6 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоңыртөбе баурайы – тарихқа толы қойнауы

21 ноябрь 2016, 8:47
Әр адамның өмірінде ата-анасынан кейінгі киелі орынды туған жері, өскен ортасы алары сөзсіз. Алыс өлке, басқа елге жүрсең, алдымен барша қазақстандықтарға қорған болып, құшағына алған Қазақстан елім, сонан соң туған жер, өскен ортам есіме түседі. Нақты осы туған жеріміз бізді өткен тарихымыз және болашақ мақсат-мүддемізбен байланыстырады. Басқалар секілді, менің де жусан исі аңқыған кең даламды, асқар биік, Қоңыртөбенің шыңынан қар кетпес тау сілемдерін, кіршіксіз таза мөлдір бұлақтары мен сарқыраған өзендерін, ұзатылар қыздың жасауындай керемет әсем табиғаты мен таза ауасын айтып мақтанғым келеді.

Отанға, Қазақ халқына деген махаббат, туған жерде өткен балалық шақтан бастау алып, тұтанады. Бәріміз үшін Отан отбасы, ошақ қасынан басталады. Отбасы, балалық шақ, туған жер, өскен орта – бұл бір-бірінен ажырамас естеліктер. Кішкентай болса да, менің ұшқан ұям, талай ұл-қызды тәрбиелеп өсірген, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан киелі елді мекен Ақтерек ауылы – мақтанышым.

Қаншама заманды заманды басынан өткеріп, ата-бабаларымызға пана болып, табиғат берген байлығын құт-берекесімен бойға дарытып отырған ауылымның тарихи ғұмыры баға жетпес құндылықтың бірі деп санаймын.

Менің туған жерім Ақтерек ауылы әйгілі Алатаудың сілемдеріне жататын Қоңыртөбе атты таудың байрайында жайыла орналасқан ауылдардың бірі. Арлы-бері жүрген жолаушының көзі бірден мен-мұндалап көзге түсетін Қоңыртөбе тауы талайды тамсандырып өтетіні анық. Бірнеше ауылды құшағына сыйдырып, адамзат пен жан-жануар, аңдарды, тылсым табиғатты тепе-теңдікте ұстап келе жатқан киелі мекен.



Қоңыртөбенің баурайында жайылып орналасқан ауылымның тарихқа қойнауы толы. Ауылдың оңтүстік шығысында, 6 км жерде орналасқан орта ғасырлардан сақталған обалар бар. Осы жердегі үсті топырақпен, таспен үйілген 90-ға жуық обаны археолог Қ.Ақышевтің жетекшілік етуімен 1956 жылы зерттеген. Бірнеше топпен тібектеліп салынған обалардың диаметрі 8-12 м. Шығыстан батысқа, оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері шықты. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құймышақ сүйектері табылды. 1996-1997 жылғы зерттеулер барысында Ақтерек маңынан 14-15 ғасырларға жататын Қазақ хандығының алғашқы кезеңінің отырықшы қыстақтарының және саны 18-ге тарта диірмен орындары анықталды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтарымен байланысты болғанын көрсетеді (Жетісу энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004, 115-116 б.б.).

Сонымен қатар, 2014 жылы ауылдағы Ақтерек қорымына жүргізген қазба жұмыстар барысында обалардан түркі дүниесіне тән заттар, ат әбзелдері, жебенің ұштары, жауынгердің киім үлгісі тәрізді жәдігерлер табылды. Сонымен қатар, үйсіндерге тән алтын сырғалар, қыш ыдыстар табылды. Мұны археолог-ғалымдар ерте темір дәуірінің үйсіндер кезеңі мен көне түркілер кезеңіне жатқызды. Бұл табылған құнды жәдігерлер еліміздің тарихына терең үңілдіретін құнды мәлімет пен заттай айғақтар екені даусыз және тәуелсіз Қазақстан тарихында маңызды орын алады.



