22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖҰМАБЕКТЕЙ ЕР ҚАЙДА!

ЖҰМАБЕКТЕЙ ЕР ҚАЙДА! Халқымыздың жадында мәңгі сақталып, тарихымызда есімдері алтын әріппен жазылып, артына өлмес мұра, өшпес із қалдырған ұлы ақтаңдақтарымыз аз емес. Әсіресе, Кеңес Одағының солақай саясаты кезінде езілген еліне ес болуға тырысып, бағыт-бағдар көрсеткен, «елім, жерім» десе, жанын беруге әзір жандардың алтын тарихымыздан алатын орындары ерекше. Сол қайталанбас тұлғалар болмаса, бүгінгі таңда азат күннің астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіміздің өзі екіталай еді.

Ел басына күн туған сәтте, елім деп еңіреген ерлеріміздің, ерекше жаралған боздақтарымыздың арқасында бүгінгі қазақ елі өзінің бүтіндігін сақтап қалды. «Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын», - деп Шығыстың Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес.

Мен халқының жанашырына, ұлт мақтанышына айналған сөнбес сәуле-Жұмабек Тәшенев туралы баяндағым келіп тұр. Жұмабек Тәшенев 1915 жылы наурыз айының 20-сыншы жұлдызында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танакөл ауылында жарық дүние есігін айқара ашып, өмірге келген.

Балаларының айтуына қарағанда, Жұмабек Тәшенев Арғынның ішіндегі Қуандық руының Алтай тармағынан тараған. Жұмабек Ахметұлының ұлтжанды, қайратты, адал, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына әкесінің ықпалы зор болды.

Аршалы ауданының тумасы, Жұмабектің әкесі-Тәшен қарапайым шаруа адамы болса да, ауылдастарына сөзі өтімді, беделді адам болыпты. Ағайын-туыстары тұрған мекенін «Тәшен ауылы» деп атаған. Бала Жұмабек сонымен қатар «дала серісі» атанған әйгілі батыр Иманжүсіп Құтпанұлынан, Ақмоладағы мұсылман зиялыларының бірі, ағартушы ұстаз Ғаяз Абдулиннен үлгі-өнеге алып, есті кісілердің айтқан сөздерін бірден қағып алып, жадынан шығармайтын зерек, алғыр, қанағатшыл, отансүйгіш сияқты адмгершілік қасиеттерді бойына сіңіре отырып ер жетеді.

Ол 1929-1932 жылдары «Бабатай» колхозшы-шаруа мектебінде және Ақмолада мектепте оқыды. 1933-1934 жылдары-Ақмоладағы құрылыс техникумында екі жыл білім алады. Еңбек жолын 1934 құрылыс техникумын үздік аяқтаған соң, 4 ай Ақмола аудандық атқару комитетінің хатшысы болып қызмет етуден бастайды.

Уақыт өте келе Жұмабек Ахметұлы Тәшенев 1955-1960 жылдар аралығында, яғни 5 жыл көлемінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы ал, 1959-1961 жылдары Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.

Осы қызметтерінде атқарып жүргеніндегі үлкен елеулі ерлігінің бірі-сол кездегі Тың өлкесін яғни, Қазақстанның 5 облысын-Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Көкшетау облыстарын РКФСР қосудан сақтап қалу болатын. Сол кездегі КОКП Орталық Комитетінің басшысы Никита Хрущев пен Қазақстанда Тың өлкелік Партия комитетінің бірінші хатшысы Т.Соколов Тың өлкесін тікелей Ресейге қарату, Ресейдің құрамына енгізу туралы ұсыныс жасайды. Олардың негізгі мақсаты-орыс ұлтының өкілдері басым тұратын жері шұрайлы, топырағы құнарлы, суы мол бес облыстан құралған Тың өлкесін түптің түбінде Ресейге қарату болатын.

Осы оқиғалардың бел ортасында жүрген Әди Шәріпов: «Сол мақсатқа жету үшін Н.Хрущев Тың өлкесін Ресейге бағындыру үшін, Саяси Бюроға қайта-қайта ұсыныс жасады. Республика басшылары түгелдей дерлік Тың өлкесін Ресейге беруге де, Орталыққа бағындыруға да еш қарсы болмады. Қарсы болған жалғыз адам-ұлтын сүйген нар тұлға Жұмабек Ахметұлы Тәшенев. Халқымыздың тамаша, шұрайлы жерін бір қатерден аман сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», - деп жазды.

