 теңге жәрдемақы алатын байғұстар байлардың 900 мың теңгелік айлығын қызғанбай қайтсін? Қып-қызыл капитализм, иә!

Осы «халықаралық стандарт» деген Құдайдың «соры» болды. Кедендік одаққа кіреміз деп баға мен заңның барлығын дерлік Ресейдің стандартына сәйкестендірдік. Одан бөлек халықаралық талапқа сай ратификацияланған құжаттардың есебіне жету қиын. Баяғыда ауылдың қатындары ұрысып жатса, «-Не болды, ей, бөрінің артындай шулап» - деп әжелеріміз тиып тастаушы еді. Біздің депутаттар тура солар сықылды көрінеді. Улап-шулап алады да, мақұлдап жібере салады. Әлгі, салықшыл және айыппұлшыл заңдар соның «нәтижесі» ғой.

Айлық мәселесінде де халықаралық тәжірибеге сүйенеді-міс. Украинаның Жоғарғы РАДА депутаттарына айына – 40 мың гривна төленсе, ДУМА депутаттарының негізгі айлығы – 80 мың рубль екен. Біздің депутаттардың алатыны ағылшындық әріптестерінің еңбекақысынан да асып кетіпті. Осыған да қанағат қыла алмай, Премьер-министрдің айлығын көксейтіндер табылды. Не үшін? Қол көтеріп, бас изегендері үшін бе?

Бұл Парламенттен қаймана қазаққа қайран да, қайыр да болмай тұр. Не тіл үшін тебіренбейді, не жер үшін еміренбейді. Ұлттық идеология ұмыт қалды. Ал, депутаттардың бар арманы - Астананың атын ауыстыру сыңайлы. Кереку мен Қызылжардың атын қайтаруға қай аталарынан именетінін қайдам, үндемейді, әйтеуір.

Ұлт деп тұрғаным – ұрпақ. Оқушылардың ойы оқуда емес, мектептің айналасындағы ойынханаларда. Тіпті, тұла бойымен еніп кетіп жатқандары жетерлік. Букмекерлік компаниялар мен интернет клубтарының атын жамылған ойынханаларды жабуды ойламайды.

Ұлт деп тұрғаным – ҰБТ-дан төмендеп кеткен қазақтың тілі... Әйтеуір, «Әліппе» үшін тілеулес болған Бекболат Тілеуханға рахмет. Ол кісінің айлығы өссе де түсінуге болады, бала-шағасы көп дегендей...

Ал, Азат Перуашевтың қай дегені, бұл. Өзі әжетханасы мен асханасы жоқ үйде тұра алады ма екен? Адам бірнәрсе демес бұрын ойша болса да өзінен өткізіп көруі керек қой.

«Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» дегенді депутаттар дәлелдеумен келеді, негізі. Террористер мен экстремистер құрықтала қалатындай, үйің бар ма, жоқ па, жаппай тіркелуді міндеттеп қойды. Міндеттеумен шектелмей, айыппұл салатын болды. Баспананың жайы жұрттың жанайқайы еді. Буынсыз жерге пышақ ұрды, қысқасы. Ал, Перуашевтың мұнысы ашыған жараға тұз себу ме, қалай?

Мәжілісте қазір кім жоқ? Алдыңғы шақырылымдағы сөзі түзу депутаттардан санаулысы қалды. Осы жолы бас партия қарашаны қатырды. Сайлауалды тізімге кіл жақсыларды қосып дауыс жинап алды да, жеме-жемге келгенде бәрін «лақтырып» кетті.

Халықтың қалауымен сайланбай, Мәжіліске жайғасқандардың «астынан су шықпас», енді. Есесіне, қара жұмыстағы аналар «астынан су кеткенше» бейнет кешеді. Мәжілістің мінберіне шықсам, 63 тұрмақ 83 жасқа дейін созып алар ма едім, кім білсін? Бір анығы, 63 жасқа жеткенше, өндірістегі кемпірдің белі бүгіліп, сүйегі мүжіліп кетеді. Ресейдің әйелдері қандай бақытты, 55 жаста зейнетке шығады. Әдемі қартаяды.

Зейнетақы қорындағы ақшамызды жан-жақтан «жұлмалап» жатыр. Ал, депутаттар өре түрегелудің орнына басын бұғып отыр. Жұрттың депутаттарына қарасаң, әуесің кетеді. Елі мен жері үшін үкіметін де аямайды. Ал, біздікілер Елбасыға дат айтпақ тұрмақ, дұрыс кеңес беруге жарамайды. Президенттің алдынан қанша заң мен арзан ұсыныстары кері қайтты екен...?

«Үй» деді, «бүй» деді, БАҚтың да, бұқараның да аузын буып бітті, ақыры, жақ аштырмас заң жасақтап. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» саналатын журналистер айтпаса, өздерін «халықтың қалаулысымын» деп қалай атайды, бұлар?

Бәрі емес қой, әрине. Арасында көпшілікке қадірлі қалаулыларымыз да бар. Десе де, жасыратыны жоқ, жалпы Парламентке деген ел сеніміне селкеу түскелі қашан. Сүйкімін кетіріп жатқан депутаттардың өздері.

«Далақбайдың дамбалы далақтап жүріп тозыпты» деген. Далақбайдай депутаттар қазаққа арман ғой. Ел мен жер, тіл мен дін үшін табанын тоздыратындардан миллионды да аямассың. Ал, қоғамда әлеуметтік тепе-теңдік сақталмай тұрғанда, бір бүйірден дағдарыс қыспаққа алғанда, оны қойшы, ең құнды байлығымыз, атамекен жеріміз сынаққа түсіп жатқанда «ләм» демеген «көкебастарға» неңді қиясың? Қалай сенесің?

Ал, біз парламенттік басқаруға өтеміз деп қоямыз, тағы.

ДЕПУТАТТАРДЫҢ «АСТЫНАН СУ ШЫҚПАЙДЫ», ЕСЕСІНЕ …Мөлдір Нұрман, Матрица.kz
Просмотров материала: 4 034

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 170 564 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 170 397 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 170 023 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 170 072 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 170 355 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 053 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 189 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 413 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 413 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 580 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 306 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 836 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 342 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 196 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 015 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 206 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 292 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 959 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 348 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 066 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 083 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 915 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 749 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 014 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 955 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 934 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 789 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 060 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 388 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 802 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 759 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 811 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 760 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 988 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 135 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031