Ол ерте замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін бұрыннан қоныстанған ел-қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарып, дана басшылар, қолбасшы батырлар кең байтақ жерімізді сыртқы жаулардан қорғап келді. Қазақ халқы ер-жүрек, батыр, бауырмал, қонақжай халық.
Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен татулықта, достықта өмір сүріп келеді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қазақ Халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қолы жетті.
Қазақстан- менің кіндік кескен, туған елім. Каспий мен Алтайға дейін, Алатау мен Қаратау жоталарынан Батыс Сібір жазығына дейін созылып жатқан кең-байтақ өңір- менің Отаным. Ата-бабам оны мен үшін, болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар бойы сақтап қалған. Бұл өлкеде ақ басты таулар, ұшы-қиыры жоқ далалар, шалқар көлдер, сарқырап аққан өзендер, шалғын шөптер, теңіздей телегей орман аз емес.Миллиондаған гектар егін, маңғырлаған мал өсіріледі, жер қойнауы қазба байлықтарға бай өлке.
Туған жердің әрбір тасына дейін қасиетті, киелі. Сондықтан да құдретті мекенімді сүйемін. Қазақстан Республикасы- ұлан байтақ қуатты ел. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады. Республикамызда 17 миллионнан астам халық тұрады.
Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде адам айтқысыз өзгергенін, өсіп өркендегенін көріп отырмыз. Қалалар өсті, ірі өндіріс орындары ашылды.
Қазақстанның жері бай, пайдалы қазбаларға толы, шикізат түрлерінің бәрі бізде кездеседі. Қазақстан күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден 1 орын, көмір, мұнай, мыс, никель өндіруден 2 орын, ал алтын өндіруден 3 орында. Республикамыз әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттің қатарына кіреді. Табиғаттың байлығы ата-бабамыздың бізге қалдырған сыйы. Қазақстан мал шаруашылығымен ертеден-ақ айналысқан. Мал шаруашылығына жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі малдары яғни халқымыз оны төрт түлік мал деп атайды.
Ал ауылшаруашылығы да өте жақсы дамыған. Қызылорда облысы күрішімен, Қостанай бидайымен астығымен аты әйгілі. Қазақстан 14 облыс аймағына, 200ден астам аудан орталығына, 3500 ауылдық аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақтың өзінің даму жолы, өсу ерекшеліктері бар. Соңғы кезде еліміздің түпкір-түпкірінде, аудандық, ауылдық жерлерде де жеке шағын кәсіпорындар ашылып, жеке кәсіпкерлер шағын кәсіппен айналысуда. Үкімет бұларға жағдай жасап, көмек көрсетуде.
Туған ел, туған өлке! Бұл өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Оның жұпар иісті жусаны, ауасы, суы, көлі, тауы бәрі туған еліңді құрайды. Алысқа кетсең туған үйіңді, ауылыңды, жеріңді сағынасың.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас! – дегендей туған елімді, туған жерімді, Отанымды ешқандай елге, жерге айырбастамас едім. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін еліміздің астанасы Астана қаласы өмірге келді. Астана қаласында зәулім биік үйлер салынды. Үкімет үйі, мәдени орталық, Конгресс-Холл, Л.М.Гумилев атындағы Евразия университеті, Н.Назарбаев университеті, Пирамида, Байтерек мұнарасы т.б. ғажап құрылыстары бой түзеді. Бүгінгі күні еліміздің бас қалаасы Астана жаңа қала болғанымен оның тарихы шежіресі әріде жатыр.
Астанаға әлемнің көптеген елдердің Президенттері, басқа да қонақтар жиі келіп тұрады. Бұрынғы облыс орталығы болған бұл қала аз уақыт ішінде мүлде өзгеріп кетті. Ол дүние жүзіндегі ең әсем қалалардың біріне айналды. Сол себептен оған ЮНЕСКО «Әлем қаласы» деген атақ беріпті.
