28 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құсбегіліктің Отаны - Қазақстан екенін дәлелдеу менің мақсатым, - Руслан Абыл (ВИДЕО)

Өзінің мінезі жаздай жылы болса да, жыртқыш құстарды бағындырып, табиғаттың қатаң заңына төзген, бес бармағынан бал тамған, сегіз қырлы бір сырлы құсбек жігіт - Руслан Абыл. Әзірше біздің елімізде бүркітшілер мен қаршығашылардың арасында, ол жалғыз сұңқар үйретушіге де жатады.

Руслан Абыл Алматы облысының Қарасай ауданындағы Ұлан ауылының тұрғыны.

Руслан өзінің құсбегілікке әуестігін анасының ішінде жатқаннан бастап қалыптасқан қабілет дейді.

«Анамның айтуы бойыша, маған жүкті болған кезінде аяқастынан құсбегілік туралы, құстар туралы кітаптар оқи бастапты. Сондықтан сондай бір аномалиямен туылғанмын ғой. Әжем бала кезімде жабайы құстардың балапандарын, күйкентайын үйге әкеліп асырайтыным үшін ұрсатын. Оданша қарныңды тойғызадтын тауық пен үйрек асырамайсың ба деп», - күліп есіндегісімен бөлісті.



Тіпті өзі мамандық таңдайтын кезде, жанұясы музыкаға жақын болғаннан кейін дыбыс режесер мамандығына түсемін бе деп ойлапты. Одан кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясындағы суретшілер факультетіне де бармақшы болыпты. Табиғат қорғау жағынан биологқа да түспекші болған екен. Бірақ жан дүниесі мен жүрегі құсбегілікті қалағаннан кейін, не болса да өмір бойы сүйген ісімен айналысуға бел буған.

Негізі Русланның жанұясы түгелімен өнер адамдары. Анасы ән айтқанда бұлбұлдай сайрайды. Әкесі жас кезінде райондық ансамбльдер құрып, әнші инструменталист болған. Нағашы атасы театрда, Нұрғиса Тілендиев аталармен қазақ концертте жұмыс істеген. Қазақтың соңғы серісі Кенен Әзірбаев ата Русланға туыс болып келеді екен. Ал Біржан сал нағашылар жағынан.

Құсбегіліктің Отаны - Қазақстан екенін дәлелдеу менің мақсатым, - Руслан Абыл (ВИДЕО)


«Менде бір жаңа сарынды, жаңа заманауи технологиямен жабдықталған, жаңашылдық бағытпен этнографилық жағынан зерттелетін құсбегілік орталық салу мақсатым бар. Ол орталыққа табиғат мекендеушілеріне гуманизм орнату. Аңдарды еркін жіберу, ал келген адамдарды қадағалау, арнайы гидттері бар көліктермен жүргізу. Себебі, біздің қандай болса да, хайуанаттар бағында да, кез келген хайуанаттар орталығында да аңдарға деген гуманизм жетіспейді. Ал менің бағымда табиғаттағыдай еркін самғауда болады, аңшылық жасайды, табиғи күйіне жақын болады. Дүниедегі 70-тей мемлекеттің құсбегілік туралы кітаптарында, құсбегіліктің отаны Орталық Азия деп жазылған. Ал менің екінші мақсатым осы Орта Азиядағы кәзіргі Қазақстанның территориясынан құсбегілік ісі мен өнері шыққанын дәлелдеу. Одан кейін осыған байланысты Қазақстандағы туризмді дамыту», - деп Руслан ойдағысын айтты.



Жаңа заманда құсбегіліктің аса маңызды рөлдері де бар. Ол рухани және эстетикалық релакс. Түп тамырымызды, тарихымызды, мәдениет-дәстүрімізді ұмытпай, ата бабалардың мұрасын жаңадан өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізү, көрсету, таныстыру.

Руслан әзірше туристерді аңға шығарып, кей кездері бүркіт, сұңқарларымен тарихи киноларға да түседі, этнографиялық шоуларға қатысады. Тапсырыс бойынша қазақ дәстүрінің стильінде былғарыдан, ағаштан, асыл тастардан әр түрлі әшекейлер мен жасаулар жасайды. Өнері іштен шыққан дүние болғандықтан, жасаған бұыйымының әбзелдері қайталанбайды. Әр тапсырыс иесінің рухына байланысты ерекше жасалынады.















Қол өнерді де арнайы, Руслан ешкімнен үйренбепті. Есін білген шағынан бастап өзін сурет салғыш қыл қаламның қолынан түспегенін айтты. Рухы қалап тұрғаннан кейін, ізденіп, ары қарай дамытыпты. Оған қоса жатпай тұрмай осы бағытта еңбектенуден таянбапты.

Ең бастысы Руслан құсбегілік әбзелдерге (томағаға) ең бірінші қазақ ою-өрнектерін ерекше технологиямен қондырған қол өнерші. Сол себептен жыл сайын Біріккен Араб Әміршіліктерінің Абу- Даби қаласында өтетін «Әлемдік тарихи мұра фестивальіне» жюрилер көп үміткерлердің арасында Қазақстаннан Русланды алғаш рет таңдапты. Ол фестивальге бүкіл дүние жүзінің қол өнершілері 28 қарашадан бастап жиналып 40 күн өнерлерін көрсетеді.







«Саясаттан көрі өнер деген ең жақсы дипломатия. Рухани, табиғи дипломатия десе де болады. Өйткені бұл жерде әр түрлі мемлекет адамдарының қызығушылығы, рухани әлемдері бірігеді. Менің бұл конкурсте қазақша оюланған әбзелдерді әлемге жариялап, қолдандыру ойым бар. Екіншіден Қазақстандағы құсбегілік туризмді дамыту үшін инвестиция құйдыру келісімін алуға тырысамын » - деп жақын арадағы мақсаттарымен бөлісті қолнерші құсбегі.


Ондай болса, Руслан Абылға жеңіс пен ойдағысына тез жетуге тілектес болайық!



Айжан Ермекова.
Алматы облысы, Қарасай батыр ауданы
Просмотров материала: 5 467

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 873 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 440 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 976 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 192 027 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 373 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 221 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 327 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 610 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 026 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 134 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 518 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 410 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 558 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 205 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 640 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 450 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 137 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 542 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 307 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 248 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 082 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 923 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 217 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 145 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 644 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 412 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 973 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 233 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 605 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 988 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 930 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 015 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 969 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 184 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 335 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031