17 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бірлікбай Есжанов Есжанұлының 70-жасқа толуына байланысты республикалық конференция

16 февраль 2015, 22:56
Бірлікбай Есжанов Есжанұлының 70-жасқа толуына байланысты республикалық конференция әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 2015 жылдың 5-мамырында ұлағатты ұстазы, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Есжанов Бірлікбай Есжанұлының 70-жасқа толуына байланысты республикалық конференция өткізеді.

Өмір өткелдерінен қысқаша үзінді

Есжанов Бірлікбай Есжанұлы 1-мамыр 1945 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Көк өзек елді мекенінде дүниеге келген. 1952 жылы Көкжиде ауылындағы 80 жылдан аса тарихы бар «Қызыл ту» жетіжылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға барып, оны 1959 жылы үздік бітіріп, мақтау қағазымен марапатталды. Ары қарай оқуын жалғастыру үшін ол аудан орталығы Бақанас селосындағы орта мектептің 8-сыныбына оқуға қабылданып, 1963 жылы осы мектептің 11-сыныбын бітіріп, орта білім туралы ерекше үлгідегі аттестат алды. Оқуда, еңбекте үздік жетістіктері және үлгілі тәртібі үшін ол күміс медальмен (аттестат КН №002314 30-шілде 1963 жылы берілген) марапатталды.

Мектеп бітірген соң комсомолдық жолдамамен ауданда ауылшаруашылығын көтеру үшін «Ақкөл» совхозының комсомол-жастар бригадасының құрамына жіберілді. Бұл совхозда 1964 жылдың тамыз айына дейін шаруашылықтың әртүрлі саласында түрлі жұмыстар атқарды. Осы жылы барлық емтихандарды ойдағыдай тапсырып (тиісті 15 ұпайдан 14 ұпай жинап) Қазақ мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану-география факультетінің («биология-химия» бөлімі) 1-курсына оқуға қабылданды.

Сол кездегі талап бойынша осы жылдың қараша айында Есжанов Б. отан алдындағы әскери-азаматтық борышын атқару үшін Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, 1967 жылдың қазан айына дейін алдымен Саратов қаласында, кейіннен Пенза облысының Кузнецк қаласында қатардағы жауынгер-сержант құрамында әскери қызмет атқарды.Әскери және саяси дайындықта қол жеткен жетістіктері үшін ол қысқа мерзімді демалысқа және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жеңісіне XX жыл» медалымен марапатталды.

Әскери қызметін аяқтаған соң, жоғары оқу орнында білімін жалғастыру үшін ол қайтадан оқуға қабылданып, институтты 1972 жылы бітіріп, ерекше үлгідегі диплом (диплом О №068560, 30.06.1972 ж. берілген) алды. 1969/1970 оқу жылы Б.Есжановқа курс, факультет және институттағы қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін (курс комсоргы, факультет комсомол комитетінің оқу-ғылыми жұмыстары секторын басқарды, қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің мүшесі) және ғылыми жұмыстардағы жетістіктері әрі үздік оқуы үшін ( 3 жылда бар-жоғы бір «4» деген баға алған) оған Ленин атындағы арнайы стипендия тағайындалды, бұл шәкіртақыны ол институтты бітіргенше алды, ал 1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалымен марапатталды.

Институтта оқыған жылдары ол ауыл шаруашылығы жұмыстарына белсене қатысып жергілікті тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту аудандық комсомол комитетінің Мақтау қағазымен және студенттік құрылыс жасағында студент жастармен отрядтың комиссары ретінде атқарған жұмысы үшін Алматы облыстық комсомол комитетінің Мақтау қағазымен, сонымен қатар оқудағы табысы және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласы бұрынғы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің Мақтау қағазымен марапатталды.

Факультеттің Ғылыми Кеңесінің ұйғаруымен ол осы институттың зоология кафедрасында оқуын ары қарай жалғастыру үшін аспирантураға қалдырылды және 1972 жылы «Зоология» мамандығы бойынша аспирантураға түсті, алғашқы 1,5 жылда «Ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының эколого-морфологиялық ерекшеліктері» атты тақырып бойынша жұмыс жасады.

