20 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО)

БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО) «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген әдемі сөз бар. Алайда, қазір бесік тербетуге ерінетіндер кезігіп жатыр. Баланы бесікке бөлеудің жөні мен пайдасын түсінбейтін жас аналар көбейіп келеді. Елдің солтүстігінде бесіктің не екенін білмейтін қазақтарды көзбен көргенбіз. «Памперс» деген оңай нәрсе табылған. Өкінішті-ақ.

Десек те, шешілмейтін түйін жоқ. Ел ішінен шеберлер шығып, күні бүгінге бесіктің екі түрін ұсынды. Мәселен, «смарт-бесік» бар. Өзі тербеліп, өзі әлдилейтін, баланың ұйықтап қалғаны мен оянғанына шейін хабарлайтын электронды бесікті Серікбол Шәймерден деген қазақ ойлап тапқан еді. Құнды дүниесі еріншек-келіншектердің жоғары сұранысына ие болды.

Ал, енді «жиналмалы бесік» бар. Бұл өз бесігінде жатпаса, ұйықтамайтын нәрестелерге арналған құнды дүние. Жамбылдық Пернебек Ахметов деген қолөнер шебері жиналмалы бесік жасап келеді.

Пернебек Ахметов, қолөнер шебері

- Келешек ұрпақ «памперс» кимесін деп жасадым ғой, мен мұны. «Памперс» ұрыққа өте зиян екенін, профессор айтты. Ал, бесік атам заманнан табиғи таза, әрі пайдалы. Мен бесікті қайыңнан жасаймын. Ол құрттамайды, шірімейді, барлық тексеруден өткен. Патенттелген. Ары-бері алып жүргенге ыңғайлы. Қажет емес кезде шаң-шаң қылып шатырға шығарып тастамайды. Жинап қоя салады. Алыс сапарға шыққанда, бір сөмкеге салып алады. Бағасы 35 мың теңге. Бір бесікті дайындауға 2-3 күн уақыт кетеді. Енді шәкірттер тәрбилей бастадым.

БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО)


Расында да, «памперспен» жетілген бір толқын ұрпақтың ұрық белсенделігі төмен боп жатыр, қазір. Білікті профессорлар нәрестенің аналық және аталық бездерінің жетілуіне зиянын тигізетінін айтумен келеді. Оны киіп өскен ұлдың тұқымы өспей, қыздың құрсақ көтермей қалуы мүмкін. Өйткені, памперстер баланың бұтына ауа жібермейді.

БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО)


Сондай-ақ, аналық және аталық бездерін қысып қалады. Жас аналардың ойын бұзып, бесіктен безінулеріне дәрігерлер кесірін тигізуде. Бірі баланың миы шайқалады десе, енді бірі еркін өсуіне кедергі дейді, бесікті. Памперсмендердің мүддесін көздейтіндей айта береді, әйтеуір. Қызық, перзентханаға «памперс» апармасаң, қабылдамай қоюлары да кәдік.

БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО)


«Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді» дейді, халқымыз. Бәріміз де бесіктен беліміз шыққан адамбыз. Бесікте бала жылы әрі жайлы жатады, ұйқысы тыныш болады. Қол-аяғы жазылады. Бесікке жатпаған бөпелердің денесі құрысып қалады. Ең бастысы «памперс» сықылды, нәрестенің мықынын қысып тұрмайды. Қандайы болса да, баланы бесікке бөлеу міндет.

РS: Бір жас келіншек айтады: «Бесігі құрысын. Балам құсығына қақалып, өліп қала жаздады» деп. Баланы емізетін кезде, тартпасын сәл босатып, басын көтеріңкіреп қояды. Бесікке бөлеудің ережесін білмейтін мақау мамалар мен памперсшіл педиаторларға «Бесіктану» сабағын өткізу керек шығар.
Бесіктің ескісі де, жаңасы да болмайды. Десе де заманына қарай, өзі тербелетінін де, жиналмалысын да құрастырып берді ғой, өнер шеберлері. Ендеше, бесіктен бас тартпайық. Келешек ана атанатын қыздарымызға бесік жырын үйретіп қояйық. «Тәрбие басы тал бесік» деген емес пе!


БАЛА ТУ ДА, БӨЛЕЙ БЕР! (ВИДЕО)Мөлдір Нұрман, Матрица.kz

Бесікке тапсырыс берем дегендер болса, осы номерге хабарласса болады - 8-7071929559


Просмотров материала: 5 523

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 317 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 917 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 427 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 476 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 835 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 429 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 519 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 815 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 304 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 401 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 701 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 501 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 601 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 401 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 248 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 743 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 487 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 181 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 579 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 359 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 281 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 113 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 962 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 267 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 178 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 679 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 519 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 015 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 267 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 642 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 020 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 964 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 054 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 019 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 217 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 373 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930