8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте "3-Электроорталық" АҚ-ның құжатына қайтыс болғандар да қол қойған

Шымкентте "3-Электроорталық" АҚ-ның құжатына қайтыс болғандар да қол қойған Шымкенттегі көпқабатты үй тұрғындары мен коммуналдық қызмет арасында дау туындады. Баспана иелері «3-Энергоорталық» АҚ таратқан түбіртек бойынша төлем жасаудан бас тартып отыр. Өйткені, тұрғындардың айтуынша, төлем жасауға негіз болатын коммуналшылармен арадағы келісім шарт «қолдан жасалған жалған құжат». Олай дейтіні былтыр жасалған келісімге баяғыда қаза болғандар қол қойған. О дүниеден келген құжат төңірегіндегі тартысқа біз де куә болдық,- дейді Отырар телеарнасының тілшілері.

Қаламыздағы Уалиханов көшесі, № 225 үйдің тұрғындары «3- Энергоорталықтан» келген түбіртек бойынша ақша төлеуден бас тартып отыр. Айтуларынша тілдей қағазда атқарылмаған жөндеу жұмыстары үшін тұрғындар төлем жасауға міндеттелген. Ал, үйдің жертөлесіндегі тесілген құбырлар мен жылу қондырғыларын бүгінге дейін пәтер иелерінің өздері жұмысшы жалдап ауыстырып отырған.

Рима Шмелева, тұрғын: «Естерінен адасқан болар. Неткен сауатсыздық бұл? Менің жеке коммуналдық қызмет түріне ауысқаныма 6 жылдан асты. Жылуды да бөлек төлеймін. Жертөлеге менің үйімдегі құбырлардың қатысы жоқ. Менің атымнан қол қойыпты. Жеке куәлігімнің нөмірін де ойларынан жазған».

Түптеп келгенде, тұрғындар жертөледегі құбырларға қызмет көрсету туралы келісім шартты «жалған» деп отыр. Өйткені онда баспана қожайындарының атынан әлдебіреулер қол қойып жіберген. Ол ол ма, былтыр жасалған келісім-шартқа өмірден баяғыда өтіп кеткендердің де қол қойғаны анықталды.

Светлана Мұрзаева, тұрғын: «Мынау жалған құжат. Анам екеуміз көрші тұрамыз. Екеуміздің атымыздан да қол қойыпты. Жеке куәліктің нөмірі де сәйкес келмейді. Тіпті осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болғандардың да қолын қойып жіберген. Ал мынау құжат 2012 жылы түзілген. Сонда ол көрден келіп қол қойған ба?».

Жертөленің кілті қалтасында жүретін тұрғынның айтуынша осы уақытқа дейін жертөледе жөндемек түгіл тексеріп келген адам болмапты. Төлем түбіртектерін жіберіп отырған “3-Энергоорталық” АҚ басшылығы көпқабатты пәтерлерге жөндеу жұмыстарын жиі жүргізетінін айтады. Ал, келісім-шартты оларға әкімдіктен әкелетін болып шықты.

Сайлаубай Жақыпов, “3-Энергоорталық” АҚ Бас директорының орынбасары: «Хаттама түзілген соң, олар бізге келісім -шарт әкеліп береді. Әкімшіліктің адамдары. Келісім-шарт әкеліп бергеннен кейін біз тағыда басқа қызмет жасайтын ЖШС-лармен бірге келісім-шартқа тағы отырамыз. Солар бізге жөндеу жұмыстарын атқарып береді”.

Аталған құжатқа қол қойған Еңбекші ауданы әкімдігінің бас маманы бұл жәйттен мүлдем бейхабар болып шықты. Қойылған қолдың әрқайсысын тексеруге уақыттың тарлығын тиек еткен шенеунік «Менің жұмысым тек қол қою» дегеннен әріге аса алмады.

Нұрлан Бектұрсынов, Еңбекші аудандық әкімдігінің бас маманы: «Мен енді оны қазір айта алмаймын, почему, потому что мен өзім жүрген жоқпын ғой, мен бүткіл үйлерге жүре алмаймын. Беріп жібереміз, бізге алып келеді. Былтыр бір мектептің мұғалімдері еді, солар бізге жәрдем берген по-моему солар алып келген. №44 мектеп еді».

Айналып келгенде, әдеттегідей бәріне қол жинау науқанының «қара жұмысшысына» айналған мұғалімдерді кінәлайды атқамінерлер. Ал, құжатты жалған деген тұрғындар енді оны қолдан жасағандарды табу үшін сотқа жүгінбек.
Просмотров материала: 1 879

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 695 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 505 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 160 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 189 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 934 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 081 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 251 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 094 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 025 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 120 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 954 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 826 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 652 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 796 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 937 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 973 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 702 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 708 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 552 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 392 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 592 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 103 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 430 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 675 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 019 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 431 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 409 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 450 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 393 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 627 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 769 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30