Бірақ әртүрлі объективті және субъективті жағдайларға байланысты Б.Есжанов басқа мәселемен, атап айтқанда, Қазақстанның әлі де игерілмеген құмды –шөлді аймақтарының (Қызылқұм, Мойынқұм, Оңтүстік Балқаш өңірі – Тауқұм, Сарыесік-Атырау) зиянды (түрлі індеттер тарататын) және кәсіптік маңызы бар, биологиясы мен экологиясы зерттелмеген кеміргіштерімен айналысты. Қысқа мерзім ішінде ол осы кеміргіштер туралы далалық материалдар жинап, ғылымға тіршілігі мәлім емес кіші құмтышқаны, шөл қосаяғының морфологиясы мен экологиясы жайында 3 мақала жариялады (1975).

Аспирантураны аяқтаған соң Б.Есжановты Қазақ ССР Жоғары және арнайы білім беру Министрлігі А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтына (Орал қаласы) жолдамамен қызметке жіберді. Бұл институтта ол Зоология және биологияны оқыту методикасы кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды.

«Омыртқасыздар зоологиясы», «Омыртқалылар зоологиясы», «Биологияны оқыту методикасы» пәндерінен дәріс оқыды және әртүрлі арнайы курстар мен практикумдарды («Таксидермия негіздері», «Тірі табиғат бұрышында жұмыс жасау методикасы», «Мектеп жанындағы учаскеде жұмыс жасау методикасы», «Көрнекі құралдар дайындау методикасы») жүргізді. Бұл айтылғандардан басқа ол студенттердің педагогикалық практикаларына (Орал, Ақтөбе қалалары және Орал облысының аудандарының мектептерінде) басшылық жасады.

1979 жылы Алматы қаласында орналасқан Қазақ ССР Ғылым Академиясына қарасты Зоология институтының сүтқоректілер зертханасына кіші ғылыми қызметкердің орнына Республикалық конкурстан өтіп, жұмысқа қабылданды. Осы лауазымда 1987 жылға дейін қызмет атқарды. Бұл уақытта ол шөл сүтқоректілерінің (қарақұйрық, түлкі, шиебөрі, құм қояны, тараққұйрық, кіші құмтышқаны, қосаяқтар және т.т) экологиясы мен этологиясын зерттеді, Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияға бұру мәселерімен айналысқан Бүкілодақтық Бағдарламаларға белсене қатысты, сонымен қатар ақбөкеннің Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық популяцияларының жағдайларын бақылау үшін жер бетінде және ұшақ-тікұшақтармен санақ жұмыстарын орындауға атсалысты. Осы жылдары құм қосаяғының әлі ғылымға белгісіз жақтарын зерттеп, тұңғыш рет оның қысқа мерзімде екі мәрте көбейетіндігін ғылымға паш етті.

1987 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Зоология институтының аттестациялық комиссиясы Б.Есжановты көп жылғы ғылыми жұмыстарға сіңірген еңбегі үшін ғылыми қызметкер лауазымына жұмысқа жоғарылатты. Осы жылдан бастап ол жартылай су жануарларының (ондатр, құндыз, жұпар) экологиясы мен этологиясын зерттеуге кірісті. Ондатрды қолда және жартылай қолда өсіру технологиясымен айналысты, Балқаш-Іле суалабындағы ондатр санына жайын балығының тигізетін әсерін зерттеді. Бұл зерттеулер Одақ бойынша жүргізілген ең алғашқы жұмыстар еді.

1990 жылы ССРО Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесінің Биология институтында (Новосібір қаласы) «Қазақстанның шөлдеріндегі құмсүйгіш кеміргіштердің экологиясы« тақырыбы бойынша диссертация қорғады. Бұл диссертацияға Одақтың әртүрлі ғылыми орталықтарынан (Мәскеу, Ленинград, Киев, Саратов, Свердловск, Ташкент, Иркутск, Ашхабад, Фрунзе және басқада қалалардан) 20-дан аса оң пікірлер(ғылым докторлары, академиктер) түсті. Барлық пікірлерде Б. Есжановтың зоология ғылымының дамуына қосқан үлесін өте жоғары бағалады және биология ғылымдарының кандидаты дәрежесі (КД №021481, Москва қаласы) бірауыздан берілді.

1991-2001жылдары ол Институтта аға ғылыми қызметкер, ал 1994 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шақыруымен әрі оқытушылық жұмыспен айналыса бастады.

