21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқулық жазу – оңай шаруа емес

Мектеп оқулықтары төңірегінде әңгіме де көп, айтылар сын да көп. Өйткені біздің елде оқулық жазуды, шығаруды әлі күнге дейін бір жүйеге қоя алмай келеміз. Кеңестер Одағы кезінде оқулықтар Москва қаласында басылып шығып, барлық 15 республикаға тарайтын.

Әр республикадағы өздері сол оқулықтарға қосымша әдістемелік құралдарды шығарып алып, оқытатын еді. Ресейде әлі күнге ғалымдар диссертациясын қорғай салысымен, бірден студенттерге, оқушыларға арналған оқу-әдістемелік нұсқауларды жазумен айналысып кетеді. Қазақстанда мықты ғалымдар жоқ емес, баршылық. Бірақ сол ғалымдар ғылыми атақтарын алысымен, басшылық қызметке ұмтылады. Ия болмаса, оқулық жазуға бөлінетін аздаған қаржыны місе тұта қоймайды, сабақтарын беріп, тыныш жүргенді жақсы көреді. Сол себепті де әсіресе, математика, геометрия оқулықтарын жазатын ғалымдар аса көп емес.

Дегенмен, оқулық жазушылар министрлік көрсеткен бағдарламаға сәйкес, өз оқулығымызды шығаруға өз үлестерін қосып жатыр. Халқымыздың рухани байлығымен сусындатып, қазіргі заманда кәдеге жарайтын біліммен қаруландыратын, оқушы бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дарытуға үлес қосуда көмекші құрал болатын оқулық жазу оңай шаруа емес. Қазақстанда ең алғаш өз оқулықтарын жазған ғалымдар арасында ақтөбелік Жеткербай Қайдасов бар. 7-11 сыныпқа арналған геометрия оқулығының негізгі авторларының бірі оқулық жазу төңірегіндегі өз тәжірибесімен бөілісіп, бірталай мәселенің басын ашып берді.

Бұрын геометрия -7-11 сынып материалдары бір кітапқа топтастырылғандықтан салмағы біршама, көлемі қомақты оқулық болды. Оқушы әлі өзі оқымайтын 3 сыныптың кітабын тағы үш жыл бойы арқалап жүрді. Санитарлық талапқа қайшы келетіндіктен, әрі Кеңестер Одағы ыдырған соң, өз оқулықтарымызды жазу қажеттілігі туындады. Геометрия оқулығын әр сыныпқа бөліп, жұқа-жұқа кітап түрінде шығаруға үлес қосқан авторлардың негізгісі Жеткербай Қайдасов:

«Оқулық жазу оңай емес. Кез келген білімді адам оқулық жаза алмайды. Ол анық. Себебі оқулық мазмұны сол пәнге негіз болған ғылымның заңдылығына ғана сүйеніп, жазылмайды. Оқулық жазу идея мен тұжырымның дидактикалық тұжырымның тоғысуынан туатын ғылыми жұмыстың ерекше бір түрі. Сондықтан оқулықтарды бір адам жазбайды. Талап бойынша оқулық жазатын авторлар құрамына сол саланың маманы, орта мектепте сол пәннен дәріс беретін тәжірибелі ұстаз бен методист ғалым міндетті түрде кіреді», - дейді.

Жеткербай Қайдасов 1987 жылы диссертациясын қорғаған екен. Содан 1990 -91 жылдары оқулық жазуға ең алғашқы ұмтылысын жасайды. Сол кезде Белорусияның белгілі ғалымы Рогановскиймен бірлесіп, оқулық жазуды қолға алмақшы болып келіседі. Кейін Кеңестер Одағы ыдырап, арадағы байланыс үзіледі де, бұл әрекеттері аяқсыз қалады. 2003 жылы қалалық білім бөлімінің тапсырысымен эксперимент ретінде дарынды балалар мектеп интернатының 7-8 сыныбына арналған оқу құралын жазады. Кейін 2005 жылы республикалық деңгейде оқулық жазу туралы ұсыныс түседі. Сөйтіп, жалпы білім беретін мектеп үшін 7-11 сыныптарға арналған геометрия оқулығын жаза бастайды.

- Қайдасов, Гусев, Қағазбаева авторлығымен жазылған жалпы білім беретін мектептің 7-8 сыныптарына арналған геометрия оқулығы 2006 жылы Мектеп баспасында басылып шықты. Бір оқулық жазу үшін үлкен еңбек керек. Себебі тек оқулықты жазып қана қоймайсың. Біріншіден, оны екі тілде, орыс және қазақ тілінде жазасың. Артынан оны өзбек және ұйғыр тіліне аударады. Әр оқулыққа қосымша мұғалімге қажет оқу-әдістемелік нұсқаулық пен бақылау және өзіндік жұмыстар жинастырылған дидактикалық материалдарды жазасың. Оқушы мен мұғалім бірдей қолданатын есептер жинағы және бар.

