27 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Нұр - Шахтың» табыс кілті

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті Қазақстанда «Нұр-Шах» отандық бренді туралы білмейтін жан кемде кем. Ұлттық нақыштағы, қазақы мәнердегі және сән - салтанаты жарасқан заманауи үлгідегі киімдерді ұсынып отырған «Нұр-Шах» сән үйі – бүгінде елімізге ғана емес, бүкіл әлемге кеңінен танымал. «Нұр-Шах» десе бірден маңғыстаулық дизайнер Нұржамал Нұрпейісованың есімі қатар аталады. Осы сән үйінің негізін қалаушы және идеялық авторы Нұржамал Нұрпейісова 2001 жылы, осыдан аттай 15 жыл бұрын Ақтау қаласында өзінің кішігірім кәсібін ашып, үлкен еңбек пен жігердің арқасында биік белестерге жетіп, әлемдік аренада еліміздің атын шығарып, ұлттық киімдерімізді насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға мол үлесін қосып жүрген мықты кәсіпкерге айналды. Оның үстіне «Нұр - Шах» – бүгінде «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасының ең табысты, ең жарқын жобаларының қатарында.

«Бала күнімде анамның үстіндегі оюлы бешпет, камзолдарды көріп, «Өскен соң, міндетті түрде ұлттық киімдерді тігемін» - деп армандайтынмын. Сол арманым адастырмады», - деп бастады әңгімесін «Нұр-Шах» сән үйінің директоры Нұржамал Нұрпейісованың өзі.

Тігу өнерінің қыр - сырын 13 жасар оқушы Нұржамал мектептегі еңбек сабағында меңгере бастапты. 15 жасында алғашқы көйлегін апасына арнап тігіп береді. Бірақ тігуден бұрын үнемі ойына жаңа идеялар, образдар келетін, киімнің дизайнын ойластыруға талпынып тұратын. Сондықтан ба, талғамы бөлек Нұржамалға достары мен көршілері келіп, «мына киімді қайтсек болады?» деп кеңесіп, тіпті фасонын сыздырып алатын. Кейін ол киімдер шынымен құйып қойғандай өте әдемі шығатын.

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті


Балалық шағы мұнайлы қала – Жаңаөзенде өткен Нұржамалды мектептен кейін ата - анасы мұнай - химия технологиялық техникумына оқуға жібереді. Тігіншілікке ол уақытта пәлендей сұраныс жоқ, ал мұнайлы өлкеде мұнайшылықты таңдаған дұрыс сияқты еді. Дипломмен оралған жас маман облыстық газ мекемесінде слесарь, бір жылдан кейін техника кауіпсіздігінің инженері, көп ұзамай бөлім бастығы болып 10 шақты жылдай қызмет етеді. Бірақ кейін мекеме тарап, жұмыссыз қалады. Нағыз қиындық сонда басталады. «Кәсіп болар» деп дүкен ашады, ол ісі оңға баспайды. Тапсырыс алып, көрші-көлемге киім тігеді. Жеке өміріндегі қиындықтар қосылып, Жаңаөзеннен Ақтауға көшіп келген жылы біреудің ательесіне жұмысқа орналасады. Бірақ араға көп уақыт салмай, өз кәсібін ашуға бел буады. Сөйтіп 2001 жылы жеке ательесін ашады.

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті


«Қазір айтуға оңай...Өте қиын болды. Девальвация кезі, адамдар 5-6 айлап жалақы алмайды. Өзімнің тұратын бір бөлмелі үйімді ателье қылдым. Таңертең ұйқыдан тұрғанда манекендер төбемнен төніп тұратын. Бір жылдан кейін ипотекаға екінші бір бөлмелі пәтер алдым. Ательеде бес адамбыз. Нанасыз ба, сол аядай бір бөлмелі пәтерді өзімізше салон қылып қоятынбыз. Тігіншілерміз балконда отырады, асханада киім пішесің. Залды салон қылып, сол жерде келушілерді қабылдап жатасың. Күнкөрістің қамымен бәрін тіктік: орамал, халат, ұлттық киімдер. Мойныңда несиең бар, қызметкерлерге жалақы беруің керек. Жалақы төлей алмайтын кездері үйдегі анамның алтынын, ұялы телефонды сатқан кездерім де болды. Адамдарымды жоғалтып алғым келмеді. Шынымды айтсам, қатты қиналған кездері қолымды бір сілтеп, барлығын жауып тастағым келген кездер де болды. Бірақ «шегінерге жол жоқ» деп өзімді өзім қайрап, жігерлендіріп, алға ұмтылдым», – дейді Нұржамал Нұрпейсова.

