30 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәрзияның құдыреті

10 ноябрь 2016, 20:37
Өнер адамдарын басқа әлемнен келген қонақтардай қабылдайтынымыз бар. Күнделікті тұрмыста өз қылықтарымен басқаларға түсініксіз көрінеді. Олар жүрек түкпіріндегі құпиясын, арман-тілегін өз туындылары арқылы сыртқа шығарады. Сөйтіп, әр адамның жүрегіне жылылық, мейірбандылық дәнін себеді. Ізгілікке өнерімен, ісімен тәрбиелейді.

Өнерлі адам - өрге жүзеді

Өкінішке орай, ондай ізгілік жаршылары өнер адамдарымыз деп, түрлі марапат-мақтауларға ие болып, атақ-даңққа бөленіп жүргендерінің ішінде өте сирек кездеседі. Және сол сиректерді өзіміз де тап басып, тани алмай, бағалай алмай жатамыз. Соның кесірінен саф алтындар тот басып, бір бұрышта елеусіз қалып қояды.

Ия болмаса, танылып келе жатқан кезде, даңғазаға еріп, бойындағы асылды сақтай алмай, ақыр соңында бағасын түсіріп алатын таланттар да болады. Ал ақтөбелік суретші Мәрзия Жақсығарина - өз өнерінің құдыретімен еліне ерен еңбегі сіңген, солай екенмін деп міндетсінбейтін өнер иесі .
Өнердің тәрбиелік сипатына мән бергендер

Ең алғаш Мәрзия өз жолдасымен Ойыл ауданында 2000 жылдары өнер мұражайын ашамын дегенде, қатты таң қалғанмын. Себебі алыстағы ауылда мұражай ашу үшін, неше айлап, үйлерін көрмей, бар қаражаттарын соған жұмсаған адамдарды көзіммен көргенде, «халқын сүйетін де мұндай адамдар бар екен ғой» деп ерекше сезімге берілген едім.

Мәрзия Жақсығарина мен Әнуар Өтеген Тана сол мұражайға тек өз туындылары ғана емес, атақты суретшілердің елдің қолына түсе бермейтін, баға жетпес 300-дей шығармаларын сол мұражайға сыйға тартты. Егер бас пайдасын, баюды ойлаған адам болса, сол картиналарды сатып, қалтасын қомақты қаражатпен қомпайтар еді. Тұрмыс тауқыметін көрмей, шылқып өмір сүрер еді.

Олар:
—Ауылдың балалары да өнерді сүйіп, жан-жақты дамып жетілулері керек. Адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындап өскен баладан ұлы тұлға шығады. Ауыл-алтын бесігіміз дегенді айтамыз, ауылға көңіл бөлмейміз. Бұл-біздің ауылымызға қосқан үлесіміз,салған инвестициямыз. Ауылдағы талантты, талапты балалрға сыйымыз,-деген еді.
Өнердің танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипатына ерекше мән беретін осындай жандардың барлығына қалай сүйсінбейсің. Және Олар «біз сүйтіп едік»,-деп жар салмады.

Мәрзияның адами болмысы

Мәрзия Жақсығарина - Италия, Испания елдерінде көрмелерін өткізіп, экслибрис саласындағы майталмандарды тәнті етіп жүр. Халықаралық каталогтардан есімін кездестірген сайын, жүрегімді мақтаныш кернейді. Москвада Қызыл алаңда өзінің жеке көрмесін өткізген алғашқы қазақстандық экслибрисші. Алайда, сол еңбегін,сол атақтарын алдына салып, кеудесін соқпай, өз ісін тындырып, шәкірттеріне дәріс беріп келеді.

Мәрзияның адами болмысын ашатын және бір жәйтті көпшілік біле бермейді. Ақтөбе қаласындағы желдің өтінде жан-жағы қаңырап тұрған, жаңадан салынған үйдің айналасына өз ақшасына теректің 300-ден астам шыбығын сатып алып, жалғыз өзі отырғызып шықты және оны суарып, күтіп баптады. Мықшыңдап шұңқыр қазып, тал егіп жүрген әйелді көрсе де, сол үйдің тұрғындарының өздері, қол ұшын созып, көмектесуге шықпады. Үкіметтің жұмысын жасап жүрген адамдай көрді. Қайта менің тереземнің түбіне таман егіңізші деп, терезелерінен қарап тұрды. Жаз бойы суарып жүргенде қол ұштарын бермеді.

Соны айтқанымда:
- Ертең теректер өсіп, мына үйді желден, шаң-тозаңнан қорғайды. Мен қаламның жап-жасыл болып тұрғанын қалаймын. Мен шықпасам, кім шығады. Осы әрекетім арқылы, сөзбен емес, ісіммен адамдардың санасына әсер еткім келеді,-деп жауап берген еді. Қазір сол үй жасыл желекке оранып тұр.

Бақыт Жаншаева, Ақтобе







«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымдар байқауы
Просмотров материала: 2 868

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 201 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 825 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 319 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 378 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 741 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 761 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 819 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 124 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 816 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 006 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 627 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 655 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 434 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 287 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 877 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 624 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 444 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 315 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 002 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 325 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 226 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 715 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 647 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 299 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 992 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 114 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 414 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031