Кең байтақ Қазақстанның кешегісімен бүгінгісі, тыныс-тіршілігі адам танығысыз өзгерді. Әрине, мұның бәрі Елбасымыз Президентіміз Н.Назарбаев атамыздың басшылығының арқаасында қол жетті.
Өзім туралы айтатын болсам: Мен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келдім. Менім туған қаламда Қаскелен қаласында біздің Елбасымыз Президентіміз оқыған, балалық шағын өткізген.Мен мақтанамын туған жеріме, қалама.
Қазір Қарасай ауданы Райымбек ауылында тұрамын. Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 8 «А» сыныбында оқимын. Тұрған жерім тамаша, таудың етегі, есік алдында өзен сарқырап ағып жатыр. Таудың басын қысы-жазы аппақ қар басып жатады. Көше бойы ағаш. Әрбір үйдің ауласында жеміс ағаштары өсіріледі.
Мектебім жайлы бірер сөз. Мектебім Кенен Әзірбаев атамыздың атына қойылған.3 қабатты, өзіме ыстық. Мектепте әртүрлі үйірмелер бар. Мен әртүрлі жарыстарға қатысып дипломдармен марапатталдым.
Менің арманым Астана қаласына бару еді, сол арманым орындалды деп есептеймін. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырған «Туған елге саяхат» атты кең көлемді жобаға яғни экскурсиялық саяхатқа қатыстым. Қазақстанның қалаларын, тарихи жерлерін, ескеткіштерді аралау менің арманым еді. Сол арманым орындалды.
«Туған елге саяхат» күзгі демалыс кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларды еліміз бойынша 9 күндік саяхатқа апаратын туристік поезд 120 баладан тұратын топ Қазақстанның көрікті жерлеріне барып қайттық.
Экскурсияны бірінші елорда астанасы-Астана қаласынан бастадық. Астананың биік зәулім үйлері, кең көшелері, айшықты көріністері көз тартады. Бірінші «Пирамидаға» бардық 1500 адам сиятын залы бар. Барлық жиналыстар, самит осы залда өтеді екен. ХанШатыр-дүние жүзіндегі ең үлкен шатыр, 2010 жылы ашылған. Онда сауда орны, ойын-сауық паркі бар.
Сонан соң Ұлттық опера және балет театрына бардық. Ішін аралап көрдік, өте әдемі де әсем. «Бәйтерек» мұнарасы ешқандай мемлекетте жоқ. Бұл Астананың символы. Президент Назарбаевтың идеясынан туған дүние.
«Думан» ойын-сауық орталығына келдік. Тропикалық балықтан тұратын Океанариумды көрдік. Балықтың неше түрі, акула, Джунгли театры көзтартарлық. Океанариум «Думан» дүние жүзінде жалғыз, оның суы 3 млн литр екен. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына оралдық ол 1914 жылы ашылған , еліміздегі ең үлкен мұражай болып саналады.
Астанадан шығып 2 тәулік жүріп «Тюре-Там» станциясына жеттік яғни Байқоңыр қаласына келдік. Бұрын бұл қала «Ленинск» болып аталған екен. Автобуспен қаланы араладық. Бірінші 1967 жылы ашылған Байқоңыр космодромының тарихы жайлы мұражайды араладық.
Көшесінде қайтыс болған космонавтарға ескерткіштер, мемориалдық тақталар қойылған. Алғашқы конструктор, ғалым, космосқа ракета ұшыруды ұйымдастырушы С.П.Королёвтің мемориалдық үйін көрдік. Алғашқы ұшқыш-космонавт Ю.А.Гагариннің үйіне бардық. Орбиталдық корабль «Буран» мен таныстық, ол 1988 жылы ұшқан екен. Байқоңыр дүние жүзіндегі ең бірінші ашылған космодром.
Өткен 2015 жылы космодромның ашылғанына 60 жыл ішінде 5 мыңға жуық ракета ұшырылған. «Союз», «Протон», «Буран» атты корабльдер ұшырылды. 12 сәуір космонавтар күні болып белгіленді. 1991 жылы Қазақтың тұңғыш космонавты Тоқтар Әубакіров космосқа ұшты. Ал екінші болып Талғат Мұсабаев космоста 341 күн болған.
