14 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сыр өңірі тарихи мұрада Луврдан, Қызылорда – қалалық әлеуетте Дубайдан кем емес...

04 декабрь 2016, 23:05
Қызылорда облысы – 226 000 км²­ден астам территорияны алып жатқан республикамыздағы іргелі облыстардың бірі. Аумағы Сингапурды сан орап, әлемнің дамыған онбестігіне кіретін Оңтүстік Кореяны екі орауға жетеді. Мұнай мен газға бай. Кварц, басқа да құрылыс заттарының үлкен қоры жатыр.
Сыр өңірі – әлемдік өркениеттің де, қазақылықтың да үлкен қазынасы жатқан аймақтарымыздың бірі. Ұлттық салт­дәстүрі мен әдет­ғұрпын, дінін барынша сақтаған, оны отарлануы басым болған облыстарға «экспорттауға» шамасы жететін, үлгі болатын санаулы аймаққа жатады.


Дала «Лувры» және туризм

Қызылорда облысының туризмді дамытуға мүмкіндігі әжептәуір. Сыр бойының Қызылорда облысына қарасты бөлігінде ондаған ортағасырлық, тіпті біздің жыл санауымызға дейінгі уақытқа жататын көне қалалар бар екені белгілі.

Облыс орталығы – Қызылордада, оның барлық аудандарында түрлі тарихи қалалар мен қалашықтар немесе көне кесенелер бар! Баршынкент, Сығанақ, Сауран, Өзгент, Аққорған, Бестам, Асанас, Жент, Шірік­Рабат (б.д.д. IҮ-ІІ ғ.ғ.), Үлкен Қос асар (б.д.д. ҮІІ -ІҮ ғ.ғ.), Көксеңгір (б.д.д. Ү-ҮІІ ғ.ғ.), Жанкент, т.б. қалалар мен қалашықтардың көбісі әлі де жақсы сақталған. Кей көне қалалардың теңге соғатын сарайлары, әскери үлкен бекінісі, дамыған мәдениеті мен саудасының болуы – өркениетіміздің де қаншалықты екенін көрсетеді.

Шірік­Рабат қалашығы сонау сақтардың кезінде дүрілдеп тұрғанын, Женттің, Жанкенттің, Сауранның, Өзгенттің, Баршынкенттің Ұлы Жібек Жолы бойының сәнін келтірген, ондаған, жүздеген түйелі сауда керуені тоқтайтын іргелі қала болғанын, Сығанақтың Қазақ хандығының алғашқы астанасы саналатынын, басқа да тарихи өңірлерді туристерге тартымды ететіндей басымдықпен айқын көрсете насихаттасақ, жарнамаласақ туризм де дами түсетіндей.

Берісі исі қазаққа, әрісі түркі дүниесіне ортақ қасиетті орындар да бар. Мәселен, Қорқыт ата, Қорасан ата, Сунақ ата, Оқшы ата, Құрбан ата, Бегім ана, Қалжан ахун тағы да басқа есімдер, оларға соғылған көне кесенелер – тарихтың жаңғырығы ғана емес, рухани бірлігімізді сақтауға әсері бар, материалдық дамуымызға себеп болатын орындар.

Енді осыны тиімді насихаттау жолын тапсақ, ел халқының жағдайын жақсарта түсетін тағы бір ауқымды жоба шығаруға болады. Мысалы, Сингапур мемлекеті жылына 6 миллиондай турист қабылдайды екен. Ал, сол қала­мемлекеттің территориясы Қызылорда облысының 1%-ына да жетпейді! Бар болғаны, 620км²! Тарихи ескерткіштері де Қызылорда облысынан аз екені байқалады. Лувр музейімен де атақты Франция жылына 40-50 млн туристерді қабылдайды. Қызылорда облысындағы тарихи қалалар, кесенелер, онан табылған археологиялық жәдігерлер дала «Лувры» болуға сұранып тұр. Кем емес.

Тарихи орындарды насихаттаудың параллелінде туристердің тынысын кеңейтіп, қызығушылығын арттыра түсуге тағы бір мүмкіндік жасап қоюға болады. Мысалы, Қызылорда облысына тән, жергілікті тұрғындар маманданған шаруашылық өнімдері сатылатын тұрақты халықаралық Шығыс базарын ашу. Бір жағы ауылшаруашылығы дамиды. Мұны өңірдің маманданған шаруашылық саласын дамыту арқылы іске асыруға болады, яғни, экономикалық басымдығымызды пайдалану арқылы. Қызылорданың маманданған саласынан саналатын қауын­қарбызы, әңгелегі, күріші, балығы, мал еті­ақ атын алысқа апаратындай.