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті


«Нұр-Шахтың» табысы үлкен еңбекпен келгенін түсіндік. Нұржамал Нұрпейісованың табандылығы, күш - қайраты мен жігері жеңіске әкелді. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта бизнеспен айналысамын деушілерге барлық жағдайлар бар. «Біз кәсіп бастаған жылдары ешкімнен көмек жоқ еді. Банктер саған сенбейді, несие бергісі келмейді. Несие берген күннің өзінде күнде келіп тексеріп отыратын. Ал қазір жақсы идеяң мен жобаң болса, мемлекет тарапынан көп қамқорлық көрсетіліп отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының өзі - кәсіпкерлерге мол мүмкіндік», - дейді Нұржамал.

«Даму» КДҚ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Берік Нұрғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда «Нұр-Шах» мемлекеттің қолдауына ие болып отырған кәсіпорындардың бірі. 2012 жылы кәсіпорын иесі бизнесін кеңейту мақсатымен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Нұрбанктен» жылына 14 пайыздық мөлшерлемемен несие алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры соның бір бөлігін, яғни 7 пайызын субсидиялады.

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті


Айта кету керек, кәсіпкер бұл қаржыға Ақтау қаласының 17 шағын ауданында цех ашу үшін тұрғын үйдің бір бөлігін сатып алды және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында кәсіпорын жұмысын жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік алды. Өндіріс көлемі ұлғайып, бұрын 25 жұмыс орны болса, несие алғаннан кейін жұмыс орнының саны 49 - ға дейін өсті. Бүгінде сән үйінің жұмыс өнімділігі 30-40 пайызға артып, 50 ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

2016 жылы «Нұр - Шах» кәсіпорны мемлекеттік бағдарламаның көмегіне тағы жүгінді. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы орта және шағын бизнесті қолдау бағытындағы «Даму өндіріс» бағдарламасының аясында жеңілдетілген шарттармен Ұлттық қор есебінен берілетін қаржылай көмекке ие болды. «Форте банк» арқылы мөлшерлемесі 6 пайыздық несие алып, құрал-жабдықтар сатып алуға, бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге жұмсады.

«Нұр-Шах» сән үйі қазіргі кезде 3 қалада - Астана, Ақтау, Жаңаөзенде өз ісін дөңгелетіп отыр. 2013 жылы сән үйі облыстық «Аймақтағы үздік тауарлар» байқауында І орын иеленді. Республикалық «Алтын сапа» байқауында өз бағасын алды. Маңғыстау өңірінің атынан республикалық, халықаралық түрлі көрмелерге де қатысып тұрады. Даму қорының қолдауымен, 2013 жылдың маусымында «Нұр – Шах» Малайзияда өткен SMIDEX 2013 халықаралық көрмесіне қатысып, өз бұйымдарын таныстыруға, іскерлік байланыс орнатып қайтуға мүмкіндік алды.

Сән үйінің ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де сұранысқа ие. Әр келушінің талғамын ескеруге тырысады, заманауи ұлттық киімдердің үлгілерін ұсынады. Бір киімге 10-15 күн кетсе, енді біріне, оның ішінде моншақпен, маржан - інжу тастармен көмкерілген, қолдан тігілген көйлекке бір айдан астам уақыт кетеді. Күрделілігіне қарай бағасы. Өзіндік қолтаңбасы бар «Нұр – Шах» сән үйіне әйгілі жұлдыздар мен саясаткерлер де тапсырыс беріп жатады. Міне, «Нұр – Шахтың» табысқа жету жолындағы тарихы осындай. 15 жыл бойы ел ықыласына бөленіп келе жатырған компания алдағы уақытта да ұлттық құндылықтардың ұлықтаушысы боларына сеніміміз мол.

Алтынгүл Меңдіхан, Маңғыстау облысы

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті

«Нұр - Шахтың»  табыс кілті
Просмотров материала: 14 851

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 913 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 744 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 385 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 411 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 719 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 510 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 682 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 754 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 945 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 090 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 470 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 334 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 657 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 552 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 363 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 465 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 661 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 329 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 673 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 438 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 122 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 365 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 299 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 830 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 178 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 152 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 372 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 123 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 180 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 106 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 336 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 489 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930