23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біздің ағай

17 ноябрь 2016, 10:04
Еліміз тәуелсіздігін алып, еркіндік пен бейбітшілікте өмір сүріп келе жатқанына да ширек ғасыр уақыт өтіпті. Ия, уақыт көшкен керуен... Өтеді де, кетеді. Әр күнің ертеңгі тарих...


Уақыт пен Халық деген ұлылықтың ажырамас бөлшегіндей, тіпті өлшеміндей. Оларға талай ғасырлардың тарту етілгенін тарих талай дәлелдеген. Бұл да - соның бір айғағы. Бүтін бір кезеңнің өңін айналдырып, өзінің адал ұлдарын өзектен тептірген, еткен еңбектерін еш, тұзын сор қылған, тағдырдың ең ауыр теперішін қазақ тартты, тарихта сирек ұшырасар қияметті қазақ басынан өткерді. Сол жолда ата-бабаларымыз, біртуар тұлғалардың арқасында қазақ елі, Қазақстан әлемге танылды. Сондай азаматтардың бірі де бірегейі, еліміздің өсіп-өркендеп, білім мен ғылымның дамуына үлесін қосуда айтулы ерен еңбегімен үлес қосып келе жатқан, Жамбыл және Алматы облыстарының құрметті азаматы, біздің ағай туралы сөз қозғамай кету – оның тәлімін алған шәкірттеріне үлкен сын болар еді.

«Біздің ағай» деп отырғаным елімізге танымал дарынды ұстаз, білікті басшы, профессор, академик, Қазақ ССР-інің Жоғары мектебінінің еңбегі сіңген қызметкер, халқымыздың ардақты да, аяулы ұлы – Марат Алмасайұлы Нуриев.
1938 жылы сәуір айының 29-ы Алматы облысы, Каскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.
1957 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында орта мектепті бітірген.
1962 жылы Москва қаласының жеңіл өнеркәсіп технологиясы институтына түсіп, осы сала бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
1962-1978 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы саласынан ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға, осы саладан ғылыми жұмыстардың Қазақстанда алғаш қалыптасуына ықпал етті. Қазіргі күнде Марат Алмасайұлының өзі оқытып шығарған жүздеген мамандары Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің ірі ұйымдастырушылары болып жүр.
1978-1984 жылдары Қазақ политехникалық институтында кешкі және сырттан оқытатын бөлім жөніндегі проректор қызметін атқарып, институт базасында оның Қаратау, Өскемен, Лениногорск, Зырьян, Гурьев және Шевченко қалаларындағы филилалдары мен жалпытехникалық факультеттерінде жұмысшы жастарды өндірістен қол үзбей оқытудың тиімді тәсілдерін ойлап тауып, сапасын жетілдіруге көп үлес қосты.
1984 жылы көп жылдар бойы жоғары мектепте істеген сан-салалы зор қызметі лайықты бағаланып, оған «Қазақ ССР-нің жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.
1984 жылдан Қазақстанның Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінде, 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында оқу ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды.
1989 жылы жаңадан ашылған Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы басқарушы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру институтында ректор, 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратында Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің жобалары әзірленді, республиканың құқық қорғау органдарының түбегейлі реформалауы жүзеге асырылды.
1998-2009 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында проректорлық, ректорлық қызметтер атқарды. 2009 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жанынан ашылған ғылыми –зерттеу институтында директор болып еңбек етіп келеді. Бұл күндері өзі басқарып отырған институтта ұлттық тәрбие мен интеллектуалды ұлт қалыптастыру мәселелерінің ғылыми негіздерін, қазақ халқының салт-дәстүр, менталитетін дәстүрге сай заманауи тұрғыда ұлттық болмыс, ұлттық құндылықтар сияқты рухани қасиеттерді жас ұрпақ бойына дарыту және оларды ұлтын сүюге, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа шақыру жолында еңбек етуде.

Халықтың қалаулы ұлын «біздің ағай» деп еншілеп алуымызға да сол Марат Алмасайұлын барлығымыздың аса қадірлеп, сыйлап, шын көңілден жақсы көргендігімізден болар. Марат ағайдың қарамағында, бұрынғы Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын Ғылыми Зерттеу Институтында жұмыс жасайтын жасы бар, жасамысы бар қызметкер аға-әпкелердің ешқайсысына да өгейшілік етпей, шын жанашыр қамқор болып, әрқашан нәзік жандыларға «менің қыздарым» деп жақын тартып тұратынына куәмін. Өйткені, қазақ халқы еркелетіп, қатты құрметтейтін қыздарды ағайымыз да жоғары қоятын.