Ақтерек (бұрынғы Көлқамыс) ауылы - Ресей патшалық өкіметі тұсында Ырғайты болыстығына, 1939 жылдан Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты болды. Ауыл қоңыржай-қуаң, тауалды агроклиматтық белдемде жатыр. Ауылымызда терек тұқымдасына жататын ақ терек өсетіндіктен атауы «Ақтерек» аталған. Алматы облысында ақтерек негізінде өзен бойындағы шалғын аймақтарда өседі. Қазақстанның кейбір аймақтарында биіктігі 20 метр, жуандығы 2 метрдей. Діңі мен бұтақтарының қабығының түсі көкшіл сұрғылт болады. Бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады. Ақтерек ағашы – желмен тозаңданатын, қос үйлі өсімдік. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ауылда осы ағаштың көп шығуына байланысты да атауы «Ақтерек» аталған.

Қазіргі Ақтерек ауылының бұрынғы атауы Көлқамыс деп аталған. Ауылдың өзі қазіргі тұрған орнынан сәл төменде, қазіргі Алматы-Бішкек трассасына жақынарақ жерде орналасыпты. Бұл жер ерте замандарда көлдің орны болыпты-мыс. Кейінірек суы тартылып, көлдің орны құрғап, халық қоныстаныпты. Халық тұрған осы мекен Көлқамыс аталыпты. Сол себепті де, қазірге дейін жауыннан соң әр жерлерде көлшіктер пайда болып, жолдың жиегі суға толып, аттылы кісі көрінбейтіндей биіктікте қамыс қаулап өседі. Қамыс ішінде талай малды қасқыр тартып, жыртқыш аңдар жүретін, - деуші еді жарықтық бұл күнде жоқ үлкен аталарымыз.

Иә, ол қамыстар әлі де өседі. Бірақ, өскен қамысты тұрғындар жұлып, әр түрлі қажеттіліктеріне жаратумен қатар, жыл сайын тазалық жұмыстарын жүргізуді әдетке айналдырған.

Ауыл халқы мал және егін шаруашылығымен, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, мал-жанын асырап, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып отыр. Мәдени іс-шаралар мен мемлекеттік мерекелердің барлығы өз деңгейінде аталып өтіледі. Әсіресе, ұлттық бояуы кетпеген халқымның Наурыз тойын тойлауда, бәйге, көкпар ынды ойындарды өткізуде алдына жан салмайды. Мұндай ат жарыс, бәйгелер ауылдан 5-6 шақырымдай жерде қатар орналасқан екі төбе – Майтөбе аталатын бәйге алаңында өткізіледі.

Аталарымыздың айтуынша, Майтөбе – бұрынғы бабалардан қалған зират екен. Бұл жерге бәйге өткізуге баста ауыл ақсақалдарының біразы қарсылық білдірген екен, аруақтарды мазаламайық деп. Дегенмен, сол Кеңес өкіметі тұсында құдайды ұмытқан белсенділер көнбепті. Соқа салып, зиратты айналдыра атшабар шеңбер жасаған екен. Демалыс күндері тайжарыс, ал 1- 9-май күндері үлкен аламан болып тұратындықтан, ауыл адамдары май мерекесінің құрметіне бұл екі төбені Майтөбе атап кеткен.

Ауылымыздың тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ақтеректе орта мектеп, аурухана, аула спортына арналған кешен, балабақша, кітапхана, тойхана сынды т.б. мәдени орындар жұмыс жасап, халық игілігіне қызмет етеді.

Әйгілі жазушы М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасындағы» Қараш батыр мәңгілік тыныштық тапқан мекеннің тарихтағы орны ерекше болатынына шүбәм жоқ.

Иә, «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде, ең алдымен туған анасына деген сезім, сүйіспеншілік орын алса, екінші, Отанға, туған жерге деген махаббат орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерім, ауылым Ақтеректі, құдіретті елімді, халқымды сүйемін және мақтан етемін. Алда өз елімнің дамуына мен де теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосатыныма сенімдімін.

Жанат Сейтова,
Жамбыл обл., Қордай ауданы, Отар ауылы
Просмотров материала: 4 134

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 776 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 588 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 557 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 496 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 489 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 568 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 316 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 345 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 839 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 987 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 645 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 360 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 513 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 421 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 340 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 103 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 489 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 093 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 251 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 847 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 988 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 438 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031