4 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарабалық ауданның тарихы

Қарабалық ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданға қарайтын 61 елді мекенде 35 мыңнан астам адам тұрады. Егіс алқаптары 418 гектар жерді алып жатыр. Ауданда меншіктің барлық түрлеріне жататын 410 ауылшаруашылық құрылымдары бар. Төрт өнеркәсіп орыны, 10 қызмет көрсету кәсіпорыны, үш банк жұмыс істейді.

Тұрғындарға 47 мәдеңиет мекемесі, орталық аудандық кітапхана, екі емхана, 12 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

Ауданда 48 мектеп, балалар спорт мектебі, өнер мектебі, агротехникалық колледж бар.

Қарабалық ауданы Қостанай облысының солтүстік-батысында орналасқан, Челябі облысымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын автомобиль жолы және темір жолы өтеді. «Қайрақ» кеден бекеті елдің «солтүстік қақпасы» аталады.

Аудан жағрафиясы мен тарихы туралы алғашқы баспа түріндегі мағлұматтар бізғе Ресей ғылым академиясы экспедициясы (1768-1774 жылдар) мүшелерінің еңбектері арқаында жетті. «Бұл жерлерге адамдар сирек қоныстанған, көздің жауын алар көркем жерлер, көлдері көп, таза суы мол, құстар мен балыққа бай...» - деп жазыпты бұл өңір туралы экспедиция мүшесі Христофор Барданес.

Өңір әлі де өз сұлулығын жоғалтқан жоқ. Аудан аумағында ерекше қорғалатын табиғи орындар – Михайлов мемлекеттік кіші қорығы, «Кривули» орманы, Верейск қарағайлы орманы және Тас қақпа орналасқан. Ауданды батыстан солтүстікке қарай Тоғұзақ өзені кесіп өтеді.

Бұл өлке атақты Троицк жәрмеңкесіне жақындығымен де белгілі болды. Бұхара мен Хиуадан Троицк жәрмеңкесіне келе жатқан көпестер керуендері дәл осы зәйімкелер мен қотандарда орналасатын. Аудандағы алғашқы қоныс аударушылар мекендері - Надеждинка, Терентьевка, Батмановка, Смирновка, Веселый Кут, Веренка және басқа селолар 19 ғасырдың аяғында пайда болды. «Қоныс аударушылардың орнығып кетуіне жағдай жасау» ниетімен салынған Троицк - Қостанай темір жолының құрылысы (1913 жыл) аудан тұрғындары үшін өте игі іс болды.

Өлке біртіндеп көркейе бастады. 1928 жылы ел үкіметі оқу-тәжірибелік астық шаруашылықтарын құру туралы шешім қабылдаы. Осы шешімге сәйкес N1 оқу-тәжірибелік астық шаруашылығын дәл осы Қарабалық ауданында, Өтеп ауылы негізінде құру ұйғарылды. 1929 жылдың 13 маусымында Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының түлегі М.И.Тарковский қазіргі Қарабалық кентінің алғашқы қазығын қақты.

Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының директоры Лидия Васильевна Пименова аймақтағы тұқым шаруашылығы - сұрыптау жұмыс- тарының негізін қалады. Оның басқаруымен бидайдың: «Жаңа Қызыл» жаздық жұмсақ, «Қостанай – 14» қатты және басқа жаңа сұрыптары жасалды. Бидайдың бұл сұрыптарының бәрі тек Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де кең тарап кетті.

Ауданға тың игерудің алғашқы жылы-ақ өз еріктерімен үш мыңға жуық қыз-жігіттер келді. Аудан картасында «Өрнек», «Славянский», «Есенкөл», «Победа» кеңшарлары пайда болды. Бұл жылдар аудан тарихына қалыптасу, құрылыс салу және көркею жылдары болып жазылып қалды. Бүкіл Кеңес Одағына Комсомол құс фабрикасының, Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының, жыл сайын әр гектардан жүз пұттан астық беріп тұрған «Қостанай», «Станционный», «Михайловский», «Славянский», «Смирнов» кеңшарларының даңқы гүрлеп тұрды. Сол жылдары аудан экономикасының дамуына Тоғұзақ механикалық, Смирнов жөндеу-механикалық зауыттары, орман шаруашылығы, сүт зауыты зор үлес қосты.

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіби журналист Мұхамеджан Сералин (1872-1929 жылдар) осы ауданда дүниеге келді. Қарабалық кентінің көшелерінің бірі қазір оның есімімен аталады. Қарабалықтықтар өздерінің даңқты жерлестері – халық әртістері Серке Қожамқұлов пен Қапан Бадыровты, Кеңес Одағының Батырлары Сергей Нечуперенконы, Петр Надеждинді және Петр Чегодаевты, жазушы Иван Щеголихинді мақтан тұтады. Аудан тарихына Социалистік Еңбек Ері Алексей Андреевич Пактың, Қарабалық тәжірибе стансасының бұрынғы директоры Владимир Григорьевич Савостинның, Амангелді Бекешұлы Ақдәулетовтың есімдері мәңгіге жазылып қалды. Олардың істерін бүгінгі күні Елубай Сыбанбайұлы Аманжолов, Иван Петрович Момот және басқалар табысты жалғастырып жүр.

Қарабалық кентіне тасы өзге домалап тұрған кәсіпкер М.Н.Айтқазиннің жобасы бойынша салынған «Статусленд» сауда-мәдениет орталығы көрік беріп тұр. Мұнда бір шаңырақ астында сауда орындары, қонақ үй, сауна, бильярд залы, кинотеатр және дискобар орналасқан.


















Нұркен Тоқаев,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы.

Дереккөзі: Алтын дала; Костанайская область; фотокнига /сост. Г. Дильдяев; осн. фотосъемка В. Бугаева; предисл. С. Кулагина.- Алматы: Атамұра, 2005.- 352 стр.

«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауы
Просмотров материала: 4 975

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 168 973 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 168 805 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 168 429 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 168 478 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 168 760 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 976 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 116 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 340 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 308 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 471 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 216 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 799 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 333 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 186 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 008 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 192 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 954 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 340 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 059 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 069 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 906 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 743 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 007 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 948 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 460 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 922 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 782 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 049 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 382 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 796 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 752 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 801 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 752 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 982 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 126 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031