Ағаймен бірге жүрген кездер біз үшін қай жерге барып, қай есікті қақсақ та бағдаршамның жасыл шамы жанғандай ашық болатын. Соған үйреніп қалған біз қандай да болсын жұмысымызды «Марат ағайдың қызы едім» деп бастаушы едік. Ондағы мақсатымыз ағайдың атын жамылып, бастаған ісімізді жылдам тындыру емес, өзіміз көріп, істеген жұмысына куә болып жүрген халық қадірлісі Марат Алмасайұлындай басшының жанында жақын жүргенімізді, қызмет етіп жатқанымызды мақтан тұту еді.

Марат ағай басқарған сол кездегі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетіндегі Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын Ғылыми Зерттеу институтына сырттан қонақтар көп келетін. Әрі инситутта өзі мұрындық болып ашқан «Ұлттық тәрбие» журналының редакциясы орналасқандықтан да мұнда күн сайын түрлі деңгейдегі әр саланың адамдары жиі келіп-кетіп тұрушы еді. Сол келушілердің арасында бұрын қызметтес, замандас болған жандар ағайымыздың біз біле бермейтін туған елі үшін атқарған еңбектерінен, жасаған қызметтерінен, бойындағы адами құнды қасиеттерін айтып беріп отыратын. Сондайда барлығымыз бір масайрап, ағайдай асыл жанмен жұмыс істеу бақыты бізге бұйырғанына мақтанып қалатынбыз. Әрі ағайдың жұмыс іздеп келген жандарға талабы да зор болатын. Таныс-тамырлыққа салынғанды жек көретін. Тек кім болсан да істеген жұмыстан нәтиже ғана күтетін. Сондайда мейірімі бізге түскеніне өзара ризашылығымызды білдіріп отыратынбыз. Қанша жерден Марат ағай өзі жайлы жағымды, мақтау сөздер естігенімен, қоғамда кездесетін бәзбіреулер секілді дандайсып кеткенін ешқашан көрген емеспіз. Өте қарапайым жан.

Шүйіркелесіп бізбен бірге мәселені ортақ қойып, әрқайсымыздың өзіндік пікірімізбен санаса отырып шешетін. Сол арқылы бізге білмегенімізді үйретіп, ортада пікір алмаса білуге, ойымызды нақты, қаймықпай жеткізуге үйрететін. Содан болар, Марат Алмасайұлы әрқашан жастарды қоғамда бірінші қояды, әрі жақсы көреді. Өз сөзінде болашақ – жастардың қолында екенін әрқашан айтып отырады. Өйткені, егеменді еліміздің жарқын болашағы саналатын жастар ең алдымен, ұшқан ұя, өскен ортадан өніп, өзіндік мақсат-мұратын қалыптастырады. Одан кейін балабақша, мектепте болашақ бағдарын қалыптастыруды жалғастырады. Әр азаматтың мазмұнды білім алған, елін шын жан-тәнімен сүйген патриот болып қалыптасуы – мемлекетіміздің, жеке тұлғаның басты алдына қойған талабы, қоғам қажеттілігі.

Еліміз сан жылдар бойы небір қиын ауыртпалықтарды бастан кешіріп, бүгінде тұралаған сол күйден дамыған елдердің алдыңғы қатарына әлемдік аренада өзіндік қолтаңбасы бар мемлекет ретінде қосылуға талпынған тұста біз қандай да болмасын өз кемшіліктерімізді түзеуге, саналы ғұмыр кешуге, істеген тірліктерімізге есеп беріп отыруымыз қажет. Тек жарқын күннің айдынында шомылуға талпына отырып, жаңа қырымыздан әлемдік деңгейдің биік тұғырына көтерілуге талпынуымыз қажет. Біздің бойымызда жеріміз, еліміз, тіліміз қандай бай болса, сондай қазақи адамгершілік құндылықтарымыз да соншалықты бай, әрі құнды.

Сол ұлтты ұлт ретінде ғасырлар бойы сақтап, бүгінде жаңа қырынан көрсетіп отырған Қазақстанның алдағы ұлт болып ұйысуына, мемлекет болып нығаюына барша қолдан келген жағдайды жасауымыз қажет. Ол үшін не істеу керек? Әрине, ең алдымен тәрбиені, оның ішінде ұлттық тәрбиені қолға алуымыз керек. Ал, оның барлығы жастар, жас өскелең ұрпақ арқылы іске асатынын Марат Алмасайұлы дөп басып тауып, бар ынтасын, күш-қуат, жігерін жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы жолына арнады. Сол жолда зиялы қауым өкілдері ғасырлар армандаған университет қабырғасында шығып тұратын республикалық ғылыми-көпшілік бағыттағы «Ұлттық тәрбие» журналының жарыққа шығуына Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Пралиев екеуі басты себепші, мұрындық болғандығын, оның мәртебесін көтеру жолында қанша тер төгіп келе жатқанын біреу білсе, біреу білмес.