Жұмабек Тәшенев өзі Ақмола облысында туып-өсіп, ер жетті. Әке-шешесі, ата-бабалары да осы өлкенің тумалары болған. Жандары осы туған жерлерінде ғана жай тапқан. Бүкіл ата-бабасының моласы жатқан жерді қай қазақ бөгде елге беруге келісер еді? Міне, осыған байланысты Н.Хрущев Ресей құрамына қоспақ болған бес облыстың бірі-Жұмабек Ахметұлының кіндік қаны тамған жері Ақмола облысын және өзіне, еліне ыстық қалған төрт облысты Ресейге беруге жан-тәнімен үзілді-кесілді қарсы болады.

Көне Ғұн мемлекетінің іргетасын қалаушы Мөдеден дұшпандары өзінің сүйікті сәйгүлігі мен әйелін сұрағанда қарсылықсыз бергенде, енді жау мемлекет жерінің бір кішкентай бөлігін сұрағанда, ашу-ызаға булығып: «Жер-мемлекеттің негізі! Оны қалай бермекпін?» - деп, қол бастап, жауға қарсы соғысқа аттанады.

Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында осы мысалды айта отырып, ол былай дейді: «Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты».

Әрине, 1937-1938 жылдары жазықсыздан жазықсыз «халық жауы» атанып, репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларынан кейін Кеңес Одағына қарсы шығуын асқан ерлігі деп білемін. Бұл батыл қадамды жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді және бұл ісі жауапкершілікті, жүректілікті, орасан зор жігерлікті қажет етеді.

Тарихи деректерге қарағанда Қазақстанның 5 облысының РКФСР құрамына енгізілмекші екенін естіген Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж.Тәшенов 1960 жылы күзде «Тың өлкесінің» орталығы болған Целиноград қаласына шұғыл түрде ұшып келіп, республикалық Жоспарлау комитетіне келесі жылдың бюджетіне қажет мәліметтерді әдейі бермей бассыздық жасағаны үшін Т.Соколовты қызметінен алып 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан қуып жіберетінін және «Тың өлкесі» ешқашан Ресейге берілмейтінін қадап тұрып айтады.

Одан кейін Алматыда Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары А.И.Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздерден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңіздер болғаны», - деп қыр көрсетеді.

Мұндай жүгенсіздікке төзбеген Ж.Тәшенов оны тоқтатып қойып: «Тың өлкесі Қазақстанның құрамында, ал Қазақстанды оның Орталық партия комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынадай қыңыр мінезбен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып орныңыздан аламыз. Сонан кейін баратын жеріңізге барып арызыңызды айта беріңіз», - деп қадап айтады.

Н.Хрущевтің қырына ілігіп қызметінен төмендетіліп Мәскеуден Қазақстанға жіберілген А.Козлов зәресі ұшып сол жерде кешірім сұрайды. Осылай Ж.Тәшенов Мәскеудің жіберген кеудемсоқ адамдарын тәубесіне келтіріп Қазақстаннның бес облысының берілмейтінін ашық мәлімдейді.

Келесі күні кешкі сағат он кезінде Ж.Тәшеневтің бөлмесіне Д.А.Қонаев телефон шалып, Н.С. Хрущевтің екеуін шақырып жатқанын айтты. Сөзін бастағаннан-ақ: «Соңғы кезде Саяси Бюро мәжілісінде Қазақстанның саяси-экономикалық мәселелері сөз болғанда, бұл республиканың алға дамуына кедергі келтіріп отырған түрлі себептер бар екендігі айтылып отырады. Солардың ең бастысы – республиканы басқарып отырған кадрлардың қазіргі талапқа сай келмей отырғандығы және өзге республикаларға қарағанда жер аумағының өте кеңдігі, ал өндіріс салаларының өте көптігі.

Ал енді осы жағдайларды ескере келіп Саяси Бюродағы келісім бойынша осы кедергіні тез арада шешпейінше республика алға жылжи алмайды. Кадр мәселесін кейінірек қарауға тиіспіз, қазір кезектегі және жедел шешетін мәселе – ол республиканың жер көлемі жайында болып отыр. Жолдас Қонаевпен және облыс басшыларымен пікір алысқанбыз. Бұл пікірімізді олар негізінен қолдады. Жұмабек Ахметович, енді сіздің пікіріңізді білгім келіп шақырып отырмын» - деді.

