23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАРҚАРАЛЫНЫҢ АҒА СҰЛТАНЫ

Қарқаралы ауданы Бүркіті ауылының солтүстік бағытындағы Қарқаралы-Егіндібұлақ тас жолының бойында орналасқан Құсбек төре кесенесі – талай тарихтың куәсі. Тарихпен тамырласып жатқан ескерткіш жолсызға пана болып, діни-ғұрыптық кешеннің ордасына айналды. Қазақ халқы ерте кезден қасиетті кесенелерге қырын қараған емес. «Молалы жер – шырақ, моласыз жер – жырақ» деп ұрпағына қасиетті жерлерді тәу етуді де нұсқайды. Ондай жер – өткеннің тарихы, дәуірдің айғағы.

Құсбек төре кесенесі – көне тарих куәгері

Құсбек төре кешенінің тарихы Қарқаралы ауданының тарихымен байланысты. Ғажаптығы сол, аудан орталығы Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде, Талды өзенінің сол жағалауында, бетеге, боз, ши өскен қуаң дала белдемінде орналасқан ғасыр ғаламатының архитектурасы әлі күнге дейін сақталып, бұзылмай келе жатыр. Зират сәулетті-жоспарлық және көркем өнер шешімімен ерекшеленетін әртүрлі мемориалдық кешендерден тұрады. Төрелер бейітінде Бөкейханның ұрпақтары Тәуке, Түгел, Құсбек, Ысмайыл төрелер жатыр.



Құсбек төре кесенесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қаланған. Үш камералы діни-ғұрыптық ескерткіш ретінде ерекшеленеді. Кесене ғимаратының негізгі бөлігі дөңгелек киіз құрылымында жасалған және жанама төртбұрышты бөліктен тұрады. Жылқының қылы мен ешкінің майын балшыққа илеп, қам кесектен тұрғызылғандығымен ол уақыттық және климаттық өзгерістерге төтеп беріп келеді.

XIX ғасырдың орта шенінде тұрғызылған ескерткіштің Совет үкіметі тұсында еш күрделі жөндеу көрмей, елеусіз-ескерусіз қалды. Үш камералы шошақ бейіттердің күмбезді төбе бөліктері болған. Ол бүгінде бүлінген. Тәуелсіздік алған жылдардың орта шенінде Құсбек төре кесенесіне күрделі жөндеу ұйымдастырылып, тарихи жәдігер жаңара түсті. Осы істің басы-қасында сол уақыттағы Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің директоры Рымбала Омарбекқызы, Құсбек төре туралы алғашқы зерттеу жүргізіп, көлемді мақала жазған ғалым Мыңжасар Әдекеновтер тұрды. Сол кісілердің жауапкершілігі мен тиянақты істерінің арқасында зират мемлекеттік маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің қатарына енгізіліп және мемлекет қорғауына алынды.

Құсбек пен Әлиханның ұлы бабасы бір – Бөкейхан

Тарихи өлке Қарқаралы дуанын билеген Құсбектің тарихта алар орны ерекше. Абылай өлгеннен соң (1781 жылы) да қазақты төре тұқымының бiрiнен соң бiрi биледi. Бергi Арғынды: Бөкей-Бiрәлi-Шалғынбай Құсбек билеп, әділдіктің ақ туын қадады. Құсбек төре сұңғыла саясатшы, жеті тоспаға бөлінбес шешен, ол уәдесінен тайқымас дуан басшысы болған.