Еліміздің аяулы да, ардақты ұлы, белгілі ғалым-қайраткер, ұлт жанашыры – Марат Алмасайұлы шын мәнінде халық адамы. Ағайымызды қалай мақтасақ та жарасады, өйткені сол өреге өз еңбегі, қажыр-қайраты, парасатының арқасында жетіп, еліне көп жақсылық жасады. Біраз уақыт Марат ағайдың жанында жүріп, бір кісідей-ақ ол жайлы айтар өзіндік ой-пікірім қалыптасты. Жақсы адамның артынан қашанда жақсы сөз ерсе, соншалықты қоғамдық ой-пікірге айналатыны сөзсіз. Марат ағайдың туып, өніп-өскен жері де осал емес.

Жер жаннаты саналатын Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбенің бөктеріндегі шағын ғана Шамалғанға қарасты Амангелді елді мекенінде шуақты көктем мезгілінде қарапайым көргенді отбасында дүниеге келді. Отбасында өнегелі тәрбие нәрінен сусындады. Жастайынан талапты, еңбекқор, тәрбиелі де саналы болып өсті. Сол кездегі қиын заманның салдарынан мектеп табалдырығын 9 жасында аттап, үздік бітіріп шықты. Арман қуып, Алматыда, одан Мәскеу қаласында білім алып, еңбектің даңғыл жолына түсті. Ағайдың нағыз азаматтық тұлғасының қалыптасуына туған жерінің құдіреттілігі мен киелігі, отбасының тектілігі, Қарасайдай батыр бабамыздың тікелей бесінші ұрпағы екендігі де әсер етсе керек. Сонысы да оны басқалардан кесек, нар етіп бөлектеп көрсетеді. Бір ғана мысал, сол кішкене ауылдан елімізге танымал 50 тарта ғылым докторлары мен кандидаттары шыққан. Соған қарап, адамға туған жердің де әсері бар ма деп қаласың.

Әр жылдарда түрлі мемлекеттік қызметтерде болып, абыройлы еңбек етті. Еліміздің белді де беделді жоғары оқу орнының бірі АЭСА-да ұзақ жылдар ректорлық қызметте болған уақыт мұның нағыз дәлелі десек болады. Университеттің әлемдік аренада өз орнын алуына көп еңбек сіңірді.
Сырт қарағанда, жақсы адамдарға берілетін мінез-құлық, ой-пікір ұқсас, кейде тіпті бірдей сияқты көрінуі де мүмкін. Бірақ, үңіле байыптап қараған адамға әр адамның өзіндік орны бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Марат ағайдың бойында жақсы адамға, ұлттық тұлғаға тән қасиеттер көп.

Әрине, оның бойындағы жақсы қасиеттер әркімде-ақ бар. Бірақ, соның әр адамның бойынан көрінуі, факті арқылы таныта білуі екінің бірінің қолынан келе беретін іс деп айта алмаймын. Адамды ерекшелейтін де, халық қалаулысы қылатын да осы дер едім. Марат Алмасайұлын әсіре мақтаудан аулақпын. Дегенмен, жақсының жақсылығын айту, оны мінез-құлық, іс-әрекетін паш ету, қазіргі қазақ жастары тәлім-тәрбие алуында мұның барлығын саралап отырып жеткізу менің азаматтық борышым деп түсінемін.

Ағайымыздың бойында жақсыға тән адамгершілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, бауырмалдық сынды қасиеттер ерен көрініп, басқалардан ерекшеленіп тұратыны содан шығар. Ол үлкен-кішіге бірдей қарайды, әрі ешкімді жасына бөлмейді, сыйлай, жан-дүниесін түсіне біледі. Өте еңбекқор, ізденімпаздығынан да болар, бізге бос уақыттарынды ұйқыға жібермей, еңбектеніңдер деп ақылын айтып отырады. Барлығымыздан қандай және қашан кітапханаға барғанымызды, нендей кітаптар оқығанымызды, қалай ізденіп жүргенімізді әрқашан бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады.

