23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тәуелсіз елімді сүйемін

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. Ұлан -ғайыр кең дала. Оның әр тасы тарихтан сыр шертеді. Атамекеннің аспанындағы әр шөкім бұлт, жаңбырдың тамшысы, күннің шуағы мен ақ ұлпа қар да, самал жер де, көшкен құм да, қатпарлы қалың қазақ тарихының куәгерлері. Егер оларға тіл бітсе, олар: біздің басымызға қонған бақ құсы – тәуелсіздіктің жолында ата-бабамыз ғұмырын арнап өткенін, қанша боздақтың жаны құрбан болғанын, тәуелсіздік жырында ақтабанның ақиқаты, ашаршылықтың азабы, соғыстың сұмдығы, қуғын-сүргіннің қасіреті бар екендігін айтар еді.

Біздің халқымыздың басына түскен қасірет аз болған жоқ. Әйтсе де, бізді бүгінгі күнге дейін жетелеген қандай күш ? Ол – арманның асқақтығы.
«Қуан, қазақ ! Тәуелсіздік күні құтты болсын !» – деп 1991 жылдың 16 желтоқсанында қазақ елі жалпақ әлемге тәуелсіз мемлекет атанғанын жария етті. Бұл күн – сан ғасырдан бері бабаларымыздың аңсаған арманы орындалған, сол арман жолында төгілген қаны ақталған күн. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, талай қиындықты бастан кешірді.

Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Себебі қазақ «мың өліп, мың тірілсе де, қазақ болып қала берді. Бізге сонау аталарымызда сенген. Мағжан Жұмабаев атамыз «Мен жастарға сенемін» десе, Абай атамыздың «Қалың елім, қазағым», Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің елімі» сияқты жүздеген, тіпті мыңдаған шығарма ұрпақтың санасына азаттықты ел болуды, бірлікке ұмтылуды, өжеттілікпен қырағылықты, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қазақ халқының тарихындағы шын мәніндегі ең ұлы, елеулі оқиға болды. Соның арқасында қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта түсті. Ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жағдай жасалды. Еріксіз шет елге ауып кеткен Қазақстан азаматтарының тарихы Отанына қайта оралуына жол ашылды. Қазақ ұлты қайта түледі. Әлем халықтарымен терезесі тең, іргелі ел болу құқығына ие болды.

Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Республика тұрғындары азаматтық еркіндік пен әлеуметтік теңдікті сезіне бастады. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашылды. Жазықсыз жазаланғандар ақталып, тарихтағы ақтаңдақтардың сырлары ашылған болатын. Сонымен қатар Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерімен экономикалық байланыстарын арттырды.

Алайда тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ, тым әріден басталатын тарих қойнауына көз жүгіртсек, қазақ елінің тарихы – азаттық үшін күрестің шежіресі дерсін ! Қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізу жолында шығындарға ұшырады. Мысалы, күрес үстінде қаншама адамдар қаза тапты, кейбірі аштан қырылды, шетелдерге айдалып кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тіпті тілі мен мәдениетінен айырылуға таяды. Сондықтан да қазақ халқы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алу үшін аянбай еңбек етті.

Оның аумағында тұратын қазақтар өзге ұлт өкілдері де – орыстар, украиндер, немістер, өзбектер, ұйғырлардың өзі үлкен үлес қосты. Өздері азаматы болып табылатын мемлекетті, суын ішіп, жерін жайлап отырған, кезінде пана болған құшақ жайып қарсы алып, төріне шығарған қазақ халқын сыйлай білетін. Олардың басым көпшілігі біздің еліміздің тәуелсіздігін шын жүрегімен қалады. Тәуелсіздікті жақындату үшін барынша жәрдемдесті.

Тарихты зерделесек, кешегі кеңес өкіметі кенелткен әлеуметтік, мәдени жетістіктер зұлматты жылдарда азап тартқан, бостандық үшін белдескен халқымыздың қилы тағдырына өтеу бола алмайтындай. Ұлы державаның өктемдігі өз ызғарын төгіп бақты. Сөйтіп, талайдан шерменде болған ыза кек желтоқсанда жанартау болып бір-ақ атылды .

Желтоқсан – қыршын бозбала мен бойжеткендердің қиылған тағдыры мен ағылған қаны үшін тағзым ете отырып еске алатын қасиетті де қастерлі оқиға. Дүниені дүр сілкіндіріп, рухымызға жан бітіріп, Тәуелсіздік туын ең алғаш желбірете көтеріп, әз Абылайдың, Қаракерей Қабанбайдың, Бөгенбай мен Райымбектің, Кенесарының ұрпақтары «Бостандық» деп бас көтерді. Кеуделерін өктемдікке қарсы ашу-ыза кернеген қазақ жастарының мұздай қаруланған баскесерлерге қасқайып қарсы тұрғанын ойлағанда, кеудемізді мақтаныш сезімімен қатар өксігі әлі де болса басыла қоймаған өкініш сезімі жаулап алатыны да ақиқат.

Әйтсе де олардың ерлігі еш кеткен жоқ, өктемдіктің мызғымастай боп қатқан мәңгілік мұзын тіліп түсті. Тәуелсіздік жолында халқымыздың қаншама бостандық сүйген ұлдарының өмірі қиылды. Бірақ олар келешек ұрпақ үшін өрлік жолында күресе білді, сөйтіп біздің ата-бабаларымыз аңсап өткен Тәуелсіздік ақиқатқа айналып, ертеңге деген сенімнің пайда болғанына да 25 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Ата-бабаның рухын көтергені үшін ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді қаз-қатар тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін «елім» деп еңіретіп, «жерім» деп желпінтіп, алпыс екі тамырымызды идіріп, ата-жұртты сүйдіргені үшін Тәуелсіздікті қадірлейміз.

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткізіп, ұлы істер жасалды. Қазақстан, қазақ халқы еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевқа зор сенім артты, ел тізгінін қолына ұстатты. Сондықтан да еліміздің көп жетістіктерге жетуі президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің , көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз бой көтерді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде.

Өзіне тең, барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арнайтын Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.

Біздің халқымыздың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – ана тілімізбен ұлттық мәдениетіміз. Намысты адамды нысаналы мұратқа жеткізетін оның ана тілі мен ата дәстүрі. Ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді ұқтыратын , сыйлаттыратын да ана тіліміз. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы туралы Елбасымыз: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы» деп ескерткен болатын. Біздің Президентіміз халықты табандылық, еңбексүйгіштік, мақсаттылық сияқты мәңгілік құндылықтармен қарулануға шақырады. Олар бізге қажырлылық әпереді, елімізді татымды болашаққа бастап апарады.

Сол баға жетпес байлықты, баһадүр бақытты баянды ету, Тәуелсіздік тамырын тереңдетіп қолдан шығармау – ұрпақ еншісінде. Ұрпақ – болашақ арқауы. Ел болашаққа сенеді, ұрпақ елдің үмітін үкілейді. Мен де сол жас ұрпақтың бірі мүшесі ретінде Тәуелсіздігіміздің баянды болуына, мемлекетіміздің дамуына сәл де болса үлес қосқым келеді. Қазақстанның амандығын тілеуді де ұмытпаймын ! Менің барлық армандарым елімнің ертеңімен сабақтас. Біздің болашағымыз Тәуелсіздік тұғырының беріктігіне байланысты. Ендеше Тәуелсіздік тұғыры берік болсын !

Жанділда Данагүл, Ақтөбе облысы
№15 орта мектептің 9 «А» класс оқушысы


«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 3 552

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 290 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 122 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 763 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 787 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 095 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 908 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930