1991-1993 жылдары республикалық телеканалда ол «Біз және табиғат», «Бақыт құсы» Бағдарламаларын жүргізуде көп жұмыс атқарды, ал 1995-1997 жылдары Республикалық деңгейде жарияланатын «Зерде» журналының беттерінде «Дуадақ», «Елік» атты экоклубтарды басқарды.

1996 жылы ғылыми және педагогикалық жұмыстарда сіңірген еңбегі үшін Жоғарғы аттестациялық комиссия оған «Биология» мамандығы бойынша доцент атағын (ДЦ №0002087) берді.

Есжанов Б. 1993-1994 жылдары биоалуантүрлілік бойынша Дж.Сорос атындағы қордың халықаралық конкурсының, 1996 жылы INTAS халықаралық қорының («Қазақстанда тоғай бұғысын қайтадан қалпына келтірудің экологиялық және физиологиялық негіздері»), 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Ғылым қорының («Қазақстанда жұпарды сақтап қалудың биологиялық негіздері») жеңімпазы.

Осы жылдары ол кәсіптік маңызы бар (таутеке, елік, доңыз) және сирек кездесетін (құлан, арқар, қарақұйрық) түрлердің «Алтынемел» ұлттық паркіндегі және Орталық Қазақстандағы жағдайларын білу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Американың географиялық қоғамының тапсырысы бойынша Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған «ТМД елдеріндегі бессаусақты қосаяқ» экспедицияның құрамында Қазақстан жағынан бірден-бір қатысушы (2000 ж.) және NHK жапондық телекомпания түсірген «Қазақстандағы ақбөкен» ғылыми-көпшілікке арналған телефильмді түсіруге қатысушылардың әрі кеңесшілерінің бірі (2001) болды.

Б.Есжанов 20-дан астам Халықаралық (Финляндия, Германия, Оңтүстік Африка республикасы), Одақтық (Мәскеу, Свердловск, Нүкіс, Ташкент, Ашхабад, Новосібір, Нальчик және т.б.), республикалық конференциялар, симпозиумдар мен съездерге қатысқан.

Оның жетекшілігімен 2 кандидаттық және 3 магистрлік, 8 дипломдық жұмыстар қорғалған.

Есжанов Б. 1994 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазіргі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында (бұрынғы зоология және ихтиология, зоология және гистология) доцент, профессор міндетін атқарушы болып қызмет атқарады. Ол «Омыртқалылар зоологиясы», «Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі», «Жануарлар экологиясы», «Жануарлар мінез-құлқы», «Топырақ зоологиясы», «Биоиндикаторлық түрлер», «Жалпы ихтиология», «Ихтиогеография», «Су қоймаларының мониторингі», «Балықтардың биологиясы мен экологиясы», «Медициналық териология», «Ауылшаруашылық зиянкестерінің экологиясы», «Сирек кездесетін жануарларды қорғау», «Қазақстан биоресурстары», «Суқоймаларының экологиялық сараптамасы» және т.б. пәндерден дәрістер оқиды. Оның алдынан дәріс тыңдап, зертханалық жұмыстар орындаған «Биология (ғылыми), Биология (педагогикалық), Экология, Биотехнология, Ихтиология және гидробиология, Балық шаруашылығы, Аң шаруашылығы, Орман шаруашылығы» мамандықтары бойынша жоғары білім алған жас мамандар тек республикада ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде де абыроймен қызмет жасауда.

Халықаралық, Одақтық, республикалық басылымдарда Б.Есжановтың 330-дан астам жұмысы жарық көрген. Соның ішінде: 3 монография («Қазақстан сүтқоректілері», 1995 және 2-ұжымдық ); 6 терминологиялық сөздік (Русско-казахский словарь зоологических терминов, 1997; Қазақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық сөздік (Биология; Экология, 2000); Қазақша түсіндірме сөздік (Биология, 2002) және Биология мен Экология ғылымдары бойынша жазылған қазақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер (толықтырылып, өңделіп, жаңадан шығарылған, 2014) бар. Ғылыми мақалалардың 6-ы ағылшын, неміс тілдерінде, 50-дан астамы мемлекеттік тілде жарық көрген. Сонымен қатар, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында жарияланған 89 ғылыми мақаланың авторы және 6 авторлық куәліктің иегері,

