23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Атырау – ардақты қалам

«Толған ел - тарихын таспен жазады, Тозған ел-жаспен жазады» - дегендей қазақ халқы –алып бәйтеректей тамырын тереңге тартып, ғасырлар бойы қасиетті даласынан табан аудармай, өсіп-өркендеп келе жатқан жасампаз халық. Біз тұлпардың тұяғымен дүниені сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, ата жұртта сақтап қалған ұлылардың ұрпағымыз.

Біле білсек, бүгінгі тәуелсіздік өзінен-өзі келіп, басымызға қона қалған бақ емесі анық. Азаттық шежіресінде мыңдардың маңдай тері жатыр. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 25 жыл өтті. Қазақстанның жиырма бес жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асуларымен бағындырған жаңа белестері бар.

Тәуелсіздік табалдырығында Қазақстан қандай ел болатын? Көз алдымызға Кеңес Одағы кезінен қирап, эканомикасы қаусаған, әкімшілік пәрмені әлсіреп, нарықтық тетіктері іске аспай, шаруашылық байланыстары үзілген кешегі империяның бір бөлшегі елестейді.

Тәуелсіздік таңында қуатты мемлекет болып құрылатынымызға сенімсіздік білдірген жағдайлар да ұшырасты. Алайда ел қолға алған ауыр жүкті көтере білді. Оған куә – бүгінгі әлеуметтік – экономикалық салалардағы қол жеткен жетістіктер, еңсесі көтерілген елдің тұрмыс жағдайы, мемлекеттің халықаралық деңгейдегі орны.

Қазақстан қазір тәуелсіздігі тұғырлы, экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері алыс-жақынды бірдей мойындатып отырған ірі мемлекет.
Осы ұлы істер мен биік мұраттар жолында Қазақстан қоғамын өркениетке бастаған Республикамыздың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында деп білеміз. Тәуба, Тәуелсіздік арқасында елдің еңсесі биіктеді, рухы қайта шалқыды.

Енді, міне, өмірдің сол бір өтпелі кезеңін абыроймен еңсерген тамаша кездің куәсіміз. Осының өзі –халқымыздың қайратын ұштап, қанатын қарыштай қағуына қарымды себеп болды десек еш қателеспейміз. Бүгін соның айқын куәсі, жайыла аққан Жайық, толқынды Каспий жағалауындағы қазыналы өлке - Атырауым жайлы сөз қозғамақпын.

Бұл жер – бабалар кір жуып, кіндік кескен қасиетті мекеніміз, атадан қалған асыл мұрамыз, баға жетпес байлығымыз, мызғымас қара шаңырағымыз. Сонау Еділ мен Маңғыстауға дейін, Мұғалжар тауларының кәрі Каспийге дейін созылып жатқан, кең байтақ біздің Атырау облысы «қара алтынның», балықшылар мен шопандар даңқының өлкесі.

Атырау тарихына үңілер болсақ, 1938 жылғы «Гурьев» облысын құру туралы қаулыға дейін қазыналы өлке аты мың өзгеріп отырған. Атырау –Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала . 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды.

Дегенмен, барша қазақ даласы сынды Атырау алқабы да сайраған көне шежіренің куәсі, ал кәрі Каспий болса, ол тек Ақ Жайық суымен ғана емес, бұл аймақ ата-бабамыздың тарихымен де толы. Бұл жерден қалың қазағына жанға жайлы қоныс іздеп, желмаясымен арман қуып Асан қайғы баба өтті. Жүрген жолын қырып-жойып, құмырсқадай қаптаған қалың қолмен өрт жайлатып Бату хан өтті.

Бостандық қылышын көтеріп, қылыштан өткір ойлы сөзін төккен Сырым би өтті, отаршылдық ордасын халық қамы үшін қиратсам деп, беліне садақ байлаған, аз қолмен мыңдаған жауына қарсы шапқан ердің соңы Исатай бармағын тістеп, ол да өтті. Елі үшін еңіреп, қара бала қамы үшін қылышы мен жырын қоса көтеріп, Махамбет кетті арманда. Қайғы мен қасіретін, қайраты мен жігерін Құрманғазы мен Дина күй ғып төкті, Мұхит әнмен шырқап, Мұрат жырға қосты. Ия, бұл менің де Отаным, туған мекенім.

Аяулы, атамекен – алтын бесік,
Өзіңнен сағыныштың лебі есіп.
Арманым құшағыңда өмір сүру,
Шалқытып шабытымның жырын есіп.

«Атамекен», «Отан», «Туған жер» деген жүректен шыққан асыл сөздерді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламыз. Себебі әркімнің туған жері – Мысыр шаһары деп, бекер айтылмаса керек. Қасиетті де киелі, қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата-бабамның мекені.

Бүгінгі күні сүйікті қаламда ынтымақ пен бірлігіміздің, нәтижелі істеріміз бен ұтымды шешімдеріміздің арқасында біраз шаруа, көптеген шара атқарылып, республикадағы жетекші өңірге айналып, адам танымастай өзгеріп, адамзат баласын таңқалдыруда. Атырау қаласының көшелері гүлдермен көмкеріліп, барлық көшелері түгел асфальттанып, жаңа алаңдар, гүлзарлар, су бұрқақтары пайда болып, көздің жауын алатын көптеген әкімшілік кеңселері, бизнес орталықтары, сауда орындары, банктер, ескерткіштер шаһардың шырайын шығарды.

Жыл сайын мыңдаған тұрғын үйлер мен дене шынықтыру –сауықтыру кешендері, емханалар мен ауруханалар, білім ошақтары пайдалануға берілуде. Мектептерде сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар. Компьютер сыныптары, физика, химия, биология, шет тілі, лингафон кабинеттері, интерактивті тақта, мультимедия бәрі-баршасы шәкірттердің білімді дүниетанымы мол, зерек болуына бағытталған. Бүгінде біз егемен ел атанып, әлемдік кеңістікке ендік. Тәубә! Тәуелсіздіктің жемісін енді қала ғана емес, ауылдар да көре бастады. Бүгінде Атырау облысындағы барлық елдімекендерге жүз пайыз сандық телефон жүргізілді.

Барлық мектептер компьютерлендіріліп, ғаламтор желісіне қосылды. Бұрын облыстың көптеген елдімекендері отынға қара май, көмір, қи-тезек жағып, ауыл үйлерін қара түтінге, күлге көміп, ауаны бүлдіріп жататын еді. Бүгінде барлық елдімекендерге табиғи газ желілері тартылып, тұрғындар «көгілдір отынның» рахатына бөленуде. Зейнетақы, жәрдемақы, айлық табыс дегендер дәл сол күні қолдарға тиіп жатады.

Сөйтіп Атырау бүгінде, қазіргі заманға сай өркениетті шаһарға айналды. Талай қас батырлар жанын қиып,қорғап қалған,талай тіршілік иесі нәр алып жаралған,талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті туған өлкем- Атырауым. Бұл біздің – қаламыз! Бұл – біздің Атырауымыз!
Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.







Разиева Майра Серікғалиқызы
Атырау энергетика және құрылыс колледжі оқытушысы


«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 6 266

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 283 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 115 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 756 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 780 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 088 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930