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі космонавт Айдын Айымбетов 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшты. Біз Қазақстандық космонавтарымыздың еңбегін жоғары бағалаймыз, нағыз Қазақстанның батырлары, осындай батыр ағаларымыз болғанын мақтанышпен айтамыз. Экскурсиямыз әрі қарай жалғасты . Түркістан қаласына да жеттік. Автобуспен 200 шақырым жердегі Арыстан Баб Мавзолейіне келдік. Ескі қалалар Отырар, Сайрам қаласында болдық. Сайрам ертеректе Қазақстандағы сауда орталығы болған.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін 1300-1400 жылдары жеңістен кейін Ұлы Темір орнатқан. Қожа Ахмет Яссауи ақын , ойшыл, ұстаз, діни ағартушы. Ақ-мешіт үңгірінде болдық, ертеде айдаһардың үңгірі болған дейді. Кейін Ақ-мешіт үңгірі аталған. Сонымен Түркістаннан шығып, экскурсиямызды Алматыда жалғастырдық. Алматы Қазақстанның бұрынғы астанасы. Алматы менің туған жерім, кіндік қаным тамған жерім. Алматы ең сұлу әдемі қала. Зәулім үйлер «Қазақстан» қонақ үйінің 17 қабатында орналастық. Алматыны асықпай араладық.
Оңтүстік Қазақстанның астанасы Алматыдағы биік таудағы спорт комплексі –Медеу, төменде «Шымбұлақ» тау курортында болдық. Жерден 1691 метр биіктікте тұрған тамаша орын. Алматының тұрғындары Медеуге , Шымбұлаққа қыдыруға, коньки тебуге демалуға барады. 28 Панфиловшылар атындағы паркті араладық. Бұл Отан сығысының батырларына орнатылған ескерткіш. Достық және Желтоқсан көшесі-көшесінің қиылысындағы Республика алаңында болдық. Қазақстан Республикасының Президентінің Резиденциясын көрдік. 2010 жылы ашылған. Бірінші Президенттің паркін араладық.
Паріктің ішінде Бірінші Президенттің отырған мүсіні бар. Үлкен фантан, айналасында кіші фантандар бар. Іші толған жасыл ағаштар, өте сұлу болып көрінеді. Алматы Зоопаркінің негізі 1937 жылы ашылған екен. Онда жануардың неше түрін көрдік. Аңдардың , құстардың түр түрін көріп таң қалдық.
«Туған елге саяхат» экскурсиясының салтанатты жабылу қортындысы Астана қаласында «Самұрық қазына» Акционерлік қоғамы мен Қазақстан темір жолының ұйымдастырумен салтанатты түрді өткізілді. Түрлі-ойын сауықтар, байқаулар, жарыстар өткізіліп сыйлықтар, дипломдар тапсырылды. Экскурсия өте тамаша, қызықты өтті. 9 күннің қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдық. Поездың ішінде, қонақ үйде бос кезіміз болған жоқ. Әртүрлі үйірмелер, жарыстар болып тұрды. Сурет салдық, ән айттық, би-биледік.
Мен өте қуаныштымын. «Туған елге саяхат» туристік саяхатқа қатысқаныма мақтанамын. Астананы, Байқоңырды, Түркістанды, көне тарихи ескерткіштерді, Яссауи Мавзолейін көрдім. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген көптеген өзім сияқты балалармен таныстым. Бұл саяхаттан өз еліме деген сүйіспеншілігім артты, елімнің тарихы өткенін, табиғатын білдім. Көп балалармен тіл табысып, оларды біліп, таныдым. Бұл экскурсиядан алғаным мен тйгенім көп болды. Бұл жобадан алған әсерлерім мені биік белестерге жетелеп, білімге деген ынтамды арттырды.
Тәуелсіздігіміздің баянды, мәңгілік ел болу үшін келешек өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Әңгімемнің соңын ақын Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» деген өлеңімен қортындылағым келіп отыр.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Болатов Амир, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы
«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 23 417