8 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Белді бекем будық. Босбелбеу болмаймыз»!

«Белді бекем будық. Босбелбеу болмаймыз»! Астанада алғаш рет қазақ күресінің хал-жайы халықаралық деңгейде талқыланған құрылтай өтті. Конгресс барысында Халықаралық күрес Федерациясының Президенті сайланып, орынбасарлары тағайындалды. Қанат Бозымбаев басшылық ететін федерацияда, енді, атақты палуандарымыз Жақсылық Үшкемпіров пен Дәулет Тұрлыханов қызмет атқарады. Айта кетейік, қазақ күресі «ЮНЕСКО»ның материалдық емес құндылықтарының қатарына қосылды. Бұл, ұлттық спорт түрінің әлемдік дәрежеге басқан айтулы қадамы болды. Қазақ күресі Федерациясының президенті Арман Шораев мырзамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

- Қазақ күресін халықаралық деңгейге жеткізу оңай шаруа емес екен. Азияда ойындарына қазақ күресін кіргізбеу - «қысастық» қой. Қалай болады, енді, әлемдік додадағы орнымыз?

- Өкінішке қарай, біздің қазақ күресі Азия ойындарының тізіміне енген жоқ. Ол жай «белбеу күрестің» бір тармағы болып қана еніп жатыр. Бұл келешекте қазақ күресі деген атау да, жалпы төл күрес жоғалады да деген сөз. Біз онымен келісе алмаймыз. Өйткені «Белбеу күрестің» өзі Бүкіләлемдік күрес одағына қарасты «United Word Wrestling» бір дәстүрлі күрес комитетінің құрамында ғана.

Ал, енді бұл комитет біздің ұлттық күрестердің бәрінің басын қосып, оларды «белбеу күрес» деп атау беріп, соның аясына біріктіре салмақшы. Бірақ, қазір олардың ұсыныстарынан қырғыз, өзбек, татар бауырларымыз бас тартты. Себебі, бұл ұлттық күресімізді жоюға әкеп соғатын қадам. Егер біз сол жеңіл жолмен халықаралық аренаға баратын болсақ, онда ұлттық құндылығымыздан айырылып тынамыз.

Ол үшін еңбектеніп жүрген жоқпыз ғой. Біз белді бекем будық, босбелбеулік танытпаймыз. Халықаралық күрес Федерациясының президенті Қанат Бозымбаев Алдабергенұлы қалай болған күнде де Азия ойындарына басы-бүтін қазақ күресін кіргізуге күш жұмсайтынын айтты. Биыл үлгермейтін шығармыз, өйткені Азия ойындары таяп қалды. Бірақ келесі ойындарға «сақадай сай» болуымыз қажет.

- Құтты болсын, еліміз үшін. «ЮНЕСКО» сияқты үлкен ұйымның қазақ күресін бір құнды бұйым ретінде қабылдағанына қуаныштымыз. Алда тағы қандай шаруалар күтіп тұр?

- Иә, үш жыл жүгірген еңбегіміз еш кетпей, біздің қазақ күресі «ЮНЕСКО»ның материалдық емес мәдени мұрасының қатарына енді. Бұл да болса жақсы нәтиже. Сәрсен Абайұлы Құранбектің еңбегі, қара тері екенін атап өткім келеді. Одан бөлек халықаралық насихаттау жұмысын одан әрі нығайту керек деген мақсатпен біз халықаралық федерацияны құруға мәжбүр болдық қой. Соның бір жемісі деп білеміз.

Алда үлкен халықаралық жарыстарды өткізуді жоспарлап қойдық. Әлем чемпионаты, жастар арасындағы әлем чемпионаты және тағы да басқа ұсыныстар бар. Мысалы «Еуразия барысы» деген жобаны біз төрт мәрте Қазақстанда өткіздік. Енді биыл Қытайда өткізсек деген ниеттеміз, амандық болса. Одан бөлек біз биыл «ЕХРО»ның кезінде «Әлем барысын» өткізсек пе деп жоспарлаған жайымыз бар.

Қазақ күресін басқа елдерге насихаттауымыз үшін біз миссионерлік жұмыс істеуіміз керек. Шет елдерден шынығушыларды әкеліп, оларға қазақ күресінің тәсілдерін үйретіп, сертификат беріп, тіпті арнайы күртешемізді киігізіп жіберсек дейміз. Сол арқылы олардың елдерінде қазақ күресін насихаттауды қолға алып жатыр, федерация. Сондықтан сондай дәрежеге жетіп жатқанда, басқа күрестің қолтығында кету біз үшін ұят нәрсе. Жоспар көп, жүзеге асыруға көңіл бөлуіміз керек.

- «Қазақстан барысы» керемет бастама болды. Соның арқасында тасада жүрген қаншама палуандарымызды таныдық. Оларға қарап енді ұрпақ өсіп келеді. Жалпы жас балаларды қазақ күресіне тарту жағы қалай?

- Биыл біз «Қазақстан барысын» 7 жыл өткізгелі тұрмыз. Осы уақыт аралығында қазақ күресін ел ішінде жақсы деңгейге көтере алдық деп айта аламын. Өйткені біздің төл күреспен айналысатын азаматтарымыз әлдеқайда көбейді. Мысалы 2010 жылы 10 мыңның ар жақ, бер жағында болса, қазір 100 мыңның үстінде секциялар ашылып жатыр. Қатысушылардың саны көбеюде. Жаттықтырушылар өзімізден шыққан палуандар. Күрестен кетсе де, шәкірт тәрбилелеп, жаттықтырушы қызметіне көшеді. Федерация Президенті жас балалар арасында ел ішінде де, шетте де жарыстар ұйымдастыруға күш салуда.

- Сіздерге тек қана сәттілік тілейміз. Сұхбатыңызға рахмет!

«Белді бекем будық. Босбелбеу болмаймыз»!Сұхбаттасқан: Мөлдір Нұрман, Матрица.kz
Просмотров материала: 5 839

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 946 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 620 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 122 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 167 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 536 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 540 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 577 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 898 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 563 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 618 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 812 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 448 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 493 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 381 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 218 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 178 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 127 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 204 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930