Мұны оқу-әдістемелік кешен деп атайды. Оны жазбасақ, бұл оқулық баспаға қабылданбайды. Биыл сол біз жазған оқулық толықтырылып, үшінші басылыммен шығып жатыр, - деп оқулықтың үш басылымға шыдауының өзі сапасын көрестеді деп атап кетті. - Кейбір сын айтушылар, кітапта есеп аз деп сынап, өздері екі бағытты шатастырып айтады. Және біз арнайы мектептер үшін емес, жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық жаздық. Гуманитарлық мамандықты таңдағандар үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтитын геометрия оқулығы 34 сағатқа есептелген. Ал инженер, математик, физик болам деген жаратылыстану-математикалық бағыт - 68 сағат.

Есеп саны сабақтың сағатына сай болды. Министрлік бекіткен бағдарламада барды жазамыз, - деген ол геометрия оқулығының материалдарды беруде безендіру жағына мән беріп, алғаш рет кітаптың ішіне бояу енгізген де өзі екенін айтты. Және оқулық ішіне өз еліміздің көрнекі жерлерін, реті келген жерде мәселен, шар, сфера тақырыбына сәйкес Бәйтеректің, Пирамида суреттерін салып, есепке қолданған.

Қазіргі оқулықтарға қойылар талап күрделі

Оқулық жазатын авторлар алдына 3 талап қойылады.



1. Оқулықта берілетін материалдар. Бұл - басты талап. Себебі материалдарды дұрыс таңдап, оларды орын-орнына дұрыс қоя білу балалардың біліміне, сөздік қорының, тілінің дамуына игі ықпал жасайды. Ал материалдарды қалай өту, түсіндіру, қызғылықты өту – мұғалімнің міндеті.
2. Оқулықты безендіру ісі. Дұрыс безендірілген оқулық балалардың кітапқа деген қызығуын арттырып, түрлі медициналық-гигиеналық талаптарға жауап береді.
3. Дидактикалық. Оқулықта берілетін материалдар балалардың оқуға деген қызығуын оятуға түрткі болуы шарт. Оны жетілдіруде мұғалімдердің алатын орны ерекше, сондықтан сабақта түрлі әдістер қолдану арқылы оқулықтың көмекші серіктерін (кестелер, диктант, шығарма, мазмұндама жинақтары, сызбалар мен түрлі көрнекілік құралдар, т.б.) дұрыс пайдалана отырып, сабақты өту керек. Және оқулық жазатындай жинақтаған материалдарының мол қоры, білімі, және шығармашылық шеберлігі болуы керек. Өркениетті елдердің өзінде жаңа оқулықты құрастырып, басы шығаруға дейін, шамамен, бес жылдай уақыт кететін көрінеді.

Бүгінгі заманғы мектеп үшін оқушыға ғылым негізін меңгертумен қатар, оны алған білімін өмір кәдесіне жаратуға баулитын жаңа бітімді оқулық қажет. Бұл оқулықтар идеологиялық, дидактикалық, эстетикалық, психологиялық, логикалық, тілдік, әдістемелік, полиграфиялық, экономикалық негізгі талаптарға сай болуы керек. Дегенмен, біз де әсіресе геометрия пәні оқулықтарын сол талапқа сай шығарғанмен де, оқытуда көптеген кемшіліктерге жол беріліп жатқаны шындық.



Жеткербей Қайдасовтың айтуынша, 7-8-9 сыныптарда геометрия пәні жақсы оқытылады. ҰБТ енгізілгелі бері, 10-11 сыныптарда геометрия тек сабақ кестесінде ғана тұратын болды. Сабақ оқытылмай, орнына ҰБТ тестеріне дайындық жүргізілетінін жасыра алмайтын шындық. Одан қалды, бұл пәнді оқытқанда қолданбалы жағына мән берілмейді. Жер өлшеу деген сөзден шыққан геометрия пәнінен алған білім оқушының өмірінде керек. Мысалға, үй салған кезде ауданды есептеп шығару, құйған фундаменттің, құрастырған шатырдың диагоналін есептей білудің маңызы зор. Пәнді оқығанмен, өмірде кәдесіне жарата алмай жататындар баршылық.

Бақыт Жаншаева, Ақтобе
.
Просмотров материала: 3 600

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 282 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 787 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 377 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 429 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 737 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 515 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 882 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 057 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 213 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 074 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 443 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 064 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 881 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 885 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031