Сонда ұлт жанашыры: «Никита Сергеевич, мен бұл мәселенің шешілуі былай тұрсын, тіпті күн тәртібіне қойылуының өзіне қарсымын» - деген екен. Сәлден кейін Н.Хрущев: «Саяси Бюроның келісіміне қарсы шығатын сен өзің кімсің, біз саған сенім білдіріп, республиканың үкімет басшысына дейін көтердік, ал сенің айтып отырғаның мынау. Бұл мәселені сендерсіз–ақ шешеміз. Кеңес елі бір мемлекет, қай жерді қай республиканың меншігіне беру КСРО Жоғарғы Кеңесінің еркі. Бұл жай пікір алысу еді», - деді.

«Шешінген судан тайынбас», - дегендей, сол сәтте Ж.Тәшенев: «Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса, КСРО-ның және ұлт республикаларының Конституциясын жою керек қой. Ал ол Конституциялардың баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ. Егер бұл заңдармен санаспайтын жағдай туса, онда біз халықаралық заңды мекемелерге дейін шағым беруден тайынбаймыз, ондай құқығымыз бар», - деп елдің біртұтастығын сақтап қалу жолында ерлік көрсетеді.

Осындай парызын өтеген перзентіміз, жоғары қызметте билікте отырғандардың оны қызметінен төмендетуі мүмкін екендігін біле отырып, шыбын жанын шүберекке түйген, қара басының қамын емес, ұлт болашағын, ұлт мүддесін ойлаған, жүз ойланып, мың толғанған дара да дана, алып әрі қайталанбас тұлға Жұмабек Ахметұлының арқасында қазақ халқы ұлан-байтақ дархан даласының бүтіндігін сақтап қалды.

Сол ерлігі болмаса, біз бүгінгі таңда мына әсем, көркем, таңғажайып елордамыз-Астанада өмір сүруіміздің өзі мүмкін емес еді. Қазіргі таңда емін-еркін, тыныш ғұмыр кешуіміз сол XX ғасырда Кеңес Одағының солақай саясатының құрбаны болған, қазақ халқының қайсар ұлы Жұмабек Тәшеневтің арқасы емес пе?!
«Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды,
Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды,
Тұсында әр заманның бір сұрқылтпай,

Ұқсаңдар ата сөзі жай қалмайды»-деп атақты Монтай би айтқандай, ел болған соң, сол елдің өзі мақтан тұтар ері болары хақ. Сондай елім деп еңіреген ерлеріміздің бірі-Жұмабек Ахметұлы Тәшенев болған еді. Жұмабек Тәшенев айтқанынан қайтпайтын, екі сөйлемейтін тік мінезді адам болған. Оның от шашқан көздеріне ешбір жан тік қарай алмайтын.

Алайда, Жұмабек Ахметұлымен жақын араласқан адам оның ашық жарқын, жүрегі кең, жайдары жан екенін түсіне біледі. Қорыта айтқанда, халық перзенті Жұмабек-отансүйгіш, қайратты, батыл, өжет, жігерлі ақтаңдақтарымыздың бірі, бірегейі. Ол аумалы-төкпелі аласапыран заманда еліне елеулі, халқына қалаулы ер бола білді.

«Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді»,-демекші, есіл еріміз Жұмабек Ахметұлы Тәшенев есімі тарихымызда мәңгі сақталмақ. Себебі, оның есімі ұрпаққа ұлағат. Әрбір қазақ баласы намысшыл, ұлтшыл, отансүйгіш болуды XX ғасырдың жарқын жұлдызы Жұмабектен үйреніп, содан үлгі-өнеге алады.

Мен елінің сүйіспеншілігіне бөленген Жұмабек Тәшеневтің есімі, оның баға жетпес ерлігі, өзінен артықтарды күндемей, төмендерді кемсітпейтін өр мінезі, қиындық пен қасіретке толы өмірлік жолы қазақ елінің тарихында лайықты орын алатындығына күмәнсіз сенемін. Осындай ел ардақтысына айналған, ұлттық мүддені қорғаған арыстарымыздың есімдері ел есінен өшпей, жыл өткен сайын жаңғыра берсін!

Дереккөз:akkol.akmoedu.kz
Просмотров материала: 4 648

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 220 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 052 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 693 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 717 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 025 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930