Б.Есжанов Жоғары оқу орындарында оқитын бакалаврлар, магистранттар және докторанттарға арналған 14 оқулықтың авторы. Олар: 1-Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 2-бөлім (Амфибиялар мен Рептилиялар), Алматы, 2005; 2-Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 3-бөлім (Құстар), Алматы, 2006; 3-Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөлім (Сүтқоректілер), Алматы, 2007; 4-Омыртқалылыр зоологиясы. 1-бөлім,Алматы, 2007; 5-Омыртқалылыр зоологиясы. 2-бөлім,Алматы, 2007; 6-Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері. -Алматы, 2009; 7-8 - Қазақстан құстары мен аңдарының биологиясы.-Алматы, 2009; 2011; 9-Жалпы териология.-Алматы,2010; 10-Жануарлар алуан түрлілігі. Алматы, 2012; 11-Орнитология. Алматы, 2012; 12-Териология. Алматы, 2012; 13-Жеке даму биологиясы. -Алматы, 2012, 14-Зоология. 2- бөлім. Омыртқалылар зоологиясы. -Алматы, 2014.

Осылармен қатар, ол 40-қа жуық оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың авторларының бірі. Осы сияқты ол өзінің әріптестерімен бірге жалпы білім беретін мектептерде «Экология» пәнінен факультативтік сабақтар жүргізуге арналған оқу құралдарының, әдістемелік құралдардың және жұмыс дәптерлерін құрастырған. Алматы, Қаскелең қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының ғылыми жобаларына кеңесші болған (мысалы, №159 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы Көпбаев Ғалымжан, №149 мектептің оқушысы Абсатар Аружан, Қаскелең қаласындағы Байжанов атындағы мектептің оқушысы Кульмагамбетов Еламан және т.т). Бұл оқушылар әртүрлі деңгейде үздіктер атанған.

Қазақ және орыс тілдерінде түрлі баспа беттерінде (республикалық «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Айқын», «Экокурьер» және т.б. облыстық, аудандық және қалалық газеттерде) Қазақстанның биолог-ғалымдары, республикадағы жануарлар әлемінің жағдай жайында, оқу үдерісін ұйымдастыру туралы жазылған мақалалардың авторы. Сонымен қатар «Қазақстан», «Хабар», «Мир» сияқты республикалық және халықаралық телекомпаниялардың бағдарламаларында Қазақстан жануарлар әлемінің қазіргі жағдайлары, Ерекше қорғалатын аймақтар, Қызыл кітаптар және т.т. жайында хабарларға белсене қатысқан.

Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда сіңірген үлкен еңбегі үшін Бірлікбай Есжанұлына Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы «Саңлақ автор» деген атақ беріп, ол Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медалмен марапатталған (2010 ж.) және 2012 жылы жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медалмен марапатталды.

2012 жылы желтоқсан айында Б.Есжановқа Ресей Жаратылыстану Академиясының президиумының шешімімен профессор атағы (диплом №5722, 20 желтоқсан 2012 ж., Мәскеу қ.), ал 2013 жылдың ақпан айында оған «Ғылым мен білім саласына еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағы (куәлік № 01490, хаттама №386, 21 қаңтар 2013ж) берілді.

Ол осы аталғандармен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Қазақстан Республикасы мемлекетінің Қызыл кітап бойынша республикалық комиссиясының тұрақты мүшесі, Алтынемел ұлттық табиғи саябағының ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі, Алакөл мемлекеттік қорығының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Алматы филалының қоғамдық басшысы, Биология және биотехнология факультетінің «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі және т.т.

Б. Есжанов көрнекті ғалым әрі педагог болуымен қатар үлгілі жанұя иесі, 3 ұл-қыздың әкесі, 6 немеренің атасы.


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты Сатыбалдиева Г.К. және аға оқытушы Орманова Г.Ж.
Просмотров материала: 11 874

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 95 300 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 95 121 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 95 085 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 95 021 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 95 017 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 645 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 385 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 417 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 948 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 102 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 13 261 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 403 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 542 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 445 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 173 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 356 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 651 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 148 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 188 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 161 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 125 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 801 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 860 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 204 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 445 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 935 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 020 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 924 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 160 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 290 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031