Өткенде Қызылордадан тропикалық анар басқа өсіретін бақ көрсетілді. Әрине, бір қызық үшін жарар, мүмкін... Бірақ, Қызылорданың климатына қайшы жемістерді өсіріп, пайда табамын деу – керісінше, зиянды. Қып­қызыл шығын. Әрі мұндай жемістер еуропалықтар мен америкалықтарға таңсық та емес. Күнделікті көріп жүр. Елдерінде жәй­ақ өседі. Ал, күрішінің, қауын­қарбызының, әңгелегінің, мал етінің өзіндік дәмділігін қарапайым тұтынушылар, жеп көргендер жақсы біледі.

Тек насихатты күшейтіп, нарықты тұрақты қамтамасыз ететіндей шаруашылықты дамытса, қарым­қатынасты жүйелесе шартарапқа тарамақ. Әлемдегі көптеген дамыған елдер өздерінің маманданған шаруашылық саласын өркендетіп ұлттық брендін қалыптастырған. Мысалы, Жапония, Балтық жағалауы елдері балығымен, Франция, Швейцария мал шаруашылығын дамытып, ірімшігімен аты шығып отыр. Сондықтан Қызылорда облысы да экономикалық басымдығын жөнді пайдаланса, тарихи қалаларын насихаттаса, екеуін туризмді дамытумен ұштастырса аймақ жаңа келбетпен дамитындай.

Мұндай жобаны іске асырып, мақсатқа жетуде – Қызылорда облысының мүмкіндігі мол. Облыстың Батыс Еуропа­Батыс Қытай халықаралық автожолының, теміржолдың бойында орналасуы, мұнайға, газға, құрылыс заттарына бай екендігі үлкен мүмкіндік береді. Тарихи ескерткіштері қосымша серпін.

Қызылорда – дала «Дубайы» болуға сұранып тұр немесе қаланың сол жақ бөлігі дами түспек...

Шөлде орналасқан, қазіргі атағы алысты шарлап кеткен Дубай (БАӘ) осыдан 25 жылдай бұрын қатардағы қарапайым қалалардың бірі еді. Тіпті жұпынылау десек те болғандай. Қазіргі таңда шөл даланың сәнін келтіріп тұрған әсем қалаға айналды. Жер жүзі деңгейінде өзіндік орны бар. Санасатын. Дубайдан баспана алған шетелдіктер қаншама! Жүздеген мың туристерге таңсықтығы тағы бар.

Қызылорданың әсем де әлеуетті қалалардың қатарына қосылуына мүмкіндіктері тіптен жетерлік. Мәселен, қаланы жиектей ағып жатқан дария, Батыс Еуропа­Батыс Қытай халықаралық жолының бойында орналасуының өзі үлкен мүмкіндік. Соны ескере түскеннен болар, қаланы алдағы уақытта кеңіте отырып, дамыту жобасы жасалды.

Қазіргі қаланың сол жақ бөлігін дамыту үшін 1532 га жер бөлінген және бұл 2035-жылға дейінгі Қызылорда дамуы бас жоспарының аясында қарастырылған. Жобаны 7 жылдың ішінде іске асыру көзделіп отыр екен.

Қаланың сол жақ бөлігі шамамен 150 000 дай тұрғынға арналып салынады. Демек, қала халқының саны жарты миллионның үстіне еркін шықпақ. Көлемі 3 миллион шаршы метр болатын түрлі тұрғын үй салынады. Бірақ, жеке тұрғын үй салуға рұқсат берілмейді. Әр адам 10 сотық жерін алып, қалаған кескінді сызып, үй салуға жол жоқ деген сөз. Бір жағынан бұл, қаланың типтік нұсқасын қазіргі сұранысқа сай келтірумен қатар, түрлі әлеуметтік­құрылыс нысандары мен коммуналдық мәселелердің туындамауына негіз қалайтын көрінеді...

Қаланың сол жақ бөлігіндегі құрылыс нысандарының дені шығыс және қазақы сәулеттік нұсқада салынады. Бірнеше мешіттер, 16 мектеп және 12 балабақша бой көтермек.

Қаланың жаңадан бой түзегелі тұрған сол жақ жағалауының бас жобалаушысы «Урбостиль» ЖШС­і. Аталған компанияның бас директоры Любовь Владимирқызы Нысанбаеваның айтуынша, қаланың жаңа бөлігіндегі әлеуметтік нысандарды тұрғызуға шамамен 384 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ.
P.S. Тарихи мұралардың шегі Луврмен, ал, әдемі қалалардың аяғы Дубаймен бітпейді. Соларға тіреліп тоқтамайды. Екеуі халықаралық стандарт та емес. Дегенмен, халықаралық беделі бар екенін де мойындаған ләзім. Сондықтан ойымыз: алдыға кеткеннен үлгі алсақ, ретін тауып озсақ деген секілді ізгі тілектер ғана. Ал, әлеует жағынан Сыр өңірі кем түсе қоймайтындай...

Құрманғали Нұрғалиев, Қызылорда

«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына










Просмотров материала: 7 159

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 252 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 755 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 345 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 397 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 697 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 468 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 602 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 833 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 994 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 146 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 767 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 093 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 035 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 984 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 824 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 858 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 127 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 872 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 839 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 211 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031