30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Татулықты ту еткен Туған елім

Жаз мезгілі. Автобус аялдамасы. Аялдамада көлік күткен көпшілік тұр. Таныстарым кездесер деген оймен тұрғандарға зер сала қарадым. Үнемі біздің көшемен өтетін Хасан атай мен Ризуан әжейді көріп, амандастым. Кезекті келген автобусқа мінуге адамдар асыға жөнелді. Біз де мініп, межелі жерімізге жетіп, түстік.Жол бойы үйге жеткенше әңгімелесіп бардық. Әңгіме барысында байқағаным: атайдың ұлты-өзбек, ал әжей татар ұлтынан екен. Сонау сұрапыл соғыс жылдар аяқталған тұста тағдырдың жазуымен танысып, табысып,бір жанұя болып, осы қазақ даласын паналап келген екен.

"Табысты дамуға қажетті шарт-бейбітшілік,тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру". Н.Ә.Назарбаев


Қазақ халқының бауырмалдығы мен қамқорлығына бөлене жүріп, өмірге бірнеше перзент әкелгендерін, қоғам үшін аянбай еңбек еткендерін де тілге тиек етті. Қазақ халқының өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, өз бауырындай қабылдап, қамқорлық танытқандары туралы ерекше ырзалықпен, сүйіспеншілікпен айтты. Бір келінін орыс ұлтынан, екінші келінін қазақ ұлтынан алғандығын, олардан өрбіген немере-шөберелердің қызығына кенеліп жүргендіктерін де айтып, мені одан сайын таң қалдырды.

Міне, ғажап! Бір шаңырақта түрлі ұлт өкілдері тұрса да, бір-бірімен тату-тәтті, тонның ішкі бауындай, тұтас бір татулықты ту етіп, ынтымақты ұран қып, тәуелсіз еліміздің мерейін асқақтатқан жарасымды жанұяның үлгісі осы емес пе?!

Осылайша үйге қалай тез жеткенімді де байқамай қалыппын. Аулаға кіріп, орындыққа отырдым да ойға шомдым. Расында да өзі түгіл өзгені де бауырына тартқан,өз туысындай қамқорлық танытқан біздің халық,қазақ халқы қандай ғажап ұлт десеңші!

Қандай қиын кезеңде де ұлт болып ұйысып, жұдырықтай жұмыла жүріп жақсылыққа жеткен қайырымды да мейірімді, қайсар да қабілетті, ақ жүректі, кең пейілді "Қазақ" деген ұлттың ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын!

Неге десеңіз, көпұлтты мемлекетіміздің аспаны ашық,күні жарық, халқы тату, іргесі берік, мақсаты айқын, болашаққа басқан қадамы нық! Сан ғасырлардан қанымыз бен санамызға сіңген ынтымақ, бірлік, татулық, бейбітшілік, ауызбіршілік, тілектестік сынды асыл қасиеттер осы баянды да бақытты өміріміздің бағдаршамы іспетті.

"Күшті ұлт болу үшін,алдымен, ішкі бірлік,ұйымшылдық пен татулық қажет",- деген еді Елбасымыз кезекті Жолдауында.Бұл жай ғана айтыла салған сөз емес, астарына мол мағына жиған мәнді сөз,ұлтаралық достықтың дәнекері болар дәмді сөз.

Өзара татулық пен бірліктің,дінаралық келісім мен түсіністіктің арқасында еңселі ел екендігімізді одан әрі айғақтай түсетін,өзге елдерге үлгі боларлық іргелі ірі мемлекет екендігімізді паш етер құжат екендігіне күмән келтірмеймін.

Біздің мемлекетімізде тарихи тағдыры ортақ түрлі этнос өкілдеріне деген құрмет ерекше,ұлтаралық қатынас мәдениеті де қалыптасқан. "Алтын бесікке" айналған қазақ елінің оларға деген қамқорлығы шексіз.

Бірлік пен берекенің, татулық пен тыныштықтың Жерұйығына айналған кең байтақ қазақ даласын мекен еткен әрбір ұлт өкілінің жүрегі бірлік, бейбітшілік деп соғары анық.
Ұлт қамын ойлап,ұрпаққа үлгі болған Ұлы Тұлға-Елбасымыздың әр жылдарда жария еткен Жолдауларының қайсысын оқып қарасақ та, түйіні татулық пен
бірлікке, ынтымақ пен тыныштыққа кеп тоғысады. Бүкіл елді,яғни әр текті ұлт өкілдері қоныс тепкен қазыналы қазақ елін бір арнаға орайластырып, бір бағытқа бағыттай білген Елбасымыздың салиқалы да сарабдал саясаты мен қырағы көрегенділігіне бас иемін.

Өзге мемлекеттерде өршіп тұрған түрлі келеңсіздіктерді көріп отырып, шүкіршілік етемін. Тәубеме келіп, татулығымыздың тұғыры мықты болғай деп тілеймін. Бұл ойымды өзімнің мына жүрекжарды өлең шумағыммен түйіндесем деймін:

Көпұлтты елміз тәубе деп бүгін тәнтіміз, Мызғымас берік,өзгермес осы қалпымыз. Бірлігін сақтап,ынтымақ туын көтерген, Өркендей берсін,тәуелсіз қазақ халқымыз!

Адамзат үшін бәрінен қымбат еркіндік, Еркін заманда ерекше күйде серпілдік. Тату да тәтті,достығы үстем ел болып, Шаттыққа толы шырайлы күндер болсын құт.

Орнады ғажап,жаңаша өмір,жаңа бақ, Әлемнің халқы мойындап жатыр бағалап. Көпұлтты елдің бірлігі менен тірлігі, Өскелең ұрпақ-біздерге мәңгі Аманат!

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның ҮІІ
«А» сынып оқушысы Кәдірхан Бақтияр Асқарұлы


«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауына
Просмотров материала: 3 918

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 201 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 825 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 319 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 378 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 741 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 761 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 819 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 124 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 816 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 627 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 444 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031