9 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚ. ҚУҒАН ЖАУ. ЖЫЛАҒАН СУ

Маңырақ тауы мен Тарбағатайдың ортасында далиып жатқан кең алқап ежелден Шілікті деп аталады. Шіліктінің құпиясы – қазақ археологиясының алтын кілті, ондағы патшалар обасы біздің көне ата-бабаларымыз сақтар дәуіріне тән.

Осы Шілікті аңғарында бастауын Сауыр жотасының солтүстігіндегі ұсақ бұлақтардан алып, Қабанбай ауылы тұсында Зайсан көліне құятын өзеннің аты – Қандысу. Қандысу – Шорға-Ертіс алабындағы өзен, Зайсан су жүйесіне жатады. Өзеннің жалпы ұзындығы 121 км, су жиналатын алабы 4640 км2. Аңғары кең (0,5-3,0 км), арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 5 – 6 м3/с. Өзен суымен 1,5 мың га егін суғарылып, 500-600 мың га шабындық суландырылады.

Өзеннің өізне тән ерекшелік сол, Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен арасын жанай аққан Қандысу, Жоғарғы Еміл өзендері бөліп жатады.

Өзенге қатысты ел аңыздары

Қандысу атауына байланысты халық арасында сақталған аңыздар көп. Соның бірінде қазақ қолы мен ойрат-қалмақтардың жасағы арасында қатты шайқас болып, адам есепсіз қырылыпты. Жаудың денесін өенге тастағанда судың беті қызыл қанға боялыпты. Содан бастап бұл су Қандысу деп аталған деген нұсқа да бар.

Ал «Тұлпар мініп, ту алған» деген мақаласында автор Жұмағазы Игісін: «Абылай хан болып, Қабанбай қолбасы болып тұрған шақта жоңғар шапқыншылары бейбіт жатқан қазақ жасақтарын сан рет ойсырата шауып, қызыл қырғын соғыс салып, жерін тартып алып отырған.

Сондай бір аласапыран кезде, жау жақ қапталда Қосай, Тама батырлардың жасағы қалқан болып, мыңғырған жылқылары сонау Орқашар жеріне дейін созылып жатқан бір мәуетек шақта Алтайдағы Алқабек-Білезікке бекінген торғауыттар тағы да мың-мыңдап жылқы барымталап, бірқыдыру адаммен бірге Таманың ұлы Байқонысты да өлтіріп, Тарбағатай өңіріне біржола бекініп алады. Жаудан үркіп Қалбаға қарай қашқан ел ағыны қатты өзеннен өткел таба алмай, көп адам суға кетеді. ...Бозша, Маңырақ, Ақжар ауылдарының іргесінен ағып өтетін тау өзенінің «Қандысу» аты содан қалған деген аңыз бар» деп тарқатады.

Ел аузындағы аңыз бойынша жаугершілік замандарда Қандысу бойынан «Сеңгір» таулы үстіртіне дейін қалың тоғай болған. Сол қалың тоғайдан өту батырлар үшін қиямет-қайымға айналған. Қандысудың екпіні қатты дүлей жел іспеттес. Өзеннің арғы бетіне өтемін деушілердің көпшілігі суға кеткен. Содан Қандысу аталса керек.

Аман өтіп, қатары азайған жауынгерлерді тоғайға тығылған жау әскері үнемі қырғынға ұшыратқан. Батырларымыз осы тоғайға келгенде жүрексініп, «сен кір, сен кір» деп бір-біріне жол беріскен деседі, осыдан барып бұл өңір «Сеңгір» аталған. Бұл күнде Қандысу бойында ғана жағалай өскен тоғайлар қалған.

Қандысу бойы – мал қамы

Тарбағатай тауының солтүстік беткейінен басталып, Зайсан көліне келіп құятын Аягөз, Бұғаз, Базар, Қарабұға, Қандысу сияқты ірілі-ұсақты өзендер бар.

Жоғарыда біз айтқан Шілікті жазығының жаратылысы, өзгешелігі жайында бұл даланы экспедиция барысында өз көзімен көрген алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан: «Карл Риттердің «Азия» деген кітабына қарағанда, бұл өлке бұрынғы уақыттағы көл асты болады.

Шілікті өлкесінің ащылы жері бұл күнде жоғалған көлден қалған, көл суы кеткен соң, мұндағы тұз қаңсып жер ащы болған. Мұнда егін шаруасы қол емес, Шілікті – мал кіндігі. Бұл жерде Еуропаның Әлпі (Альпі) деген тауындағы Швейцария жұрты болса, мал шаруасын іс қылып, сиыр сауып, ірімшік қайнатып, жүні жақсы шұға болатын қой бағып дүрілдетер еді» деп жазады.

Сондай-ақ бұл өлкені ұрпақтан-ұрпаққа дейін мекендеп келе жатқан Байжігіт тармағы өз арасынан Қабанбай батыр мен Дәулетбай батыр сияқты атақты адамдардың шығуы себепті наймандар арасында ең құрметті деп саналып келеді.

Бұрынғы барлық салтанаттарда ең құрметті тағамның байжігіттер өкілдеріне тартылып келгені тегін емес. Байжігіттер төмендегі жерлер мен солардағы болыстарды мекендеген: Тарбағатай жотасы мен Маңырақ тауы арасындағы беткейлері Шілікті болысына қараған. Ал Терісайырық болысы Шілікті аңғарының бір бөлігін, Жетіарал өзеніне құятын Қандысу және Терісақққан өзендері аралығындағы даланы алып жатқан. Бұдан кейін Маңырақ тауы меп оның айналасындағы жерлерді алып жатқан Маңырақ болысы және бар.

«Жатырмысың, Қандысу, жылап ағып»

Басы бұлақтардан басталғанымен, Қандысудың арнасы толып Зайсан көліне барып құятынын айттық. Өкінішке қарай қазіргі кезде Қандысу таудан жазықтыққа шыққанда құрғап қалады. Біздің бала күнімізде көрген Қандысудың адамның зәресін алатын құдіреті қалмаған сияқтанады да тұрады. Елге барған жылдары көріп, жылап аққан кішкене суға айналғанына куә болған едік.

Қандысу өзені Маңырақ тауының батысын бөктерлей ағып келіп, Маңырақ ауылын басып өтеді. Қандысу маусымдық қар суымен толығады да, көктемде тасиды. Бұл өзен – Маңырақ ауылдық округіндегі басты су артериясы. Ал таудың нақ өзінен ағып шығатын өзендер өте кішкентай әрі таяз. Өзендердің түбі майда тас. Жаздың басында бұл кішігірім өзендер азаяды да, жазда құрғайды. Тек олардың ағыс салалары ғана қалған.

Заңғар КӘРІМХАН, журналист,
педагогикалық ғылымдар магистрі,
«Қазақстан тарихы» порталының
шығарушы редакторы
Шығыс Қазақстан облысы


«Туған өлкем» жарияланымдар байқауына!
Просмотров материала: 3 650

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 887 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 699 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 348 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 378 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 675 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 942 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 089 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 911 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 106 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 034 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 123 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 827 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 653 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 938 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 604 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 709 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 553 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 393 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 649 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 593 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 104 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 531 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 431 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 676 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 021 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 432 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 410 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 451 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 394 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 628 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 770 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30