Қазір қарасақ біз үшін оның уақыт өткен сайын пайдасы мен жемісі өз нәтижесін беріп жатқанын байқаймын. Біздің жасаған еркелігімізді үнсіз ғана түсінетін. Марат аға жалған сөз жаны сүймейді. Нендей жағдай болса да тек шындыққа, әділдікке жүгінеді. Осы сынды қырларынан Марат Алмасайұлының нағыз азаматқа тән ірілікті, алғырлықты, жан тазалығы мен келбеті үйлескен кесек адамдың бейнесін көреміз. Рухани биіктен көрінген саф алтындай асыл бейнесіне сол кезде бірге жұмыс жасаған әріптестеріміздің барлығы қызыға қараушы едік. Қазір өткенге көз жүгірсем, мен ағайдың өсу жолын, еңбектегі өрлеу соқпағын барынша терең түсінгендеймін. Білімі жағынан технолог бола тұрса да, басқа салаларда жемісті еңбек етуінің сыры алғыр қабілеті мен басқару тетігін тамаша меңгергендігін, қай істі болса да болжай білетін асқан көрегендігі және ұйымдастыру қабілетінің шеберлігінде, кең ойлауы мен адамдармен тез тіл табыса алатын қасиетінде екен. Оның қылаудай дақ түсірмей жинаған абыройы бірден құралған жоқ. Талай сан түрлі соқпақты сүрлеуден, қиын да жауапты сәттерден жиналды.

Қызмет жолын аяқтап, зейнетке шыққан күннің өзінде байыз тауып жата алмады. Мансап қуғаннан емес, жұмысқа жан-тәнімен берілген жанның қалпында барша қызметкерлерге қойылған талаппен таңның атысы, кештің батысына дейін жұмыста еңбектенуіне қарап онан сайын құрметіміз арта түскендей болады. Ешқашан жасаған жақсылығы мен істеген ісін міндет етіп көргенін байқаған емеспін. Соның арқасында қоғамдық, саяси болсын тіршіліктен сырт қалмай, Елбасы жүргізіп отырған саясатты іске асыруда белсенділік көрсетіп, шаралардың барлығына араласып отырады.

Марат Алмасайұлының өмір жолы мен өнегесіне жасынан, мезгілінен кеш туылсам да бір кісідей-ақ әбден қанықпын. Ағайды өмірдің барлық сындарлы сын сатыларынан өтіп, ұстаның төс-көрігінде пісірілгендей, шыңдалып шыққан азамат деп айтуға болады. Қай істе болсын сабыр мен пайымды парасатты темірқазық ете білді. Сондықтан халқына еткен өлшеусіз еңбегі шырақтай жанарына сенімім мол.

Марат аға білім саласында қызмет ете жүріп өскелең жас ұрпақ бойына ұлтын сүюге, халқына адал қызмет етуге шақырып, адами құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болып қалыптасуына ықпал етіп, сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды қабылдата отырып, олардың ақыл-парасатына азық етуді негізге алды. Біздің ағайдың басқа жандардан ерекшелеп тұратын бір қыры жастарды әрқашан қамқорлығына алып, олардың өмірде жол тауып, дұрыс бағытта кетуіне қатты көңіл бөліп отырады. Өзіне келген жастардың білім жолына түсіп, толықтырып, ары қарай ғылыммен ізденуіне қолынан келген көмегін аяған емес. Кейде тіпті, қаражат жағынан қысылып жүретін талапты жастарға ол жағынан да қарайласады. Өйткені, өзі де кезінде Мәскеуде білім алған кезінде оқумен қатар ауыр еңбек етіп, ақша тапқан. Сондықтан дәл қазіргі нарық заманында студент жастардың күйін жақсы түсіне білетіні осыдан.

Марат аға отбасында Роза апай екеуі үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп, немере, шөбере өсіріп отырған үлгілі жанұяның бірі. Ұлы Қанат Алматыдағы «Адани» көпсалалы құрылыс фирмасынының бас директоры, қызы Сәуле «ДалаТур» туристік фирманың президенті, ал кіші қызы Айгүл Қазақстандағы белді бизнес әйелдердің жоғары санатындағы тұлға. Өнегелі отбасының шаңырағына амандық, дендеріңізге саулық, қажымас күш-қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін. Әрқашан жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем, абырой-беделіңіз бен табыстарыңыз арта берсін.

Марат аға Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы, жанашыр ұстаз, еліміздің дана ақсақалы ретінде танып, сыйлаймыз, қадірлейміз.

Жанат Сеитова, Алматы

Жамбыл обл., Қордай ауданы, Отар ауылы
Просмотров материала: 2 453

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 292 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 124 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 765 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 789 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 097 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 653 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 720 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 909 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 054 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 433 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930