21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Батырға лайық марапаты берілсін

12 ноябрь 2016, 11:02
Талай шаңыраққа қасірет әкелген, екінші дүниежүзілік соғыстың ақтаңдақтары, кейбір құпия деректер 2014 жылғы Ресей Президенті В. Путиннің жарлығынан соң ашыла бастады. Ербол Кенжалы 70 жыл бойы тынбай іздеген әкесінің ағасы туралы мәліметтерді соның арқасында анықтады. 1945 жылы қаза тапқан әкесінің ағасы Әбілғазы Кенжалының Латвияда жерленгенін білді. Архивтерді ақтарып жүріп, көптеген құпия деректерді тауып, бөліскен еді. Оның ішінде 28 Панфиловшы дивизиясына қатысты сенсациялық деректер бар дейді Ербол Кенжалин.









Көзсіз ерлік

Ербол Шаймарданұлы 1976 жылдан бастап, Совет Одағы әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеп жүргенде де Әбілғазы Кенжалин туралы мәліметтерді іздей бастайды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдарда майдангер ата рухын тірілтуге Кейін интернет желілері пайда болғанда Ерболдың ұлы Әбілтай іздеуге қосылады. Сөйтіп, аға лейтенант Әбілғазы Кенжалиннің Салдусск ауданындағы Броценский өлкесі Тушки хуторында жерленгенін анықтайды. Биыл қыркүйек айында сол жерге барып, туған жердің бір уыс топырағын басына салып, құран оқытып қайтады.

— Құран оқытқан кезде керемет тылсым жәйт болды. Сенесіз бе? Күн тып-тынық боп тұрса да, бауырластар зираты маңындағы ағаштардың
жапырақтары сыбдыр қақты. Сонша жылдан бері таба алмай жүрген ағамның аруағы риза болғанын білдіргендей әсер берді,—дейді Ербол Шаймарданұлы.

— Және марқұм әкем де риза болған шығар. Бала кезімде әкем ағасы Әбілғазы туралы жиі еске алып, «шіркін, ең болмаса оның мүрдесінің қай жерде
жатқанын білсем, арманым болмас еді» деп аһ ұратын. Сондықтан мен есейе келе әкемнің аманатын орындауды өзіме міндет санаған едім.

Ербол архив құжаттарын ақтара отырып, ағасы Әбілғазының батыр атағына лайық ерлік жасап, қаза тапқаны туралы деректерді тапты. Әрі қарай батырдың сол ерлігіне пара - пар марапатының берілуі жолындағы ізденісін жалғастыра бермекші, өз алдына үлкен міндет қылып қойып отыр.
Әбілғазы Кенжалин 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданында дүниеге келген. Тайынты ауылындағы әскерге шақырылған жігіттермен бірге Әбілғазы майданға жол тартады. Оның 1945 жылдың 13 наурызында жазған соңғы хатынан соң көп күн өтпей қара қағаз келеді.

Әбілғазы Кенжалин 1945 жылдың 17 наурызы күні қаза тауыпты. 19-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, подполковник Шапшаев марапаттау қағазына: «Кенжалин 1945 жылдың ақпанынан полктегі пулеметшілер ротасына басшылық етті. 1945 жылы 17 наурыздағы шабуылда өжеттік пен қайсарлық танытты. Қарауылдағы пулеметті шебер меңгере отырып шабуылға көтерілген біздің жаяу әскерлерге дер кезінде қолдау көрсетті.

Сол күні Донгас хуторы маңындағы кескілескен ұрыста пулеметті өз қолына алды. Шепті сеніммен қорғай отырып, жауды қырық метрге дейін жақындатты. Отыз неміс солдатының күлін көкке ұшырды. Біздің жаяу әскерлерді ілгері бастыртпай тұрған жау дзоты амбразурасының үнін өшірді. Кенжалин жолдас өзінің ержүректігі арқасында жаяу әскердің алға жылжуын және жау қорғанысын бұзып жаруды қамтамасыз етті.

Осы күні Кенжалин жолдас ротасымен бірге жаудың бес қарсы шабуылына тойтарыс беріп, жетпіске жуық неміс солдатының көзін жойды. Алайда бұл ұрыста өзі де қаза тапты. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталуға әбден лайық. 19-ы гв. атқ. пол. командирі, подполковник Шапшаев. 25 наурыз 1945 ж.»,- деп жазады.



Оның 1945 жылғы 06 сәуірде қол қойған гвардия аға лейтенанты Әбілғазы Кенжалин­ді (қаза тапқаннан кейін) ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапаттаймын деген № 030/н бұйрығының шекесіне Ломов деген одан жоғары шенді басшы 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордені берілсін деп өзгертіпті.