Биыл ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдық мерейтойы тойланып отырған Алаш қайраткері, ұлт көсемі, Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан мен Құсбек төрелердің арғы аталары бір – Бөкейхан. Көкжал Барақтың ұлы Бөкейханды 14 жасында Қаз дауысты Қазыбек мен шекшек Нұралы би Орта жүзге хан сайлау үшін қаракесек еліне алып келген. Бұл туралы Құсбек төре бейіті туралы деректерді алғаш жинақтаған ғалым, зерттеуші Мыңжасар Әдекенов: «Атақты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін азат етілген жерлерге Сырдың бойынан, әр жерден қайта серпіліп келіп жиналған елді басқаруға деп Қаздауысты Қазыбек би мен шекшек Нұралы би Самарқандағы Барақ ханның 14 жасар баласы Бөкейханды 1748 жылы алып келіп, Орта жүзге хан сайлаған екен. Содан бері, міне, 258 жыл өтті. Осы 258 жыл Бөкейхан мен одан тараған, ел басқарған сұлтандардың тарихы орталық Қазақстанның, Қарқаралы аймағының да тарихы», – дейді.

Құнанбайдан бұрын мешіт салмақшы болған

Осылайша қазақ жерінің жазиралы өңірі Қарқаралы төре тұқымдарының құт-берекелі қонысы болған. Сарыарқада өмір сүрген Бөкейханды 1815 жылы Нұра бойында билердің қолдауымен хан сайлайды. Бөкейхан 1819 жылы 85 жасында қайтыс болады. Бөкей өлген соң орнына аз уақыт баласы Шыңғыс хан болады. Хан Бөкейден өрбіген ұрпақтары Тұрсын, Тәуке, Рүстем, Ысмайылхан, Жамантай болыс, ал Құсбек аға сұлтан болып ел билеген. Тәттімбеттің «Бес төре» күйі осы Тәукенің бес баласына арналған.



Тіпті кейбір деректерде қазіргі Қарқаралы қаласындағы «Құнанбай қажы» мешітін салу туралы алғаш идея авторы Құсбек төре болған делінеді. Кейін Құнанбай дуанға мешіт салып, Құсбектің ісін жалғастырған.

Семей қаласындағы Абай музейiнiң аға ғылыми қызметкерi Мұздыбай Бейсенбаев өзiнiң «Ана тiлi» газетiнде (1993 жыл, 12 тамыз) жариялаған «Құнанбай тәкиесi мен Қарқаралыдағы мешiтi» атты архив құжаттарына негiзделген зерттеу мақаласында жаңа мешiт орнын анықтау, құрылыс iсiне Қарқаралыдағы ротаның солдаттарын қатыстыру мәселесiн сұрап жазған аға сұлтан Құсбек Тәукиннiң қатынас қағазын да архивтен тапқанын жазған екен.
Бұл жайлы деректер жазушы-зерттеуші Думан Рамазан ағамыздың «Құнанбай мешіті» мақаласында кеңінен тарқатылып жазылған. «Осы жылдары (1849-1852) Құсбек Алшынбаймен келiспей қалып, кезектi сайлау кезiнде Құнанбай аға сұлтан болып сайланды. Содан бастап мешiтке қатысты Шекара басқармасына жазылған қатынас қағаздарында басқаларға қарағанда Құнанбай есiмi жиi көрiне бастаған.

Бұл құжаттарға сүйенер болсақ, мешiттiң құрылысы 1950 жылдың 7 қаңтарынан бастап қолға алынып, екi жылға жуық мерзiмде аяқталғанына көзiмiз жетедi. Сондай-ақ, мешiттiң мұсылмандар үшiн өте қажеттiгiн сезiнiп, оның құрылысы мен аяқталуына бар күш-жiгерiн салған Құнанбайдың қолға алған iстi абыроймен аяқтау үшiн бел шеше кiрiскенiн аңғарамыз», – деп жазады Д. Рамазан.

Сөз соңында айтарымыз: Алаштың Әлиханы жайында сөз болғанда Құсбек төре де айтылуы керек. Өйткені екеуінің ұлы бабасы – Бөкейхан. Қазақстанның XIX ғасырдағы саяси өміріне араласып, бүкіл бір Қарқаралы дуанын басқарған Құсбек төренің есімі ұмыт болмағаны абзал.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ, Астана

«Туған өлкем» жарияланымдар байқауына!
Просмотров материала: 4 162

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 284 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 116 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 757 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 781 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 089 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930