13 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15 январь 2015, 21:51
Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында өңірлік және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты ел экономикасы мен қаржы саласындағы ахуал қаралды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды.

– Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл соңында Үкіметке оқиғаның түрліше нұсқада өрбуінің сценарийлерін әзірлеуді тапсырғанын, ондағы басты міндет экономиканың өсім қарқынын төмендетпеу және негізгі әлеуметтік төлемдерді сақтау екенін еске салды.

– Бюджеттің күрт қысқаруы себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келеді. Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті жағдай осылай өрбитінін еліміздің болжағанын және жағымсыз құбылыстарды еңсеру үшін тиісті шаралар әзірленгенін айтты.

– «Нұрлы жол» бағдарламасы елдің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға бағытталған, оның бүкіл экономикаға мультипликативтік әсері болады. Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 75 нысан іске қосылуы тиіс, олардың негізінде 7500 жаңа жұмыс орны құрылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларының байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты.

– Атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жәрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек. Басты міндет – дағдарыстан қарапайым адамдардың жапа шекпеуін қамтамасыз ету. Мемлекет сауын сиыр емес, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда күрделі үрдістерді еңсеруге мүмкіндік беретін қажетті резервтің бәрі бар екенін атап өтті.

– Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 2014 жылды 4,3 пайыздық өсіммен аяқтадық. Бұл қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес деп ойлаймын. Ресейдегі және Еуропадағы ахуалдың өрбуін де бақылап отыру қажет. Халық табысының төмендеуі, көрші мемлекеттердегі әлеуметтік шиеленістің күшеюі бізге де әсер етуі мүмкін. Біз бұған жол бермеуге тиіспіз. Жылдың негізгі қорытындыларын біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында шығарамыз. Ол кезге қарай Үкіметте ахуалдың өрістеуінің барлық ықтимал жағдайына арналған нақты жоспар дайын болуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ел ішіндегі маңызды жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қаржыландырудың негізгі көздері былтырғы жылы-ақ айқындалғанына тоқталды.

–Үкімет пен оның әрбір мүшесі жұмыстың тиімділігі мен қаражаттың жұмсалуын бақылауға жауапты болады, – деді Мемлекет басшысы.

Ұлттық экономика министрі Е.Досаев негізгі үш сценарийді әзірлеу барысында мұнай баррелі құнының түрліше нұсқасы қарастырылғанын айтты.

– Бүгінде Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін жүзеге асыруға қажетті барлық құралдар бар. «Нұрлы жол» бағдарламасы биыл Үкіметтің контрциклдық экономикалық саясатын іске асырудың негізгі «өзегі» болады. Сонымен қатар, практикалық сипаттағы шаралар жиынтығы, соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспары, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту, жаңа және тұрақты жұмыс орындарын ашу шаралары әзірленді, – деді Е.Досаев.

Өз кезегінде қаржы министрі Б.Сұлтанов бюджет саласындағы былтырғы жылдың алдын ала қорытындылары, фискальдық органдар алдында тұрған 2015 жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

– 2014 жылдың нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджеттің өлшемдері орындалды. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында бөлінетін қаражат және Ұлттық қордан алынған 1 триллион теңге көзделген мақсатқа жетеді. Бұл орайда бақылаушы және салық органдарының жұмысы қамтамасыз етіледі, – деді Б.Сұлтанов.

Ұлттық банк төрағасы К.Келімбетов өткен жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы баяндады.

– 2014 жылы Қазақстан экономикасының беріктігі едәуір нығайды. Елдің алтын-валюта резерві 102 миллиард долларға жетті, соның ішінде Ұлттық қор 73 миллиард долларға дейін өсті. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырумен бірге алғанда, бұл 2015 жылға арналған экономикалық саясатты сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық банк биыл айырбас бағамының күрт өзгеруін болдырмауға ниетті, – деді К.Келімбетов.
Просмотров материала: 1 979

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 190 603 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 190 156 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 189 708 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 189 754 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 190 088 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 088 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 473 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 807 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 948 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 401 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 534 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 352 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 187 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 529 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 429 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 118 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 525 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 279 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 229 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 064 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 904 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 190 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 126 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 625 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 309 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 946 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 212 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 581 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 966 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 913 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 989 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 948 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 162 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 312 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031