— Әбілғазы Кенжалин — Отан соғысы ордені толық кавалері болған. Бір әріптің қате жазылуы себепті бұл орденнің 2-ші дәрежелісін алған мен 1-дәрежелісін алған екі адам сияқты болып тіркеліпті. Оған қоса,мен полк күнделігін түгел қарап шықтым. Сол күні полк алдына аз шығынмен полкті қоршаудан алып шығу міндеті қойылған. Кейін сол міндеттің орындалғаны жайлы оқып отырып, « 30 адам қаза тапты, жаудың 100 адамын өлтірдік, қоршаудан шықтық» деп жазылған жазбаны көрдім. Менің ағам Әбілғазы бастаған ротаның өзі жаудың 70 адамының көзі жойып, полктің қоршаудан шығуына жол ашқан екен. Сонда ағамыз Әбілғазы бүкіл полк алдына қойылған міндетті орындап отыр, бұл нағыз батыр атағы берілетін ерлік қой, - дейді Ербол Кенжалин.



Марапаттау қағазында батыр жауынгердің 17 наурыздағы ерлігі тәптіштеп баяндалған екен. Ол Донгас хуторы аумағында жауынгерлерге басшылық ете отырып, қиын сәтте өзі де пулемет тетігіне отырып, 30 неміс солдатының көзін жояды. Сондай-ақ біздің жаяу әскерлердің ілгері қадамын аштырмай тұрған жау ДЗОТ-ы амбразурасының үнін өшіреді.

Сол күні ержүрек командир өз ротасымен жаудың бес қарсы шабуылының бетін кері қайтарып, барлығы 70 фашисті жер жастандырып, өзі де оққа ұшады.
Ербол Кенжалин ағасы Әбілғазының батырға лайық бұдан бұрын ерлік жасағанын сол құжаттардан оқиды. 1943 жылы Жарнах, Вознесенский деревнялары, Космодемьянск қаласы (Брянск майданы) үшін болған ұрыстарда Әбілғазының бір өзі пулеметімен он төрт немісті жер жастандырған. Псков қаласы жанындағы ұрыста Великая өзенінен ротасымен шығынсыз өтіп, жеті пулемет нүктесіннің үнін өзі өшіріпті. Оның пулемет ротасы жаудың екі миномет расчетын жойыпты.

Панфилов дивизиясы туралы шындық

Әбілғазы Кенжалин құрамында болған Панфиловшылардың 8-ші атқыштар дивизиясының тарихы әлі күнге дейін толық жазылып болған жоқ. Бұл құраманың 1941 жылы Мәскеу түбінде қандай ерлік көрсеткенін жұртшылық жақсы біледі. Ал бұл даңқты дивизияның соңғы қасіретті тағдыры туралы көпшілік біле бермейтіні және ақиқат.

1945 жылдың наурыз айында Курляндия шұңқырына кезекті шабуыл кезінде әуелі жартылай қоршауға түсіп, сосын ол қысым тарыла түседі. Нәтижесінде көптеген кеңес жауынгерлері қаза табады. Дивизия қоршаудан шыққаннан кейін соғыс аяқталғанша белсенді әрекет көрсете алмайды.



Негізінде оқиға былай болған. Даңқты дивизия шабуылға бір жарым айдай әзірленеді. Олар сақадай-сай күйінде алға ұмтылып, жау тылына дендеп енеді. Алайда қанаттас көршілер бұл уақытта шамамен 4-5 шақырымдай кейіндеп қалады.

18 наурызда түс ауа жау төрт рет қарсы шабуылға шығады, олар мүмкіндікті пайдаланып бұлардың тылына да өтіп алады. Сөйтіп, ілгері шығыңқырап кеткен дивизияны бір жағынан қауқарсыз жағдайда қалдырады.

26 наурызға дейін дивизия жартылай қоршауда әрекет етеді. Немістер қазан шұңқырдың шығар аузына күштерін аямай төгіп, қысымды күшейте түседі.
Подольск архивіндегі құжаттарды оқып, салыстыра отырып, Ербол Кенжалин сол Курляндия шұңқырында қоршауда қалған Панфилов дивизиясы құрбандыққа шалынғандығын біледі. Совет әскері Берлинді алу үшін, Панфилов дивизиясын жау шабуылының өтінде қалдырып кете барған. Және тап жеңіс күні 30 мыңы өліп, 100 мың жауынгері жараланған Панфилов дивизиясы туралы құжаттардың бәрін құпия қылып, тығып тастауының мәні осында деп санайды ол. Ербол Кенжалин қазіргі уақытта Ресей Президенті Путинге хат жазып, Әбілғазы Кенжалинге Батыр атағын беруді сұрап хат жазған. «Бұл менің аға алдындағы парызым» дейді ол.

Ер есімі де, ол жасаған ерлік те ешқашан ұмытылмауы керек. Және өз марапатын алуы керек.

Бақыт Жаншаева, Ақтобе
Просмотров материала: 2 622

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 282 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 787 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 377 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 429 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 737 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 515 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 882 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 057 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 213 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 074 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 443 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 064 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 881 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 885 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031