23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көрікті, көркем, Үржарым

Көрікті, көркем, Үржарым



















Барқытбелі Үржардың

Атымды ерттеп таң бозынан
Тауға шықсам ертемен,
Күн батыра самал желмен
Жайлауыма жетер ем.
Гүл көмкерген жасыл алқап
Көңіліңді елітіп,
Өзге түгіл шабыттанып,
Сенде де ақын боп кетер ең.

Уақыт алмай барайын мен
Өтіп кетер жаз дәурен.
Құлағымды жел тербейді,
Келсеңші деп сазды әуен.
Барсам егер аунап-қунап
Саф ауасын жұтқан соң
Рахат тауып басқаша әуен
Басқаша өлең жазарма ем?!

Асар едім тамашалап,
Бір белестен бір белес,
Бұрын-сңды болған жанға
Таудан асқан түк емес.
«Әлемдінің» құздары мен
«Жеті кезең» өткен соң
«Ақ берліміз» ашуланса,
Нөсерлетпей жібермес.

Бестеректің суы зәмзәм
Ішсең құмар басардай
«Құламаның» ақ шабағы
Тікке шапшып қашардай
Құран оқып, қойын сойып,
Бір түнемей өтсе егер
Ақ берлінің қалады екен
Асуынан асалмай.

Тұрған шығар «Қарақатты»
Көз нұрындай мөлдіреп
Бір қуанып қалар ма екен
Бір қызымыз келді деп.
Қой жуасы, қымыздығы
Піскен шығар бәрі де
Бармағалы талай жылдар
Хош айтысып кетіп ек.

Қарақатты, көк кезінде
Бестеректе жайлауым
Болдырып кеп ағашына
Атымды әкеп байлармын.
Одан әрі арғы беттің
Мидай жазық жайлауы
Одан әрі арғы беттің жайлауы
Одан бері терең ойда
«Аю шатқал» сайларым.

Аю шатқал шатқалдарын
Талай-талай кезгемін
Қорқыныштан дір-дір етіп
Ұстағандай безгегім.
Қанша басып өтсемдағы
Аспанындай ажалдың
Көре алмадым аю түгіл
Аюдың қу тезегін.

Сағынғанда жайлау төрін
Шабыттанып басылам
Қойлы ауылдың баласымын
Жайлау көрдім жасымнан.
Бір жотаның төбесінен
Отырар ем қызықтап,
Бүкіл әлем көрінгендей
Аршалынның басынан.

Бір қыдырып қайтпай болмас
Қайтсам деп жайлауға
Қойын бағып, қымыз сауып,
Атам бие байлауда.
Меніменен бір барып қайт
Мынау тұрған бөктерге
Барша қызық қалада емес,
Барша қызық ауылда.



ҮРЖАРЫМ

Көрікті, көркем, Үржарым,
Өзіңде өсіп гүл жардым.
Алыста жүрсем кей сәтте,
Сағынып сені тұрамын.

Арманды іздеп өзіңнен,
Пәк сәби бала кезімнен.
Нәр алып өсіп туған жер,
Бақытты сенен сезінгем.

Тау-тасың жарық киелі,
Алмалы өңір, шиелі.
Ауасы жеміс аңқыған,
Жаныңа жайлы тиеді.

Жандарың жайсаң жайдарлы,
Тауларың биік айбарлы.
Малға бай, жанға жәй құт мекен,
Үржарым көркем аймағым.


ӨЛІАРА - ҮРЖАР

Ала-құла көріксіз дала қандай,
Әрбір жерде қар жатыр алақандай.
Жол жиегі жырылып ойдым-ойдым,
Олақ әйел жыртығын жамағандай.

Қыстың соңғы бораны аласұрып,
Өңменіңнен өтердей қара суық .
Жалаңаш тал ызыңдап жел өтінде,
Бір жақсылық күткендей дала сұлық.

Қыстай жатқан ақ тонның кебі кетті,
Балапан шөп болымсыз тебіндепті.
Қозы-лақ көгендегі улап-шулап,
Қорада ал сиыр желіндепті.

Қоқыр-соқыр жер таппай бір ыңғайлы,
Қаңғыбас жел шетінен жырымдайды.
Аңғал-саңғал қораның шатырынан
Бозторғайлар дамылсыз шырылдайды.

Қыстың соңы жібермей күшін әлі,
Ала бұлттан сығылып күн шығады.
Жер-Ананың алаңсыз төсін еміп,
Бауырында гүл көктем тұншығады.


ЖАЙЛАУҒА НЕ ДЕП БАРАМЫН

Мыңғырған алда малым жоқ,
Ұшты ғой көзден сағым боп.
Сәйгүлік мінер сәнім жоқ,
Жайлауға не деп барамын?

Табындап сиыр айдаған,
Тау етегін жайлаған.
Жайлаудың көркі сол малдар,
Қалар деп мәңгі ойлағам.
Оралмас қайтіп сол күндер,
Салсаң да енді байбалам.
Тепеңдеп атта құр басым,
Жайлауға не деп барамын.

Жылқылар жүрер үйірімен,
Қараған адам сүйінген.
Асауға тұсау салам деп,
Жылқышы құрық үйірген.
Дүбірлі жайлау дамылсыз
Айырдың сол күйіңнен.
Осының бәрін айта алмай,
Өзіңе не деп барамын.
Көрінесің көздің ұшында,
Сағына саған қарадым.


ТАУЛАРЫМ МЕНІҢ ЖАЙЛАУЫМ

Дариға-ай, тауым қайда сәні бөлек,
Сағыныш саған деген әнім де ерек.
Қойнауың жан баспаған талай болды,
Жатыр ма жалғыздықтан жаның жүдеп?

Мыңғырған малың қайда төсіңдегі,
Өзгеріп өмір өтті көш ілгері.
Жайыңды мен түсініп, малшы білер,
Соқпасам бір айналып кешір мені.

Кетті екен мал жайлаған күнің қайда,
Ойнамас бауырыңда құлын-тай да.
Маңында сол малдардың ойын қуып
Қызығып гүл теретін қызың қайда.

Жайлауым сен дегенде жырым басқа,
Қолымнан не келеді одан басқа.
Қара қыз өзіңде өскен кіп-кішкентай,
Кеп қалды қырық деген қартаң жасқа.

Бармадым басыңа бір жырымды алып,
Қыс өтпей сағынышым білінді анық.
Асу жол Ақберлінің көз ұшында,
Барады күннен күнге бұлдырланып.

Таптар ма мал оралып босағаңды,
Көңілім соны ойласам босаған-ды.
Ұшқан құс жеріңдегі аңнан басқа,
Кім терер қарақат пен тошалаңды.

Жаз шықса қыс мекенін ауыстырып,
Оралса таныс әуен таныс қылық.
Жатар ең мәз-мәйрам қып төскейіңді,
Арғы бет, бергі бетпен табыстырып.

Тірлікте қамын ойлап қара бастың,
Санамды арам ойдан ала қаштым.
Жайлауы жастығымның хош болып тұр,
Төсіңе енді қайтіп бара алмаспын.


Өтегенова Жамалхан, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті



«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 3 885

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 126 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 767 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 791 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 099 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930